Кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту
3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін ПМПК ұсынуы мүмкін.
Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «Нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, Монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.
Кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері
Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау.
Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі. Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.
Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:
- көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, Брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);
- тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.); - есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
- зиятының бұзылуы (ОӘК-нің түпнұсқасы). Арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.
Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқудидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.
Оқытудың формасын таңдау.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады: - жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) .
Мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады. Арнайы сыныптарда оқыту – бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады:
- сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп;
- оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша оқыту;
- арнайы дайындығы бар мұғалім; - арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған арнайы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы ортаның және т. б.),
оқу-әдістемелік қамтамасының болуы;
- мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары (арнайы Типтік оқу жоспарына сәйкес).
Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі – бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. Кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуфтар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар.
ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:
- сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;
- әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ЕБҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар.
Сабақты ПОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады: - дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу; - мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары: - соңғы партада отыруы; - өзі немесе беделді оқушымен отыруы; - терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы: - арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.
7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады [19]. Жалпы білім беретін мектептер ЕБҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нормаларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамытушы жабдықтарын алады және пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |