Дәріс Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері


Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек



бет5/9
Дата18.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#118659
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек .
5. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау ұсынылады:
1) логопед – сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларға;
2) олигофренопедагог (дефектолог) – зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балаларға;
3) сурдопедагог – есту қабілеті зақымдалған балаларға;
4) тифлопедагог – көру қабілеті зақымдалған балаларға;
5) педагог-психолог – қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылы бұзылған, мінез-құлқы бұзылған балаларға.

Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялықпедагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты. Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылуларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. Әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін. Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған ПМПК тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінезқұлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады.


Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі. Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді. Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. Сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі. 21 Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін.
9) Педагог-ассистентің көмегі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет болады. Жеке көмекшінің қызметіне екі функция кіреді:
а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы;
б) сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагогассистентің функциясы.
Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын немесе қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол балаларға мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. Бұл функцияларды орындау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді. Балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу.
Әдетте мұндай жағдайлар қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен дене байланысы болатын жағдайларда болады.
Мұндай жағдайда өздігімен қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды. Мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет.
Мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей отырып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейді. Мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридор және т.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады. Мұндай баланы кездестірген кезде кез келген мұғалім немесе оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді. ҚР БҒМ Жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізілген. Педагог ассистент оқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (АСБ және т.б.) оқушыларға көмек көрсетеді.
Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады:
- баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі:
партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді);
- мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және қабылдайтын;
белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар;
- сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды;
- мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді.
Педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі, ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінезқұлқын бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау көрсетеді.
Жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы қажет. Жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы және мектептегі толықтай дербестігі.
Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:
- толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы;
- біртіндеп алшақтату – оқушы партада, ал ассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады.
Кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады; - сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі отырады.
Мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды. Мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагогассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы педагогикалық жоғары білімі негізінде). Психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну ПМПК ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. Егер де мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін ПМПК қорытындысын алуға бағыттау қажет.
10) Әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін ӘПКК анықтайды. Әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының балаларына көмек көрсетеді№
2. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАу

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау білім беру ұйымдарында білім алуда қиындықтары бар балалармен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлімен 2022жылдың 12 қаңтарында № 4 бұйрығымен бекітілген «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына» сәйкес жүргізіледі.



Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерекше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста ПМПК анықтамаған болса). Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл). Мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері: - оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану; - сабақта жеке оқу материалдарын қолдану; -оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту; -бақылау материалдарын өзгерту; -сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу; Егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады (А-қосымшасы).
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі. Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді. Балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет
Жеке көмекшінің қызметі медициналық-әлеуметтік сараптаманың оңалту-сараптамалық қорытындысы негізінде өз бетінше жүріп-тұруда қиындықтары бар балаларға (тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, көзі көрмейтін балаларға) ұсынылады. «Медициналық –әлеуметтік сараптама жүргізу Ережесін бекіту» туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015жылғы 30қаңтарда бекітілген №44 бұйрықтың негізінде.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде білім алу үшін арнайы жағдайлар жасалады, онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың), оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес. Білім беру ұйымында оқытудың арнайы жағдайларын жасау үшін мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың саны (1-топтағы ерекше білім беру қажеттіліктері) тәрбиеленушілердің/білім алушылардың жалпы санының 4-6% - ынан аспауы тиіс

Дәріс 7 Есту, көру, сөйлеу, зияты, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (Disabilities

  1. Мүгедектік қоғамда уақыттың өтуімен байланысты өзгерген ұғым болып табылады.

Бұл өзгеріс қоғамның мүгедектікті анықтауға жәрдемдесетін тәсілдеріне, соған сәйкес, мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларын қоғамға ықпалдастырудағы оның рөліне ықпал етті. Соңғы онжылдықтар ішінде мүгедектіктің «медициналық» моделінен «әлеуметтік» моделіне көшу (1-кірістірмені қараңыз) мүгедектік үшін әлеуметтік жауапкершілікті индивидтен тұтас қоғамға беру тәсіліне айтарлықтай дәрежеде ықпал етті. Мүгедектіктің «медициналық» моделі (екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әсіресе кең таралған) физикалық немесе психологиялық мүгедектікті медицина немесе психология саласына жатады деп санайды. Балалардың немесе ересектердің мүгедектігі аурумен немесе басқа патологиялармен байланысты физиологиялық немесе психологиялық бұзылыстардың салдары ретінде қарастырылды және дұрысында, «емдеуді» қажет ететін «жағдай» деп есептеліп келді. Шын мәнінде, осы модель үшін қолданылатын «медициналық» термин Дүниежүзілік денсаулық сақтау 12 Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан Республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту ұйымының (ДДСҰ) мүгедектікті анықтаудағы «кемістік», «патология» және «мүгедектік» секілді терминдері қолдану жөніндегі дауынан туындайды (Левеллин және Хоган, 2000 ж.). Қоғам неғұрлым «тіркелген» болып табылатын болса, медициналық модель адамды икемді әрі «өзгеретін» (сәйкесінше, қауқарсыз және сонымен қатар мүгедектікке бейімделуге қабілетті) адам ретінде қарастырады.
Бұл модельдегі дертті балалар мен ересектер автоматы түрде кемістіктері бар балалар болып саналады және олардың отбасыларына да көбінесе сондай көзқарас болады. Мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары қоғамның «қалыпты» мүшелеріне айналуы үшін қоғам негізінен «медициналық» емді ұсынып отырған кезде бұл модельдің талабы қатты сынға ұшырады, сөйтіп, ол бұл модельден бас тартуға алып келді. Соңғы онжылдықтар ішінде әлеуметтанушылар мен мүгедектікті зерттеушілер көбінесе мүгедектікті әлеуметтік мәнмәтінмен тығыз байланыста қарастырады, сондай-ақ мұндай салдарларды әлеуметтік оқшаулау және мүгедектікпен тығыз байланысты басқа кемшіліктер ретінде көрсетеді (Шекспир, 2006 ж.). Бұған қоса, әлеуметтанушылар мүгедектікті әлеуметтік құбылыс деп санайды және бақыланатын мүгедектік деңгейіне әсер етуде әлеуметтік жағдайлардың атқаратын рөлін атап көрсетеді (Левеллин және Хоган, 2000 ж.). Сөйтіп, мүгедектіктің әлеуметтік моделі , өз кезегінде, проблеманың өзіне неғұрлым жауапты рөл қабылдауға тиіс қоғамға қайтарылуын талап етеді. Мұндай модель қоғамға мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасына медициналық модель жүктеген жауапкершілікті қайтарады деп болжамдауға болады. Әлеуметтік модельде мүгедектік қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырылады әрі мүгедектігі бар адамдар (және олардың отбасылар) азаматтық, саяси құқықтарды (сайлау құқықтары, пікір білдіру еркіндігі), сондай ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.) басқа адамдармен тең пайдалана алады.
Зерттелген әдебиет мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеуде медициналық модельден әлеуметтік модельге көшуді ұсынады (Фугироллас, 2008 ж.). Бұл мүгедектігі бар адамдарға инклюзиялық ортаны қамтамасыз ететін тек қаржылық көмек көрсету саясатынан мүгедектігі бар адамдарға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуге көшуді білдіретін болады. Мүгедектігі бар адамдарды қоғамға араластыруды олар дүниеге келген бетте бастау қажет. Бұл мүгедектігі бар балалары бар ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оларды оқытуға байланысты, оның ішінде әлеуметтік институционалдандыруды болдырмау мақсатында айтарлықтай көмек берілу қажет дегенді білдіреді. (БҰҰДБ, 2009 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет