4.2 Кіргізу барысы
Кіргізу барысы кезінде піспек ЖӨН-ден ТӨН-ге қарай қозғалады. Бұл кезде оның босатқан көлемінде вакуум пайда болады да оған сырттан дизельді қозғалтқышта ауа, ал карбюраторлы қозғалтқышта жану қоспасы, яғни жаңа заряд сорылып кіреді. Осы сору барысының көрсеткіштерін анықтау үшін алдымен теориялық жолын қарастырғанда, сору барысы кезінде ауаның жану қоспасының жүріс жолында аэродинамикалық кедергі болмайды деп есептеуге болады. Олай болса сору барысы кезінде қысым өзгермейді – тұрақты болады.
Сору барысы кезінде цилиндр ішіне кіретін жаңа зарядтың мөлшері оның ішінде алғашқы циклдан қалған жанған газдың қалдығына тікелей байланысты болады. Егер алғашқы циклда цилиндр ішінен шықпай қалған газ мөлшері көп болса, онда ол мөлшер аз болады немесе керісінше. Сондықтан, да цилиндр ішіндегі қалдық газдың мөлшері қалдық газдың коэффициенті (γr) арқылы анықталады, яғни:
γr = Мr/ М1, (24)
мұндағы Мr – цилиндр ішіндегі қалдық газдың мөлшері, кмоль; М1 – цилиндр ішіне сорылып кірген ауа немесе жану қоспаның (жаңа зарядтың) мөлшері, кмоль.
Осы Мr және М1 шамаларын анықтау үшін газ күйінің теңдеуі қолданылады
pV = RTM, (25)
мұндағы р – газ қысымы ; V – газ көлемі; R – газдың тұрақты саны; T – газдың температурасы; M – газ мөлшері.
Олай болса, қалдық газдың Мr, сорылып кірген ауаның немесе жану қоспасының М1 және жұмыс қоспасының Ма мөлшерін мына формулалар анықтайды:
Мr = (рr Vк ) / RTr, М1 = (pоVh) / RTо , Ма = (pаVа) / RTа. (26)
Мұндағы қалдық газбен (рr) кірген газ (ра) қысымдарын, сору барысын теориялық жолмен қарап отырғандықтан, сырттағы ауаның қысымымен (ро), яғни рr= ра= ро, ал кірген ауаның немесе жану қоспасының температурасын сырттағы ауаның температурасымен (То) бірдей, яғни Та = То, деп қабылдаймыз. Осы мәндерді анықтап алғаннан кейін қалдық газдың коэффициентін табамыз.
γr = Мr / М1 = (рr Vк Та ) / (paVhТr) =(рr/роŋv) [То / Тr (ε-1) (27)
Сору барысының соңында цилиндр ішіне кірген ауаның немесе жану қоспасының температурасы өзгереді. Себебі, ол қалдық газбен араласады да, оның жылуын пайдаланады. Олай болса сол температураны анықтау үшін жылу теңдестігіне қараймыз, яғни сору барысының соңындағы араласқан газдың жылуы (Qа) сырттан келген ауаның немесе жану қоспасының жылуымен (Qo) қалдық газдың жылуының (Qr) қосындысына тең болады. Сонда
Qа = Q o + Qr . (28)
Сору барысының соңындағы температуаны (Та) анықтау үшін жоғарыдағы жылулардың мәндерін орындарына қоямыз, сонда
( М1 + Мr) mcpTa = М1 mcp То + Мr mcp Тr, (29)
мұнда mcp – газдардың орташа мольдік жылу сыйымдылығы.
Қарастырылып отырған газ құрамының ішіндегі қалдық газдың мөлшері өте аз болғандықтан, бұл жылу сыйымдылығымен бірдей деп есептелінеді. Олай болса, жоғарыда анықталған жылу теңдестігін карбюраторлы және дизельді қозғатқыштар үшін пайдалануға болады. Енді осы жылу теңдестігін іздей отырып, сору барысының соңындағы қысымы ра мен температурасын Та анықтауға болады:
, МПа. (30)
Достарыңызбен бөлісу: |