Көп арналық тарату жүйелері
Дәрістер жинағы
6В06210 - “Радиотехника, электроника және телекоммуникация“
бакалавриат мамандығына арналған
Шымкент, 2022 ж
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Алымов Н.– ф.-м.ғ.к, аға оқытушы Көп арналық тарату жүйелері пәнінен дәрістер жинағы: (6В06210 - “Радиотехника, электроника және телекоммуникация“ бакалавриат мамандығына арналған). – 79 бет.
Мазмұны
Кіріспе
№1 дәріс. Бірінші дәрежедегі желілерде электрлі сигналдарды тарату жүйесі
№2 дәріс. Телекоммуникациялық жүйеге жалпы түсінік
№3 дәріс. Хабарламаның сигналдан және бөгеуілдердің түрленуі және келтіру әдістері
№4 дәріс. Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер
№5 дәріс. Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері
№ 6 дәріс. КАБЖ – нің күшейткіш аппаратуралары
№7 дәріс. Жиілік түрлендіргіштер (ЖТ). Генераторлық құрылғы
№8 дәріс. КАТЖ АЖБ түрлендіру аппаратурасы бүйірлік тәсілдері арқылы құру
№9 Дәріс. ББЖ сигналдарын қалыптастыру тәсілдері
№10 Дәріс. Жиілік бөлгіш арналары бар көпарналы тарату жүйесінің аппаратурасы
№11 Дәріс. Жергілікті желілер үшін тарату жүйесінің ерекшеліктері
№12 Дәріс. АЖБ желілік ТЖ сызықтық трактілеріндегі бөгеуілдер
№13 Дәріс. АУБ тарату жүйелері
№14 дәріс. Цифлы телекоммуникациялық желі
№ 15 дәріс. Коммутацияланған пакеттер желілері
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі күні техниканың жетілуіне байланысты, біздің мәдениетіміз жоғарылаған сайын, адамдар бір-бірімен техникалық байланысты құрал жабдықтары көмегімен байланысады. Байланыс құрал-жабдықтарына деген сұраныс бүгінгі күні бірінші орында десек қателеспейміз. Міне осыған байланысты байланыс жабдығына қойылатын талаптар өте жоғары (аз кедергімен, бөгеуілсіз, жоғары жылдамдықпен, үлкен сенімділікпен және аз шығымдылықпен) атқарылуын қалайды.
Қазіргі кезде байланыс жолдары бізге өте қымбатқа түседі, міне осыны өте жоғары тиімділікпен, сенімділікпен атқару үшін сол байланыс жолдары арқылы біз бір-бірінен тәуелсіз хабарды жібере отырып, көп жақты қолдануымыз керек. Байланыс жолдарын көп жақты қолдану арқылы біз көп арналы электр байланысын құруымызға болады.
Көпарналы байланыс жүйесі (КАБЖ) деп байланыс жолдары арқылы бір-біріне тәуелсіз хабарды жіберу және ара қашықтығын ұзарта отырып, арналар санын өсіру десек болады.
Алғаш КАБЖ негізін салған орыс армиясының инженер капитаны В.И. Коваленков. Соның ұсынған дифференциалды жүйені қолдана отырып, екі жақты байланысты құру пікірі, әлі бүгінге дейін дуплексті күшейткіш негізі болып есептелінеді.
1 − сурет. Байланыс жүйесінің жалпы құрылымдық сызбасы
Міне, 1915ж. бастап көпарналы байланыс жүйесі өз өмірін жалғастырып келеді.
1922ж. Бологое қаласында бірінші телефонды транслятор жүйесі Петроград пен Москва арасында қосылды. Осы жылы қашықтықты өсіре отырып, магистралды телефонды үлкен қашықтықтағы Москва-Тблиси, Москва-Магнитогорск т.б. арасында жүйелі байланысы орнатылды.
1930ж. өзіміздің отандық үш арналы аппаратура пайдалануға берілді.
1940ж. 12 арналы беру жүйесі қолдануға беріле бастады. Ол түрлі-түсті металдан істелген әуе арқылы жұмыс жасайды.
Ұлы Отан соғысынан кейін байланыс техникасы өте жоғары қарқынмен өсе бастады. Сол жылдары симметриялы кабелмен жұмыс жасайтын отандық К-12, К-24, К-24-2, К-60 аппаратуралары жасалынып шыға бастады, Коаксиалды кабелмен жасайтын аппаратуралар да сол жылдары шығарылды. Олар: К-120, К-300, К-1920, К-3600, К-5400, К-10800 аппаратуралары.
1960ж. арнаны уақытпен бөлу аппаратуралары ойластырылып түзіле бастады (ЦСП с ВРК) 1970ж. Талшықты оптикалық тарату жүйесі ТОТЖ жобасы түзіліп ойластырылды. 1980ж. бірінші ТОТЖ (ВОСП) пайда болды.
Қазіргі кезде жергілікті (қалалық) байланыстарды ТОБЖ ИКМ-120-4/5, ИКМ-480-5 (Сопка 2), ал магистралдық және аймақтық желілерде “Сопка 2“ 3,4,5 және “Соната” аппаратуралары қолданылады.
Байланыстың автоматтандырылған желісі екіге бөлінеді: бірінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі, екінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі. Бірінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі төмендегідей жиынтықты қамтиды:
- желілік түйіндер шоғыр;
- станциялар;
- типтік арналар желісі, трактілер.
Екінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі – бұл ақпараттың нақты жүйелер желісі (АК, дискретті ақпараттарды тарату, желі және жүйелер т.с.с.). Бірінші дәрежедегі желі, өз кезегінде, магистралдық және халықаралық болып екіге бөлінеді.
Магистралды желі қашықтығы 12500 км ұзындықты қамтамасыз етеді, ал зоналық 600 км және жергілікті (ауылдық) желі ұзындығы 100 км-ге дейін. Бірінші дәрежелі желі үшін бағыттауыш жүйелері ретінде байланыстың симметриялық және коаксиалдық кабелдері, оптикалық кабель, әуелік және радиорелелеі линия РРЛ кең қолданылады. Қазіргі кезде магистралды желілерде арналары жиілікпен бөлуге ыңғайлы көпарналы жүйелер қолданылады. Осы жүйелерді қазір аранлары уақытпен бөлінетін цифрлы тарату жүйелері ығыстыра бастады.
Жергілікті және аймақ ішіндік желілерде арнаны уақытпен бөлу жүйелері басым, ал магистралды желілерде әзірше арнаны жиілікпен бөлу аналогты аппаратуралар қолданылады, себебі арнаны уақытпен бөлу аппаратурасы жиіліктердің кең алқабын қажет етеді.
№1 дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |