Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1


Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу және Б.Кенжебаевтің ғылыми ұстанымдары



бет5/14
Дата14.02.2023
өлшемі58,09 Kb.
#67853
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ä?ð³ñ ?äåáèåòò³ ä?ó³ðëåó ï?í³í³? ìà?ñàò-ì³íäåòòåð³. ?äåáèåòò³? ?

7.1Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу және Б.Кенжебаевтің ғылыми ұстанымдары
7.2Әдебиетті зерттеудің тарих ғылымымен байланысы

«Әдебиет танытқыштың» бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы орны» атты монографиясында Ұлан Еркінбай қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық және әдістемелік тәсілдерін, «Әдебиет танытқыштағы» әрбір категорияның табиғатын ашу барысында бүгінгі әдебиет теоретиктерінің (В.Шмид, Е.Фарино, В.Е.Хализев, С.Н.Бройтман, Н.Д.Тамарченко, И.В.Силантьев, О.А.Клинг, Д. Каллер, В.И. Тюпа, С.Н.Зенкин т.б.) зерттеу әдістерін де назардан тыс қалдырмаған. «Еңбектегі сөз өнерінің мәнін көрсететін қысқа тұжырымдамада пән болмысының классикалық үлгісі жасалады: «Сөз өнері – деп жазады ғалым, — адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге» . Өнер жүйесіндегі бастапқы үш негіз құрамды осылай нақтылып алған соң, былайша ой қорытады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау». Мұндай тұжырымдаманы (анағұрлым шектеулі түрде) алдымен әлемді көркемдік тұрғыдан түсіну әдісіне жатқызуға болады. В.В.Кожиновтың пайымына сүйенсек, әдебиеттанушы былай деп жазады: «К середине 20 в. утверждается <…> синтетическое понимание литературы как одной из форм художественного освоения мира, как творческой деятельности, которая принадлежит искусству, но вместе с тем является такой разновидностью художественного творчества, которая занимает в системе искусств особое место; это отличительное положение литературы зафиксировано в употребительной формуле «литература и искусство»». Мәселенің екінші қыры – «сөз өнерінің» рухани қызметі. Жоғарыда айтылған «тану», «меңзеу» және көп жағдайларда «түю», «талғау» сөздерінің аспектісі ең алдымен рухани ұғымға жақын. Яғни, болмысты санамен түсіну: В.В. Кожиновтың айтуынша: «тіпті форманың қарапайым компоненттері де (эпитет немесе метафора, баяндау және диалог) түсіну кезінде ғана санаға қонбақ (сол күйінде қабылдау барысында емес)». Осыған орай, ең бастысы «Духовность, насквозь пронизывающая литературу, позволяет ей развернуть свои универсальные, по сравнению с другими видами искусства, возможности». Сөз өнерінің мұндай саналы қасиеті адамдардың іс-әрекеті және ойлары мен мінездеріне жалпы алғанда қатысты екенін кезінде Аристотель тайға таңба басқандай атап көрсеткен.». Одан соң А.Байтұрсынұлының: »Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау»,-деген тұжырымына пікірін келтіреді. Онда бұл тұжырымның бізге түсінікті болып көрінгенімен, оның астарында қаншама ізденіс керек екенін тілге тиек етеді. Сонымен қатар, ғалымның сөзтуындаудағы психолингвистикалық проблеманы шеберлікпен көрсеткенін, соның өзінің аталмыш саладағы ұғым, түсініктерді терең сараптай алғандығын да назардан тыс қалдырмаған.


Қорыта айтқанда, «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.


Бейсенбай Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөлу туралы көзқарасы алғаш «Кеңестік Қазақстан» газетінде 1940 жылы 10 маусымында «Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселелері туралы» деген атпен жарық көреді.Осы мақаласында әдебиет тарихын төмендегі кезеңдерге бөледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет