Автомобиль қозғалтқыштарының индикаторлық көрсеткіштері оның жұмыс циклында болатын барыстардың қаншалықты жетілдірілгендігін көрсететін таза инженерлік көрсеткіштерге жатады. Сол көрсеткіштердің көмегімен цилиндр ішінде жүретін барыстарды салыстырып, оларды әрі қарай жетілдіруге болады.
Орташа индикаторлық қысым (рi) жұмыс істейтін газдың қысымының цикл бойынша орташа мәнін көрсетеді. Оны анықтау үшін жоғарыда 12 суретте көрсетілген қозғалтқыштың нақты индикаторлық диаграммасына қайтадан жүгінейік. Егер диаграмма белгілі бір масштабпен тұрғызылған болса, онда оның ауданы істелген жұмысты көрсетеді. Олай болса сол диаграммадан барыстардың пайдалы немесе зиянды жұмыстарын ажыратып алуға болады.
Ендеше сондағы зиянды жұмыстардың ауданы көлбеу сызықтармен сызылып қойылған. Ондай жұмыстарға цилиндр ішіне жанармай немесе электр ұшқынын беру озықтығының әсерінен жанудың ерте басталуы (1-аудан), жану қоспасының лезде жанып кетпегендігінен (2-аудан), жанып біткен газды үлғаю барысы аяқталмай тұрып, ертерек шығарып жіберудің салдарынан (3-аудан) және сору мен шығару барыстары кезіндегі піспектің кедергісіне жұмсалатын (Fro) жұмыс аудандары жатады. Ал диаграмманың ішіндегі ашық қалдырылған аудан (Fн) пайдалы жұмысты көрсетеді.
Сонымен іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс циклындағы индикаторлық жұмысты мына өрнек бойынша анықтауға болады:
Li =Lн - ΔL = МF(Fн-Fro), (102)
мұндағы: Lн – нақты диаграмманық ауданы; ΔL – теориялық диаграммадан алшақтаған барыстар мен зиянды жұмыстар ауданы; МF– диаграмманың аудандық масштабы.
Енді осы жұмыс теңдестігінен орташа индикаторлык қысымды аныктау үшін сол жұмысты цилиндрдің жұмысшы көлеміне (Vh) бөлсек болғаны. Сонда:
рi=Li/Vh= МF(Fн-Fro)/Vh. (103)
Мұндағы накты пайдалы жұмыс ауданын (Fн) анықтау үшін диаграмманың толықтық коэффициенті (φ) деген ұғымды пайдаланамыз. Сол коэффициенттің мағынасы бойынша есептеу жолымен тұрғызылған теориялык диаграмма ауданының (FТ) қанша бөлігі пайдалы жұмыс ауданы (Fн) екендігін көрсететін коэффициент, яғни φ=Fн/FТ. Ал бұл коэффициенттің шамасы тәжірибелік жолдармен аныкталып, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін φ=0,95 шамасында қабылдау ұсынылады. Олай болса орташа индикаторлық қысымның өрнегін қайта жазсақ, онда ол мынандай болады:
рi=МF(φ FТ -Fro)/Vh. (104)
Mұндағы көрсеткіштерді диаграмма бойынша толық анықтауға болады.
Индикаторлыққуат.Индикаторлыққуат (Ni) депбелгілібіруақытмөлшерінде цилиндр ішіндегі газдың атқарған пайдалы жұмысын айтады. Көбінесе бұл қуатты қозғалтқыштың бір жұмыс циклы кезіндегі атқарған жұмыс арқылы анықтайды. Қозғалтқыштың бір жұмыс циклына қанша уақыт жұмсалатынын оның айналыс жиілігі арқылы табамыз, яғни минутына n – айналыс жасайтын қозғалтқыш үшін бір секундта жасайтын цикл саны n/120 болады. Егер қозғалтқышта цилиндр саны і - болса, онда индикаторлык куат мына өрнекпен анықталады:
(105)
мүндагы: Li– қозғалтқыштың бір жұмыс циклы кезіндегі атқарылған пайдалы жұмыс;
рi– жоғарыда анықталган орташа индикаторлық қысым;
Vh– бір цилиндрдің жұмысшы көлемі.
Әртүрлі қозғалтқыштарды осы индикаторлық қуаты бойынша салыстыруға мүмкін болу үшін оның литрлік мөлшерін анықтайды және оны литрлік индикаторлық қуат деп атайды. Егер қозғалтқыштың индикаторлык қуатын цилиндрлердің жұмысшы көлеміне, яғни литражына бөлетін болсақ, онда осы аталған қуатты табамыз. Сонда Nіл=рin/120 болады. Бүгінгі таңдағы қолданылып жүрген автомобильдердің қозғалтқыштарының бұл көрсеткіші шамамен мына төмендегідей болады: жеңіл машиналар үшін Niл =26÷50 кВт/л., ал жүк машиналары үшін Niл= 22÷37 кВт/л.
Индикаторлық меншікті жанар май шығыны. Бұл көрсеткіш бойынша индикаторлык барыстардың тиімді болатын жанар май шығынын бағалайды. Оны анықтау үшін қозғалтқыштың сағаттық жанар май шығынын оның индикаторлык қуатына бөледі. Сонда
gi=GT/Ni. (106)
Қазіргі қолданылып жүрген қозғалтқыштардағы бұл көрсеткіштің мәндері мына шамада болады: карбюраторлы қозғалтқыштар үшін gi=250÷340 г/кВт.сағ., ал дизельді қозғалтқыштар үшін gi=175÷230 г/кВт.саг. Осы көрсеткіштерге көңіл аударатын болсақ, онда дизельді қозғалтқыштардың карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда жанар май шығыны жөнінен едәуір тиімді екендігін байқауға болады. Мұның негізгі себебін дизельді қозғалтқыштардың индикаторлық диаграммасындағы алдын ала ұлғаю құбылысының есебінен пайдалы жұмысқа айналатын ауданның (Fн) карбюраторлы қозғалтқыштармен салыстырғанда артығырақ екендігімен түсіндіруге болады.
Қозғалтқыштыңиндикаторлықпайдалы әсер коэффициенті(ПӘК). Бұл коэффициент те қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштерінің біріне жатады. Қозғалтқыштың индикаторлык пайдалы әсер коэффициенті деп индикаторлық жұмыска айналған жылу (Li) мөлшерінің цилиндр ішінде жанған жанар май жылуына (Ни) қатнасын айтады, яғни
ηi= Li/GТЦ Ни. (107)
Егер осы жылулардың индикаторлық мәндерін орындарына қоятын болсақ, сонда
ηi=3600/(giHи), (108)
мұндағы 3600 кДж/(кВт∙сағ.) – жұмыстың жылулық эквивалент коэффициенті. Осы коэффициенттің көмегімен қозғалтқыштардың нақты жұмыс циклындағы бөлінген жылудың барлық шығындарын есепке ала отырып, оның пайдалану деңгейін бағалайды.