Дәріс Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері



бет6/9
Дата18.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#118659
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер ИББ

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны (кемістіктің түрі бойынша)



Кемтар балаларға арналған арнаулы бiлiм беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да арнаулы түзеу ұйымдары көрсетедi.
ППМК мәліметі бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы көрсеткіштері төмендегі диаграммада көрсетілген.

Білім беру саласында психологиялық - медицина- педагогикалық консультациялар есепке алып анықтаған мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны ерте жаста - 4,2 %, мектеп жасына дейінгі – 30,5 %, мектеп жасында – 65,3% құрайды .


Ерте және мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 55853, оның ішінде 42411 (76%) бала білім беру мекемелерінде. Арнайы топтарда -7453 және арнайы балабақшалардағы бала саңы 7032, бұл 34% құрайды.
Жекеменшік балабақша мен орталықтарда 9277 бала болса (22%) , әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда 266 (0,6%) бала. Ал 117 бала (0,3%) үйлерінде тәрбие алуда.
Сол балалардың 18266 (43%) жалпы балабақшада болса, түзетушілік көмекпен қамтылған 10162 бала (20,7%), арнайы педагогикалық қолдаусыз қалған бала саңы 6934 (14%) .
Есепке алынған 105303 мүмкіндіктері шектеулі баланың 102030 (96,9%) білім беру ұйымдарында оқып жатыр.
Нақты қарастырсақ, 25% арнайы білім беру ұйымдардында 14447 оқытылып жатыр, 11058 -жалпы мектептегі арнайы сыныптарында. Жалпы мектептегі әдеттегі сыныптарындағы 51435 (50,4%) балаға арнайы түзетушілік, психологиялық қолдау жағдайлары қамтылған.
Техникалық кәсіптік білім беру саласында мүмкіндіктері шектеулі 2306 (2,3%) жасөспірім білім алуда, жекеменшік мектептер мен орталықтарда 5693 (5,6%) бала оқиды, әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда 4227 бала көмек алуда (4,1%) және 12864 (12,6%) үйлерінде оқытылып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет