Дәріс жартылай өткізгіштік физика негіздері. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. P-n ауысу теориясы. Негізгі және негізгі емес заряд тасымалдаушылар. Негізгі ақпарат



бет13/33
Дата25.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#59539
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Д ріс жартылай ткізгіштік физика негіздері. Жартылай ткізгіште

Фотодиодтың қасиеттерi қарапайым тиристорлардың қасиетiне тән, тек айырмашылығы – фототиристор басқару тоғының импульс көмегiмен емес, жарықтың импульс көмегiмен қосылады.
Оптрон (оптопара)
Оптрон – бiр-бiрiмен бiр корпуста оптикалық түрде, электрлiк түрде немесе бiр уақытта екi байланыс түрiмен де байланысқан сәуле шашу көзi және сәуле қабылдағышы бар жартылайөткiзгiштiк аспап. Сәуле қабылдағыш ретiнде фоторезистор, фотодиод, фототранзистор немесе фототиристор қолданылатын оптрондар кеңiнен пайдаланылады.
Резисторлы оптрондарда кiрiс тiзбегiнiң режимi өзгерген кездегi шығыс кедергiлерi 107-108 рет өзгеруi мүмкiн. Сонымен қатар фоторезистордың вольт-амперлi сипаттамасы жоғары сызықтылықпен және симметриялылығымен ерекшеленедi, бұл резисторлы оптопараларды аналогты құрылғыларда кеңiнен қолдану себебiн көрсетедi. Резисторлық оптрондардың кемшiлiгi жылдамдығының төмендiлiгiнде – 0,01-1с.
Цифрлық ақпараттық сигналдарды тасымалдау тiзбектерiнде негiзiнен диодты және транзисторлы оптрондар, ал жоғары вольтты аса нақтылықты сигналдарды оптикалық түрде коммутациялау тiзбектерi үшiн – тиристорлы оптрондар қолданылады. Тиристорлы және транзисторлы оптрондардың жылдамдығы 5-50мкс диапазонын қамтитын қайта қосылу уақытымен сипатталады.
Сәуле шашушы диод тура бағытта, ал фотодиод – тура (фотогенератор режимiнде) бағытта, немесе кері бағытта(фототүрлендіргіш режимiнде) қосылуы тиiс.
Құрылымға берілетін сыртқы кернеудің мәніне байланысты 1 және 2 ауысулар тура бағытта ығысады, ал кернеудің бәрі коллекторлық режимде жұмыс істейтін екінші ауысуда болады.
Бiр уақытта жарық энергиясы таратқышы және қабылдағышы болып табылатын оптоэлектронды аспап оптопара деп аталады. Оптопара үшiн кiрiс және шығыс параметрлерi болып электрлiк сигналдар алынады. Кiрiс және шығыс параметрлерi арасында гальваникалық байланыс болмайды.



Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары


1 n-типті жартылайөткізгіште қандай қозғалмалы тасымалдағыштар негізгі болып табылады?
A) Электрондар;
B) Оң иондар;
C) Теріс иондар;
D) Кемтіктер;
E) Позитрондар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет