ДӘРІС 10. OSI СТЕГІ
3.1-суретіндегі OSI моделі мен OSI стегінің хаттамаларын айыра алу қажет. OSI стегі – келісілген хаттамалар стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жиынтығы. Бұл хаттамалардың стегін GOSIP бағдарламасы бойынша АҚШ өкіметі қолдайды. OSI стегінің басқа стандартты стектерден ерекшелігі OSI әсерлесу моделіне толығымен сәйкес келеді және ашық жүйелердегі әсерлесу моделінің барлық жеті деңгейі үшін спецификациялары бар.
OSI моделі OSI стегі
3.1сурет
Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегін Ethernet, Token Ring, FDDI спецификациялары, сонымен қатар LLC, X.25 және ISDN хаттамалары қолдайды.
Желілік деңгейде байланыстары орнатылған және орнатылмаған хаттамалар жүзеге асырылған.
OSI стегінің транспорттық хаттамасы байланысы орнатылған және орнатылмаған желілік сервистер арасында айырмашылықтарды жасырады, сондықтан пайдаланушылар төмендегі желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін транспорттық деңгей пайдаланушы қажетті қызмет көрсету сапасына сұраным бергенін талап етеді. Транспорттық сервистің 5 класы анықталған, 0 кластан жоғарғы 5 класқа дейін, олар қателерге тұрақты болуын және оларды түзету талаптарымен ерекшеленеді.
Қолданбалы деңгейдің сервистері файлдар берілуін, терминал-эмуляциясын, каталог және пошта қызметін біріктіреді. Олардың ішінде болашағы зор болып каталог қызметі (Х.500 стандарты), электронды пошта (Х.400) виртуал терминалдың хаттамасы (VT), файлдарды басқару мен қатынау, беру хаттамалары (FTAM), қайта жіберу хаттамасы мен жұмыстарды басқару (JTM). Соңғы кезде ISO өзінің күштерін жоғары деңгейлі сервистерге шоғырландырды.
Дәріс 11. Ақпараттық қауіпсіздікке кіріспе
Достарыңызбен бөлісу: |