ДӘРІС 5. ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕҢГЕЙ (APPLICATION LAYER)
Қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге әсерлесу облысына қатынау құралдарын қамтамасыз етеді, жоғарғы (жетінші) деңгей болып табылады және қолданбалы үрдістерге жақын. Шын мәнісінде қолданбалы деңгей бұл – файлдар, принтерлер және гипертексттік Web-беттері сияқты бөлінетін қорларға пайдаланушылар қатынауға мүмкіндік алатын түрлі хаттамалардың жинағы, ол сондай-ақ өзінің біріккен жұмысын ұйымдастырады, мысалы электрондық поштаның хаттамасы арқылы [30]. Қолданбалы сервистің арнайы элементтері файлдарды қайта жіберу және терминалдарды эмуляциялау бағдарламалары сияқты нақты қолданбалы бағдарламалар үшін сервисті қамтамасыз етеді. Мысалы, егер бағдарламаға файлдарды жіберу қажет болса, ол міндетті түрде файлдарды басқару, қатынау және жіберу хаттамалары FTAM (File Transfer. Access and Management) қолданылады. OSI моделіндегі нақты міндетті орындауы тиіс қолданбалы бағдарлама (мысалы, компьютерде деректер базасын жаңарту), нақты деректерді Дейтограмма түрінде қолданбалы деңгейге береді. Бұл деңгейдің міндеттерінің бірі – қолданбалы бағдарламаның сұранысын қалай өңдеу қажеттігін анықтау, яғни басқа сөзбен айтқанда, бұл сұраныс қандай түрге көшуі керектігі.
Қолданбалы деңгейді операциялайтын деректердің шамасы әдетте хабарла ма (message) деп аталады.
Қолданбалы деңгей келесі қызметтерді атқарады:
қолданбалы үрдістердің әсерлесуінің әдістері мен түрлері сипаттау;
түрлі жұмыс түрлерін орындау;
файлдарды беру;
тапсырмаларды басқару;
жүйені басқару және т.б.
парольдері, адрестері, электронды қолдары арқылы пайдаланушыларды идентификациялау;
жұмыс сітеп отырған абоненттерді анықтау және жаңа қолданбалы үрдістерге қатынау мүмкіндіктерін анықтау;
қолда бар қорлардың жеткілікті болуын анықтау;
басқа қолданбалы үрдістерге қосылуға сұраныстарды ұйымдастыру;
әкімшілік деңгейге ақпараттарды сипаттау әдістеріне өтінімдерді беру;
үрдістердің жоспарланған диалогтары процедураларын таңдау;
қолданбалы үрдістер алмасатын деректерді басқару және қолданбалы үрдістердің әсерлесуін синхрондау;
қызмет көрсетудің сапасын анықтау (деректердің блоктарын жеткізу уақыты, мүмкін қателік жасалудың жиілігі);
қателікті түзету және деректердің шынайылығын анықтау туралы келісім;
синтаксиске жүктелетін шектеулерді келістіру (нышандар жинағы, деректер құрылымы).
Аталған қызметтер сервистің түрлерін анықтайды, оларды қолданбалы деңгей қолдонбалы үрдістерге береді. Сондай-ақ, қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық және әкімшілік деңгейлер берген сервисті береді.
Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Мұны жүйелік және пайдаланушының бағдарламалық қамтамасыз етуі жүзеге асыра алады.
Қолданбалы деңгей қосымшалардың жүйеге қатынауына жауап береді. Бұл деңгейдің міндеттері – файлдардың орнын ауыстыру, пошталық хабарламалармен алмасу және желіні басқару.
Жоғарғы үш деңгейдің кеңінен таралған хаттамалары:
FTP (File Transfer Protocol) файлдарды беру хаттамасы;
TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;
Х.400 электрондық пошта;
Telnet қашықтағы терминалмен жұмыс;
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;
CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы хаттамасы;
SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті сызықтар үшін. Деректерді әрбір нышан бойынша жіберудің тізбекті хаттамасы;
SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы;
FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды жіберу, қатынау және басқарудың хаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |