Қақпақыл Жастар мен атпал азаматтар бас қосқанда ойнайтын байрғы асық ойндарының бірі. Қақпақыл ойнағанда, ойншылар ең әуелі бір «хан» сайлайды. (бұл кейде, «құсбек» деп те аталады) сонымен ойынға қатысқан адамдар санына қарай (екі адам болса бір орннан, үште төрт адам болса бірі бестен) асық шығарысып, алдымен сақа үйрісіп жүріс кезегін белгілеседі. Ұқсас түскендер болса қайта үйрісіп кезек алсады. Қақпал ойнағанда, ойын бастаушы құдды «бес тас» ойыны секілді барлық асықтарды қолына жинап алып, жоғары қарай лақтырып, бір қолының сыртымен «ханды» тосып, қайта бір қаршып алады. Егер қолының сыртымен тосқан асықтардың ішінде «хан» жоқ болса, онда келісім бойынша әдеттегі асықтардан екі де үш не төрт не бес асық тосып, соны қайтадан қаршып алып, оны «ханға» айрбастайды. Ал, алақанының сыртымен тоса алмаса, тосқан күнде де қайта қаршып ала алмас, ойын қарсы адмға өтеді. Егер «ханды» қаршып алған болса ендігі жерде ойыншы оны ұшырады. Яғни, «ханды» жоғары лақтырып, жерден асық теріп, түсіп келе жатқан «ханды» қайтадан тосып алады. Осылайша бірінші жолы ұшырып, үш асық алады. Егер әуелде қосқан асығы он болса, онда осы үш жолғы алған асығы алты алты болып, қосқан асығының жарымынан асқандықтан, ендігі жерде «хан пысқан» болып есептелінеді. Төртінші рет «хан» ұшырып жалғасты төрт асық алады. Сонымен қолындағы асық онға жетіп, өзі қосқан асықтарды түгел қайтарып акетеді. Оны «өз асығым өзімде,шекей тымақ көзімде» деп атайды. Бесінші рет «ханды» ұшырып бас асық, алтыншы рет тағы бес асық алады. Сонда қарсыласынан он асық ұтып алып, оған он ұпай салған есептеледі. Ойын шартында, ойыншы «ханды» ұшырып жерден асық алған кезде басқа асықтарды қозғап алмау керек. Басқа асықтарға қол тиіп қозғалып кетсе, онда ол қалып, ойын кезегі екінші адамға өтеді. Егер бірінші ойыншы қаладан бұрын «ханды» пісіріп алған болса, енді ойын кезегін алған алған ойыншы оған бір асық беріп, ойынды айырбастап алады. Пыспаған болса, алған асығымды «хан» түгел өткізіп алады. Ал келергі ойын кезегі келгенде алғашқы ойншы «ханжы» пісіріп алып қалған болса, ендігі кезегінде үштіктен жоғары қарай қай жерден қалған болса, ендігі кезегінде үштіктен жоғары қарай қай жерден қалған болса сол қалған жерінен бастап жалғастырады. Ал, үштіктен төмен қалған болса қайта бірліктен бастап ойнайды. Ойыншылар «ханды» ұшырып жерден асық алған кезде, өзіне қолайлы жағынан бастап алуға ерікті. Деседе, алдымен шашыранды түскен асықтарды алып, ханды пісіріп алғаны ең абзал болады. Қақпақыл ойынында, бір ойншының салған ұпайын, ұтылған ойыншы ендігі жүрістен қайтаруға тырысады. Егер келергі кезекте ол ұтқан болса, қарсыласы салған ұпайды одан шегеріп тастайды. Жетпей қалса, кемі өз мойнында тұра береді. Асқаны қарсы ойыншыға салған ұпай болып есептеледі. Осылайша әуелгі келіскен ұпай санына жеткен ойыншы қарсыласынан ұпай алады.
Сасыр Сасыр ойынында ойынға қатысушылар алдымен төрт асықты айрым ұтыс асығы етіп белгілеп алады да, сақа үйріп, түсуіне қарай, алшы-бірнші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші болып жүріс кезегін белгілеседі. Егер сақалары ұқсас түскен болса, тағы үйрісіп жалғасты кезек алысады. Ойын басталғанда, бастаушы таңдап алынған төрт асықты қолына алып үйреді. Бұл төрт асық әр ойыншыға ортақ қолданылады. Әркім қалаған асығын үйре бермейді. Ондағы ұтылу мен ұту, былай айтқанда тіккен асықтарды түгел пісіріп алу мен «сасу» белгілі шарт астында болады. Демек, үйрген төрт асықтың бірі алшы, бірі шік, екеуі бүк түссе, алшы мен шік үшін қарсы жағынан екі асық ұтып алады. Ал, бірі алшы, бірі тәйкі, бірі бүк, бірі шік түссе ештеңе де ала алмайды. Кезек екінші адамға өтеді. Ол асық үйргенде, бір тәйкі, бір бүк, бір шік түссе, онда екі асық ұтылған болып, асығын төлеп, кезекті қарсыласына береді. Ал, үйрген асықтары алшы болмай бірыңғай шік түскен болса, онда асық ұта алмайды. Жалаң алшы түссе, онда асық ұтады. Егер бір алшы, екі шік, бір бүк түссе немесе бір тәйкі, екі бүк, бір шік түссе, онда алшы үшін бір асық ұтқанмен, тәйкі үшін бір асық ұтылып, алмас-бермес болады. Ал, екі алшы мен екі тәйкі қатарынан түссе, онда ұтылыстағы асықтарды бір-ақ алуына болады. Мұның керісінше екі тәйкі мен екі бұк болып түссе, онда «сасиды». «сасығанда» ұтыстағы асық қанша болса, үстіне соншалық асық қосып қарсыласына береді. Егер қарсыласына салған ұпай болса, ол да бірге «сасып» салған ұпай түгел күйіп, асқан артығы қарсы жағына салған ұпай болып есептелінеді. Сасыр ойынының таралған көлемі бір шама кең болғандықтан, оның әр оңірдегі жалпыласқан түрлері де алуан түрлі болады. Мәселен, кей жердерде төрт асық ортақ қолданудан тыс, асық үйрерде ұтысатын асық саны белгіленіп алады. Сонымен үйрілген асық алшы, тәйкі, бүк, шік болып төрт түрлі түссе, қарсыласынан айтылған асығын ұтып алып, асықты жалғасты үйреді.түсіре алмаса айтқан асығын өзі ұттырып, ойынды қарсыласына өткізіп береді. Ойын барысын екінші ойыншы да осылай қайталайды. «сасыр» ойынының бұл түрінде, үйрілген төрт асық шартты түрде төрт түрлі түсуі тиіс. Төрт түрлі түсіре алмағаны ұтылады. Егер үйрген кезде төрт асықтың үшеуі алшы, біреуі бүк не шік болып түссе, болмаса үшеуі шік, біреуі алшы не тәйкі түссе, онда «сасиды» да ұтылған асығы мен саслған ұпайы тұтас ұтысқа түседі. Сасыр ойынының бұл түрінен тыс, төрт асықтың үстіне ұтылған асығын қосып, ұтқан асығын шетінен алып ойнап ойнайтын да түрі бар. Оның ойын қағидасы негізінен жоғардағы ойындарға ұқсап кетеді. Ұтқан адам төрт асық шығарып үйріседі.