Дәріс: ДӘлдік және мергендік қабілетін дамытатын ұлттық ойындар (мәселелі). Дәріс мақсаты



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі281,25 Kb.
#128040
1   2   3   4   5   6   7
Үш табан ойыны
Бұл ойын бірде, «кетсін бір» деп те аталады. Бұл ойында әр кім өз үлестерін, мәлім бір көмбе жасап, соған тігіп қояды да, алдымен сақа үйрседі. яғыни, ойыншылардың біреуі барлық сақаларды жинап алып шашады. Сонда екі асық алшы мен тәйкі түсіп, қалғаны бүк, шік түссе, сақалы алшы түскен ойыншы бірінші кезекте, тәйкі түскен ойыншы екінші кезекті алады да, олар өз реттерін сақтап қалып, басқа сақаларды тағы үйреді. Бұл жолы алшы түскен сақа болса, ол үшінші кезекті, тәйкі түскені төртінші кезекті алады. Осылай жалғасты ойнайды. Ал, бірнші жолы үйргенде тек бір сақаға тәйкі түсіп, қалғаны бүк пен шік түскен болса, онда осы түскен тәйкі бірнші кезекті алып үйрлмейді. Сақа үйірсіп, жүріс алынып болған соң ендігі жерде ресми ойын басталады. Онда, бірнші жүріс алған ойыншы көмбеден оқшаурақ жерден сақасын үйпеді. Сонда алшы не тәйкі түссе, сол түскен орынға тізілген асықтарды ату ұқығына ие болады. Егер сақасы алшы не тәйкі түспей, бүк не шік түссе, екінші кезекті алған ойыншы жүріс алып, асық тізілген сызықтың бойында тұрып, алдыңғы ойыншының сақасын атады. Немесе сызықтың қарысынан оған «қабат» айтып сақасын үйреді. Сонда бұл сақа да алшы не тәйкі түссе, алдымен тізілген асықтардың бірін атып, оны үш табан алысқа ұшырып, ұтып алған соң ендігі кезекте бірнші ойыншының сақасын көздейді. Оны да үш табан алысқа үшыра алса, онда бірнші ойыншы ойыннан шегінеді. Екінші ойыншы тізілген асықтарды жалғасты көздей береді. Егер екінші ойыншы «қабат» айтып сақа үйргенде, сақасы алшы не тәйкі тұрмаса, ол қалып ойын кезегін үшінші адамға береді. Ол өзінен кейін ойнайтын адам жоқ болса, ыңғайына қарап алдыңғы екі сақаның біріне «қабат» айтады. Сонда оның асығы алшы не тәйкі түссе, жоғардағы ойыншыларға ұқсас, ойынды жалғастырады. Үш табан ойынында тізілген асықтарды қай жағынан бастап ату ойыншылардың екінде болады. Атқан кезде сақа тиген асық үш табан жерге ұшып кетсе, ұтқан есептеледі де, сол асықты алып, жалғасты асық атады. Егер сақасы көздеген асығына тимесе, тиген күнде де үш табан алысқа ұшпаса, ол ойыншы қалып, сақа тиіп орнынан қозғалған асық әуелгі орнына қайта тігіледі. Ойынның соңына таман мәлім бір ойыншының асығы таусылса немесе таусылмай асық шығарғысы келмесе, онда сақаны ату ойнын бастаса болады. Сақа ату, сол ойыншы сақасын сапасына қарай үш асыққа, бес асыққа,бағалап кентайдың орнына тігіп қояды. Оны атқанда алдымен келісім жасап, кем дегенде бес табан да, жеті табан алысқа ұшыру шарт болады. Егер көзделген ойыншы тігілген сақаны расында жаңағы айтылған межелі алсысқа ұшырып жіберсе, онда сақаны ұтып алады. Ұтылған ойыншы сақасын беруге қимаса, бағана бағалаған асғын соңынан толықтап қайтарса да болады. Егер сақа беруге келіскен болса, онда сақаны береді. Ал, тігілген сақаны ешкім дәлдей алмаса,дәл тигізгенімен алысқа ұшыра алмаса, сақаның иесі ендігі ойын кезегін алады. Үш табан ойынында, ойыншылар әдетте асықты алшысынан, тәйкісінен жане омпы-шомпысынан араластырып тігеді. Егер асықтар түгел алшысынан тігілген болса, оны «қасқыр» деп атап, ойын тамашалаған не ұтылған ойыншы тізілген асықты алып қашады. Қуғанда жеткізбесе сол беті иемденіп кетуіне болады. Үш табан ойнының өспірімдерге арналған қарапайым түрін «табан» деп атайды. Онда сақасын атып, бір ойыншы ойыннан шығару тәртібі болмайды. Әр сақа тиген асық бір табан алысқа ұшса болды.


Бүк-шік
Бұл ойынға қатысушылардың санында шектеме болмайды, онда әуелі мәлім бір жерден көмбе жасап, соған біреу бірден асық тігеді де, қаншалық алыстан атуды өздері белгілеседі. Ойын алдында, асық ойнының басқа түрлерімен ұқсас сақа үйріп, кезек алады. Одан соң бірнші кезек алған ойыншы әуелі белгіленген жерден тігілген асықтарды көздейді. Егер онда сол майданда тігілген асықтарды түгел ұтып акетеді де, басқа ойыншылар тағы бірден асық тігеді. Бірнші ойншы жалғасты ата береді. Егер сақа тигенде бір бүк, бір шік болып түссе, яғни сақасы бүк, тиген асығы шік немесе сақасы шік, тиген асығы бүк болып түссе, онда сақасы тиген сол асықты алады да, сақасы тиген жерден басқа асықтарды жалғасты көздейді. Ал тігілген асықтарға сақасын тигізе алмаса тигізген күнде де сақалы алшы тұрып, жоғарғыдай тізілген асықтарды түгел ұтып кетуге келмесе немесе сақа мен асықтың бірі бүк, бірі шік түсіп, бір асықты ұту орайы болмаса, онда бұл ойыншы қалып, кезек екінші ойыншыға өтеді. Ол асық көздегенде, бірнші ойншының сақасы тізілген асықтардың басынан бастап атады. Ал, бірінші ойыншының сақасы тізлген асықтардың ретін бұзып кеткен болса, онда түрлі ұтыстың біріне келтіріп, ұтып алғаннан кейін барып, тізіліп тұрған асықтарды көздейді. Әр жолы асық атқанда, қалған ойншының сақасы түскен жерінде жатады. Екінші жолы асық ату кезегі келгенде, сақасы жатқан сол орныннан қозғалған асықты не тізілген асықтарды көздейді. Сақаның орнын ауыстыруға немесе қайтадан көмбеге апарып атуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет