Дәріс Жас ерекшеліктер психологиясының пәні, даму тарихы


Жас ерекшелік психологиясының шығуы жəне дамуы туралы қысқаша мəлімет



бет2/2
Дата20.09.2023
өлшемі21,41 Kb.
#108984
1   2
Байланысты:
1 дәріс жас ерекш. пс.

Жас ерекшелік психологиясының шығуы жəне дамуы туралы қысқаша мəлімет. ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пəнмен қатар дамыды.Кейіннен барып жалпы психологиядан бөлініп, оның бір ғылым саласына айналды.Оның ғылым болып қалыптасуына əсер еткен басты себептер мыналар:
1.Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.
2.Туылған күннен бастап, күнделіктер жазып, оған талдау беру.
3.Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тəсілдерінің кеңінен қолданылуы.
Ч.Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласының арасында ұқсастық барма деген мəселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күнделік жазды.ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады.Сол кезеңде неміс психологі В.Штерн əйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды. Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге үйретті.4 жыл қатарынан күнделік толтырып, кейінен осыған негіздеп «Адам жəне шипанзе балалары» атты кітап жазды.Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты – маймылды адам айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды жəне бала психикасынан жануар психикасынан өзгеше келетіндігін анықтау еді.Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мəліметтер дамып, соның нəтижесінде бала психологиясының өз алдына отау тігіп қалыптасуына ықпал етті.
Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде жəне ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясые зерттеуде эксперимент əдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне əсер етті.Бала психикасын эксперименттік əдіс қолданып зерттеуде еңбек кеткен ғалым- психологтар – А.Бине, В.Штерн,К.Кофкка, Ж.Пиаже болды. Бұлар экспериментті əртүрлі жастағы балаларға қолданды.Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуді бастады. Қазіргі кезде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады.Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой-өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады.
2.Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.XIXғ. дамуы.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы психологияға үлкен əсерін тигізді.Эволциялық теория психология ғылымында екі жаңа постулаттың пайда болуына əкеліп соқтырды.Біріншісі, адаптация- басты детерминент, психикалық дамуды анықтауда, екіншісі, психикалық генезис, яғни бұл психикалық процестердің дайын түрде пайда болмайтындығын, олар өзінің дамуында арнайы заңдылықтардан өтетіндігін түсіндіреді.Сонымен бірге дарвинизм ілімімен байланысты психологияда жаңа зерттеу əдісі – генетикалық əдіс пайда болды.
Психологиядағы эволюциялық бағыт А.Бэн мен Г.Спенсердің концепциясын дамытты. А.Бэн мен Г.Спенсер теориясы бойынша психика- эволюциялық кезеңдер мен оның функциясымен байланыстыДаму психологиясының теориялық жəне практикалық мəселелері
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мəселелеріне балалардың психикалық, қарым-қатынастық дамуы, ағзаның анатомиялық,физиологиялық дамуы нгемесе сыртқы ортаның əсері жатады.Бір жағынан ағзаның даму деңгейі оның анатомиялық құрылысына байланысты.Егер ағзада аномалия болса, адамның психикалық дамуына кедергі келтіреді де əсерін тигізеді.Егер ми дұрыс дамымаса, адамның сөйлеу қабілеті жəне басқада психикалық процестер дамымай қалады.Екіншіден, ағзаның психикалық жəне «мен» қасиеті дамуы қоршаған ортаға байланыстылығын көптеген ғалымдар қолдайды.Егер бұл пікір дұрыс болмаса, онда білім беру де өз мағынасын жояр еді.
Екінші мəселе, балаға оқу мен тəрбиенің стихиялы жəне ұйымдасқан түрдегі əсері жатады.Ұйымдасқан оқу мен тəрбиенің сапалы түрі арнайы мемлекеттік оқу орындарда жүзеге асады.Ол отбасынан басталып, ЖОО-нан аяқталады.
Үшінші мəселе, болашақ пен қабілеттіліктің байланысы.Оған баланың қабілеті мен болашақтағы өмірлік жасының сəйкес келуі жатады.
Төртінші мəселе – ол революциялық, эволюциялық, ситуациялық өзгерістердің адам ағзасының дамуына қайсысының əсерінің көп екендігі жатады.Қай кезеңде болмасын қайсысының біріншісі жай, екіншісі аз уақыт ішінде, үшіншісі терең емес даму əсері күшті сол мəселеге байланысты болады.
Бесінші мəселе – баланың жалпы психикалық дамуында интеллектуалдық жəне жеке өзгешеліктерінің байланыстары жатады.Оны баланың жас ерекшелік кезеңі немесе интеллектуальдық деңгейі анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет