Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)


Қозғалтқыштың тиімділік көрсеткіштері



бет25/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
daris konspekti

7.3 Қозғалтқыштың тиімділік көрсеткіштері

Қозғалтқыштардың тиімділік керсеткіштері деп олардың өздеріне қажетті ішкі мұқтаждарын өтегеннен кейінгі сыртқа пайдалы жұмысқа жұмсай алатын көрсеткіштерін айтады. Яғни бұл көрсеткіштер жоғарыда аныкталған индикаторлық көрсеткіштерден бөлек болады. Индикаторлық көрсеткіштер цилиндр ішінде тікелей жанар май жанғаннан кейін пайда болатын көрсеткіштер. Оларды анықтау кезінде қозғалтқыш механизмдеріндегі шығын болатын энергияларды есепке алмайды, ал шын мәнінде онда біраз шыгындар пайда болады. Сол пайда болатын шығындардың негізгісіне механизмдердегі үйкеліс күштерінің әсерінен жоғалатын энергияны жатқызуға болады.


Осындай қозғалтқыштың ішкі мұктажына жұмсалатын энергия шығындарын теориялық жолмен аныктау өте күрделі. Өйткені олардың жұмсайтын энергия шығындары қозғалтқыштың жұмыс жағдайына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтанда ондай шығындарды тәжірибе мәліметтеріне сүйене отырып, бір ғана көрсеткішпен есепке алады. Сол көрсеткішті қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті (ηΜ) деп атайды. Осы механикалық ПӘК жоғарыда айтылған қозғалтқыштың ішкі қажетіне жұмсалатын барлық энергия шығындарын есепке алады. Жуықтаған шамамен бұл коэффициенттің мәні карбюраторлы қозғалтқыштар үшін ηΜ = 0,70÷0,87, ал дизельді қозғалтқыштар үшін ηΜ = 0,75÷0,90 болады.
Қозғалтқыш механизмдерінде механикалық кедергілердің әсерінен оның негізгі көрсеткіштері өзгереді. Сол көрсеткішке цилиндр ішіндегі піспекті итеріп жұмыс істейтін газ қысымы жатады. Бұл қысымның жоғарыда орташа индикаторлық мәнін (рi) анықтаған болатынбыз. Бірақ бұл индикаторлық қысымның орташа мәні механикалық кедергінің әсерінен өзгереді, яғни оның бір бөлігі сол үйкеліс кедергілерін жеңуге жұмсалады да орташа мәні азаяды.
Ендіше сол азайған мәнін орташа тиімділік қысым деп қабылдауға болады. Солай болса
ре= ηM·рi. (109)
Сонымен, қозғалтқыштың орташа тиімділік қысымы (ре) деп орташа индикаторлық қысымның қозғалтқыш механизмдеріндегі кедергілерге жұмсалған қысымнан қалган бөлігін айтады. Орташа тиімділік қысымның карбюраторлы қозғалтқыштар үшін мәні 0,6÷1,0 МПа, ал дизельді қозғалтқыш үшін 0,45÷0,8 МПа мөлшерінде болады.
Қозғалтқыштың тиімділік қуаты (Nе) да оның иінді білік арқылы сыртқа шығаратын қуаты болып табылады. Олай болса бұл қуат та индикаторлық қуаттың қозғалтқыш механизмдеріндегі ішкі кедергілерді жеңуге жұмсалғаннан кейінгі қалған бөлігі болады. Олай болса мұның мәнін де жоғарыда анықталған индикаторлық қуаттың мәнінен анықтаймыз. Сонда:
Nе = ηM·Ni, (110)
ал мұндагы индикаторлық қуаттың мәнін орнына қоятын болсақ, онда:
Nе= ηM (рiVhin/120) = ре Vhin/120. (111)
Қозғалтқыштарды өзара салыстыру мақсатымен осы табылған тиімділік қуаттың қозғалтқыштың бір литр жұмысшы көлеміне тиісті бөлігін анықтайды, яғни оның мәнін қозғалтқыштың литражына бөледі. Қазіргі қозғалтқыштардағы бұл көрсеткіш шамамен карбюраторлы қозғалтқыштар үшін 15÷40 кВт/л, ал дизельді қозғалтқыштар үшін 11÷22 кВт/л мөлшерінде болады.
Қозғалтқыштардың тағыда бір негізгі тиімділік көрсеткішіне оның айналдыру моменті (Ма) жатады. Егер қозғалтқыштың тиімділік қуаты мен сол кездегі айналыс жиілігі белгілі болса, онда оның мәнін мына өрнекпен аныктайды:
Ма= 104Nе/n , Н·м. (112)
Осылайша қозғалтқыштың тиімділік көрсеткіштерін анықтағаннан кейін, оның мына төмендегідей негізгі мөлшерлерін анықтайды.
Сонымен автомобильдер қозғалтқыштарының теориясын талдай келіп мына төмендегідей қорытындыға келуге болады. Іштей жанатын қозғалтқыштардың теориясы негізгі екі бөлімнен кұралады. Оның біріншісі қозғалтқыштың жылу есебін жүргізіп, цилиндр ішіндегі әрбір барыстардың көрсеткіштерін анықтап, соның нәтижесі бойынша қозғалтқыштың индикаторлық диаграммасын тұргызады. Екіншісінде қозғалтқыш механизмдерінің динамикалық есебін жүргізеді де оларға әсер ететін күштердің мәндері анықталып, солардың нәтижелері бойынша қозғалтқыштың тиімділік, яғни эксплуатациялык көрсеткіштерін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет