Дәріс Жас ерекшеліктер психологиясының пәні, даму тарихы



бет1/2
Дата20.09.2023
өлшемі21,41 Kb.
#108984
  1   2
Байланысты:
1 дәріс жас ерекш. пс.


  1. - дәріс Жас ерекшеліктер психологиясының пәні, даму тарихы.

1. Жас ерекшелік психологиясы – психология ғылымдарының бір саласы.


2. Жас ерекшелік психологиясының міндеттері,басқа да пәндермен байланысы
3. Жас ерекшелік психологиясының даму тарихы.

Жас ерекшелік психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасыныц жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамныц психикальқ процестері мен психологияльқ қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып есептеледі. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамнын дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен, жас ерекшелік, балалар психологиясымен ажырамастай тығыз байланысты.


Жас ерекшелік психологиясы пәні — психикалық дамудың әрбір кезеңінде адамдар арасындағы дара ерекшелікті зерттейді.. Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялык және әлеуметтік факторлары қатар түратыны тәрізді болып көрінгенімен, биологиялық ең алдымен тұқым куалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардьң пікірінше, даму - жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта — бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым куалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көретуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатып заңға еруі толық айқындап беріледі Психологиядағы биогенетикалык заң дегеніміз XIX ғасырда Геккелъ тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез филогенездің қысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті.. Кұрсақтағы тіршілк кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысьн қайталайтыны тәрізді.
XX ғасырдың басында психология саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалык және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында кеңес психологиясында сынға алынды. Жас кезең - өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі.
Әр жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Мұнда бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын, өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімін зерттеушілер мүшел жас деп атады. Өзгеру әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты болып табылады. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы орта жағдайында өзгерістерін қиналып өткізеді. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әр адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адам денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, т.б әр түрлі болады.
Баланың айналадағы адамның өз қарым-қатынас тәсілдері, кез келген психологиялық іс-әрекет дәрежесі арасында қарым-қатынас екі жақтан дамиды. Мысалы, баланың іс-әрекет мүмкіндігін кеңейту, оның қажеттілігін өзгерту, сонымен қатар айналадағыларға деген қарым-қатынастың өзгеруі.
«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының жəне оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды. Біздің қазіргі күйіміздің қайсысы генетикалық кірпіштерден тұрады, ал қайсысы біздің өмірімізде болатын жағдайлардың нəтижесі? Біздің қалыптасуымызға ықпал ететін нəрселермен қалай өзара əрекеттесеміз? Осы жəне т.б. сұрақтарға адам дамуы туралы ғылым жауап береді. Даму ұрықтан басталып, біздің бүкіл өмірімізде жалғасады.
Бірақ бұл кестеде келтірілген кезеңдер жəне жастық шектер əмбебап болмайды. Бұл кесте жалпы схеманы суреттейді.
Жас ерекшелік психологиясының мақсаты –бүкіл өмірлік жолында адам дамуының тенденциясын, заңдылықтарын, процесстерді басқа ғылым салаларының зертетулеріне сүйене отырып қарастыру, адам дамуына ықпалын тигізетін биологиялық, антропологиялық, əлеуметтік, психологиялық факторларды ескере отырып, оның ағзасын барлық жастық кезеңде, стадиясында зерттеу болып табылады. Біздің кім екенімізді, əлемге қандай қатынаста болатынымызды анықтайтын адамдық қарым-қатынасқа ерекше мəн беріледі. Бұл саланың мəні мынада- барлық адамдар өз болмысынан əлеуметтік болып табылады.
Денелік дамуына дене мөлшерінің жəне формасының өзгерісі, сонымен қатар ми құрылымдары, сенсорлық қабілеттер, моторлық дағдылардың дамуы.
Когнитивті даму аймағы қабылдау, ойлау, тапсырманы шешу т.б. анықтайды.
Тұлғалық ерекшеліктердің дамуы тұрақты жəне қалыпты мінез бен сезімнің қалыптасуы, өзіндік тұлға түсінігін қабылдаудан тұрады.
Əлеуметтік мəдени даму аймағы əлеуметтенуден тұрады. Кейбір даму процестері, пренатальды жəне бастапқы пубертатты кезең немесе, шаштың ағаруы биологиялық даму процесі болып табылады. Адам өмірі барысында болатын даму бөлігі биология мен тəжірибенің өзара əрекетінің жетістігі болып табылады. Адамдағы биологиялық бастама мен оның даму тəжірибесі орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара əрекеті ретінде қарастырылады. «Өсу», «есею», «қартаю» терминдері биологилық процесске жатады. Үйрету – практиканың немесе жинақталған тəжірибенің уақытқа қатысты болып отыратын өзгерісі. Есею мен үйрену мəселесі белгілі бір өзгеріспен жүретінт дағдарыс кезеңдері бола ма? сонымен байланысты. Туғаннан кейінгі бірнеше сағатқа созылатын дағдарыс сəті импринтинг деп аталады.
Адам дамуының сенімді, тексеруге төзе алатын фактілерін табу –қиын процесс. Бақылаушы жəне зерттеуші қандай мəліметтер маңызды, қандай мəліметтер сенімді, қандай да бір қорытынды шығаруға қолдау болатын қандай мəліметтер саны тиімді болатынын шешуі керек. Жеке тəжірибе маңызды бола алады, бірақ адамдар оған сенуі үшін оны жүйелі тексеруден өткізу керек. Əлеуметтік ғылымдар жүйесінде абсолютті сенімділік көрсететін ештеңе болмайды. Соған қарамастан, егер бірнеше ғалымдар бірдей мəлімет жинап, бірдей шешімге келетін болса, бұл қорытындының дұрыс болатынына күмəн келтірмеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет