Дәріс жоспары: .. өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын вгротехникалық талаптар


Машиналардың жұмыс органдары мен көмекші бөліктері



бет4/7
Дата10.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#66706
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Машиналардың жұмыс органдары мен көмекші бөліктері.
Бүріккіштердің цилиндр формалары р е з е р в у а р л а р ы полиэтиленнен дайындалады. Резервуардың үстіңгі жағында қақпақпен тығыз жабылатын сүзгісі бар қылта аузы, қалқыма типті деңгей өлшеуіш шкаласы және эдекторы бар. Төменгі жағына, резервуар ішіне орналастырылған, соның нәтижесінде улы химикаттар ерітіндісін араластыруды қамтамасыз ететін гидравликалық араластырғыштың фланеці мен тұндырғыш бекітілген.

Н а с о с т а р улы сұйықты қысыммен тозаңдандырғышқа жеткізеді де құю құрылысын эжекторды іске қосады. ОН сурет бүріккішінің үш плунжерлі насосы корпустан , үщ плунжерден , қабылдау білігі  мен иінді біліктен  тұрады. Корпус блок түрінде дайындалған. Оның үш цилигдрі, клапанды екі қорабы, иінді біліктің негізгі подшипниктеріне арналған таянышты бүйірлік тіректері және қабылдау білігінің картері бар. )абылдау білігі  шарикті екі подшипникке орнатылған. Біліктің алдыңғы ұшына жұптасқан жұлдызша  бекітілген. Ол екі шарикті подшипникпен айналатын иінді білікті екі шынжырмен айналдырады. Плунжер  қуыс стакан сияқты етіп дайындалған. Ол штоктың  төменгі ұшына топсалы түрде қосылған. Штоктың жоғарғы ұшы астыңғы бүйір жағымен  байланыстырылған.


Плунжерлі сорғылардың көлемді ағынын (дм8 / мин) осы формула бойынша анықтауға болады:



d - поршеннің немесе плунжердің диаметрі, дм;
l - поршеньдің немесе плунжердің соққының ұзындығы, дм;
n - иінді біліктің айналу жылдамдығы, мин-1;
z - цилиндрлер саны (плунжерлер);
E - цилиндрлерді көлемді толтыру коэффициенті, E = 0.85 ... 0.90.
Поршеньдік және плунжерлі сорғылар разряд жүйесінде айтарлықтай жоғары қысым жасайды - 2,5 ... 3 МПа

Астыңғы бүйір жағы иінді біліктің  мойындыңына отырғызылған, үстіңгі бүйір жағына блтпен бұралып тасталынған.


Цилиндр мен плунжердің арасына сальникті сақиналар салынады. Олар втулкамен  қысылады. Сорғыш клапан қорабына үш сорғыш клапан, ал айдауыш клапан қорабына үш айдауыш клапан  қондырылады. Клапандар конус тәрізді, олардың бағыттауыш қырлары бар. "рбір клапан ершікке серіппемен  қысылып қойылады. Насос плунжерлері бірбіріне тәуелсіз екі танкімен жұмыс істейді. Плунжер жоғары қарай қозғалғанда клапан қорабында сиреу пайда болады. Серіппенің қарсы тұру күшін «жеңіп шыққан» сорғыш клапан ашылады. Плунжер төмен қарай қозғалғанда сұйық қысыммен клапан жабылады, ал айдауыш клапан серіппенің қарсы тұру күшін «жеңіп шығып» ашылады. Сөйтіп сұйық айдауыш магистральға құйылады.
Улы химикат ерітіндісі с о р у к о м м у н и к а ц и я с ы м е н резервуардан насосқа беріледі. Коммуникация сору шлангасынан және сүзгіден тұрады. Сүзгінің корпусы мен қақпағы полиэтиленнен дайындалған. Сүзгінің ішінде сүзу элементі және клапан механизмі болады. )ақпақты ашып, сүгіні тазартқанда клапан механизмі оған резервуардан улы химикаттар ерітіндісінің құйылар жолын жабады.
Айдауыш коммуникациясы басқару пультінен, қосу жалғау шлангаларынан және артық сұйықты резервуарға құю шлангасынан тұрады.
Басқару пульті сурет бүріккіштің жұмыс режимін реттеу мен бақылауға арналған. Ол раманың алдыңғы бөлігіндегі арнайы кронштейнге орналасқан. Редукциялық және бөлу клапандары бар. Бүріккішті «жұмыс» және «құю» режиміне ауыстырып қосу құрылғысы, бөлгіш демпферлі құрылғысы бар монометр болып табылады. Жұмыс органдарына келетін сұйық пульт пен демпферлі құрылғының көмегімен беріліп, бөлінеді. Айдауыш коммуникациясындағы сұйық қажетті редукциялық клапанның тұтқасымен  реттеліп сурет, демпферлі құрылғының манометрімен бақыланады.
Сұйық улы химикат ұ ш т ы қ  т о з а ң д а н д ы р ғ ы ш т а р м е н тозаңдандырылады. Ол егіс штангасына немесе брандспойттарға орнатылады. Егіс штангасы дәнді, көкөніс, техникалық дақылдар мен басқа да егіс дақылдарына, жүзімдіктерге бүрку кезінде, ал брандспойттар бақ пен орман алқаптарына бүрку кезінде қолданылады.
Желдеткішті бүріккіштерде ұштықтозаңдандырғыш жүйесінен және желдеткіштен тұратын тозаңдандырғыш құрылғы болады. Тозаңдандырғыш сұйық ағынын ұсақ бөлшектерге бөлнді, ал желдеткіш оларды өңделетін егіс дақылдары мен баққа бағыттайды.

сурет. Егіс штангасы:


Көлденең, вертикаль және артық штаргалары да қолданылады. Көлденең штангалар егіс және көкөніс дақылдарына, картопқа, вертикаль штангалар бұталарға, құлмаққа, жүзімдікке бүріккен кезде арық штангалары жүзімдікке бүріккен кезде қолданылады.


Егіс штангасы сурет жеке жеткізу, аралық және шеткі секциялардан тұрады. Аралық секциялар орталық секциямен топса арқылы қосылған. Осы аралық секцияларда арнайы ұяларға екі тіреуіш доңғалағы отырғызылған. Шеткі секциялар аралық таяныштарға қосылған. Аралық және шеткі секцияларды горизонталь бағытта ауысып орналасудан сақтандыру және тіреуіш доңғалақтарына түсетін күшті азайту үшін егіс штангасына кергіш орнатылады. Секцияларға құрсаулармен полиэтилен түтіктер  бекітілген. Түтіктерге бірбірінен  см қашықтықта ұштық тозаңдандырғыштар  бұралған. Оның корпусы  сурет, штогы , қалрақшасы , реттеуіші , қосалқы гайкасы , тоқтатқышы , сақинасы  бар.
Брандспойттың сурет түтікшесі , корпусы  және тұтқалы стержені  болады. Стерженнің ұшына винтті ойығы бар тозаңдандырғыш қатайтылған. Корпус  қақпақпен  жабылады. )ақпақ пен тозаңдандырғыштың арасына ауыстыру дискілері  орнатылады. Олар өзара саңылауының диаметрімен , , , , , , және  мм ғана ажыратылады. Улы химикаттың жұмсалу мөлшерін өзгерту үшін дискілер ауыстырылады. Ағаштарға бүрку кезінде стерженнің тұтқасын бұра отырып, сұйық ағынының формасы мен диаметрін өзгертуге болары. Тұтқаны бұрғанда тозаңдандырғыштың винтті ойығы корпус бағыттағыштармен сырғанайды. Тозаңдандырғыш дискінің шығар ойығына жақындағанда сұйықтың тозаңы жіңішкеріп, ағынның ұзындығы қысқарады. Дискіден тозаңдандырғышты шығарғанда ағын ұзарады, бірақ сұйықтың тозаңы ірілене түседі.

Бүріккіштердің желдеткіштері ортадан тепкіш және осьтік етіп дайындалады. Ортадан тепкіш желдеткіште ауа сырт қабы қабырғасының саңылауына желдеткіш саңылауларының орналасы орны бойынша сорылады да шығатын келте түтік арқылы ортадан тепкіш күшпен сыртқа бағытталады. Желдеткіштің бұл типі химикатты жақсы тозаңдандырады, бірақ нашар тасымалдайды.


Осьтік желдеткіште ауа желдеткіштің бір жағынан сорылада да екінші жағынан доңғалақпен сыртқа бағытталады. Бұл желдеткіш улы химикаттарды нашар тозаңдандырғанымен, жақсы тасымалдайды.
Желдеткішті бүріккіштердің шығар саңылауларының саптамалар келте түтіктер геометриялық формалары цилиндр, конус, тікбұрышты әр түрлі болады. Олар өңделетін дақылдарына байланысты қажетті қалыпқа қарай бұра отырып бір немесе екі жаққа орналастырылады.
Т о з а ң д а у ы ш б у н к е р і улы химикаттардың ыдысы болып табылады. Ол болат табиғатынан дайындалып, тозаңдауыш рамасына бекітіледі. Бункер үстінен қақпақпен жабылады. Оның төменгі бөлігіне төрт қалақшалы катушкасы бар шнек қоректендіргіш орналастырылады. Шнек пен катушка айналғанда улы химикат бункердің түбіндегі саңылау арқылы науаға түседі. Шнекқоректендіргіштің үстіне улы химикатты араластыратын аударыстырғыш орнатылған. Улы химикаттың жұмсалу мөлшері бункердің астына орналастырылған жапқышпен өзгертіледі. Жапқышты трактордың оң қанатына бекітілген басқару механизмінің рычагымен алмастыруға болады.
Араластырудың қарқындылығы циркуляция коэффициентімен бағаланады, бұл араластырғыштың жұмысының резервуар көлеміне қатынасы ретінде түсініледі:
I=Qm/Vp (137)

Q - араластырғыштың өнімділігі, м3 / с;


Vp - резервуардың көлемі, м3

Ж е л де т к і ш т е р улы химикаттар бөлшектерін өсімдікке жеткізетін ауа ағынын жасауға арналған.


Тоңазытқыш желдеткіші сурет қалақшалы ротордан доңғалақ және спираль формалы құндақтан  тұрады. Шығатын келте түтік фланеціне өтпелі келте түтіе бекітілген. Оған жылжымалы күйде тозаңдандырғыш құрылғы қосылған. Желдеткіш трактордың қуат алу білігінен редуктор арқылы іске қосылады.
Нақты жұмыс режимінен басқа, ол шашыратқыштың жылдамдығы мен енін ескере отырып, пестицидтерді тұтынудың белгілі бір жылдамдығы бойынша жүзеге асырылады. Осы параметрлерді ескере отырып, пестицид бүріккіш арқылы ағып кетеді (дм3 / мин)
q=Q*B*v/600*z (140)
мұндағы
Q - пестицидтің тұтыну мөлшері, дм3 / га;
B - машинаның ені, м;
V - жұмыс жылдамдығы, км / сағ;
z - саңылаулар саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет