Туннельдiк диод кернеу бойынша оң iшкi керi байланысы бар жартылай өткізгіштік диод. Оның ВАС-сында терiс диффузиялық кедергi бөлiмi бар. Бұл запорлы қабат өте жiңiшке болғанда (10Нм немесе одан да кiшi) валенттi қабаттан өткiзу қабатына қарай зарядтардың тунельдi түрде өтуiмен түсiндiрiледi.
Сәулешашушы диод – p-n өткелдерінен энергия кванттарын шығаратын диод.
Жарық диоды – көрінетін спектр аймағында сәуле шашады, ал инфрақызыл диод – көрінбейтін спектр аймағында сәуле шашатын диод. Заряд тасымалдағыштардың рекомбинациялануы энергия кванттарының бөлiнiп шығуына әкелiп соғады. Жарық диодтары жарық индикаторлары ретiнде қолданылады. Инфрақызыл диод оптоэлектрондық құрылғыларда сәуле шашушы ретiнде қолданылады. Жарық диоды арнайыланып құрастырылған диод, мұнда жарық сәулелерiнiң ауысу аймағынан корпустың мөлдiр терезелерi арқылы өтуiне жағдай жасалынған.
Жартылайөткiзгiштiң ауысу аймақтарына жататын тоқтың диод арқылы өтуi кезiнде заряд тасымалдағыштарының – электрондар мен кемтiктердiң қарқынды түрде рекомбинациясы жүредi. Босанып шыққан энергияның бiр бөлiгi жарық кванты ретiнде бөлiнедi. Жартылайөткiзгiштiң тиым салушы енiне байланысты сәуле ұзындығы адам көзiне көрiнетiн немесе адам көзiне көрiнбейтiн инфрақызыл толқындар ұзындығына ие болуы мүмкiн. Арсенад галий негiзiнде жасалынған ауысулардағы сәулелердiң толқын ұзындығы – 0,8 мкм. Карбид кремниiнен немесе фосфид галийден жасалынған ауысулары қызыл түстен көгiлдiр түс диапазонында көрiнетiн сәуле шашады. Жарық диодының маңызды параметрлерiнiң бiрi жарықтық және сәулену түсi (немесе сәуленiң спектрлiк құрамы).