Дәріс 8-9 Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (Difficulties)
Дәріс 10-11 Қолайсыз экологиялық факторларға байланысты оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени және соматикалық денсаулық (Disadvantages)
Дәріс 12 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке оқу траекториясын жоспарлау технология Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім берудің жалпы білім берумен мақсаты бір – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыру, тез өзгеретін әлемде өмір сүре білу, өмір бойы оқу. «Барлығына арналған білім» парадигмасының құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беру барлық балалардың жалпы білім беретін мектепке баруына және олардың зияткерлік немесе физикалық қабілетіне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни қатыстылығына қарамастан құрдастарымен бірге оқытуға мүмкіндік теңдігін көздейтін тұғыр болып табылады. Демек, инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алуының әртүрлі қажеттіліктерін адекватты түрде қанағаттандырудан тұратын білім беру ұйымының миссиясын кеңейтуді көздейді. Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық базасы қолданыстағы постулатқа – білім алушының жеке ерекшеліктеріне және білім беру қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеуді қамтамасыз ететін педагогикалық тұғырды ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделген.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін бейімді екенін атап өту қажет, оларға: - пән мазмұнын жобалаудың күрделілік прицнипі, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; - білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; - оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады. Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттары жүйесін құра отырып, әрбір бөлім бойынша нақты оқу пәнін оқыту мақсатында нақтыланады.
Оқу бағдарламаларына қоса берілетін пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсынымдық сипатта болады, демек, мұғалімнің алдында сыныптағы барлық білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттарын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер ашық екендігін көрсетеді. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арасында өте тығыз өзара байланыс бар, өйткені, жоспарлаудың жалпы мақсаттары келесіден тұрады :
- жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
- оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру; - әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу; - оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; - осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;
- оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; - барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.
Білім беру мазмұнын жаңарту педагогтен сыныптағы іс-әрекетті ұйымдастыруды талап етеді, ол іс-әрекет технологияларын енгізу, балаларға адамгершілік принципін жүзеге асыру арқылы әрбір оқушының өміріне жеке қабілеттері мен шығармашылық қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді. Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларының тағы бір артықшылығы «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдемелері» бөлімін қосу болып табылады, онда мұғалімге оқу мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін түрлі әдістерді, технологиялар мен стратегияларды пайдалану бойынша ұсыныстар ұсынылады .
Сабақты жоспарлау мұғалімдердің: бірізді сабақтар сериясы «Кім үшін жоспарланады?», «Неге үйрету қажет?» және «Бағалаудың қандай әдісін қолдану қажет?» деген секілді сұрақтарды түсінуіне ықпал етеді. Қысқа мерзімді жоспар сабақтың мақсатын, сабақтың міндеттерін, қолданылатын құрал-жабдықтарды және жоспар-конспектісін қамтиды.
Оқу жұмысын сауатты жоспарлаған кезінде ғана мұғалім оқу процесін дұрыс ұйымдастыра алады, өз уақытын ұтымды есептей алады, оқу бағдарламаларының талаптарын ескере отырып оқулықтарды, түрлі оқу және көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана алады; бұл сыныптың барлық оқушыларын білім беру процесіне барынша тартуға, өз жұмысының нәтижелерін болжауға және ескеруге мүмкіндік береді. Әрине, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін оқушылардың ата-аналарымен прогресін талқылау қажет. Сабақ дәстүрлі түрде «тұтас, аяқталған, уақытпен шектелген, оқу жұмысы оқушылардың тұрақты құрамымен жүргізілетін білім беру процесі» ретінде анықталады.
Мұндай сабаққа келесі белгілер жиынтығына тән:
- белгілі бір білім беру (оқыту және дамыту) және тәрбие мақсаттарының болуы;
- қойылған мақсаттарға сәйкес келетін нақты оқу материалын іріктеу; - қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін оқыту құралдары мен әдістерін таңдау;
- балалардың оқу қызметін ұйымдастыру. Қазіргі сабақ статикалық емес, «вариативті», үнемі дамып келе жатқан, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінің ұжымдық-жеке ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады. Сабақ оқу процесінің барлық қатысушыларының шығармашылық нәтижесі болуы тиіс.