Дәріс жоспары: .. өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын вгротехникалық талаптар



бет6/7
Дата10.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#66706
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Тозаңдауыштар тракторға асылады. Машинаның комплектілігі және құрастыру дұрыстығы, тозаңдандырғыш құрылғысы желдеткішінің фланецке бекітілу сенімділігі, қосылыстар мен шылангалардың қалпы, бекіткіштің және мөлшерлеуіштер қаңқасының жұмысы, бүкіл болттардың тартылуы, шынжырдың керілуі тексеріледі. Содан соң құрастырылатын бөліктері майланады да тозаңдауыш аз жиілікте айналдырып, брс жүріспен  минут бапталады. Байқалған ақаулары жөнделген соң тозаңдауыш улы химикаттардың белгіленген жұмсалу нормасына орнатылады.
Улы химикаттардың жұмсалу шамасы g  VBQ формуласымен есептелінеді. Содан соң химикаттың  минуттағы жұмсалу шамасы шығарылады: g  VBQ/, мұндағы gшашылатын улы химикат мөлшері, кг/мин Vагрегаттың жүру жылдамдығы, км/сағ Qулы химикаттың жұмсалу нормасы, кг/га Bалым ені, м.
Бункерге әк ұлпасы салынады, мөлшерлеуіш қалқасының басқару рычагы формуламен анықталған жұмсалу шығынына шамамен сай келетін шкала бойынша қондырылады, тозаңдандырғыш құрылғының астына жәшік немесе астауша қойылып, тозаңдауыш іске қосылады. Бункер босаған соң уақыт белгіленіп, ұнтақ өлшенеді. (нтақ массасын бункердің босау уақытына бөліп, ұнтақтың  минуттағы нақты жұмсалу мөлшері табылады. Белгіленген нормадан ауытқыса, мөлшерлеуіш реттеуіш рычагы қалқасының басқару рычагын шкала бойынша қажет жаққа қарай ауыстыруға болады. Бункер өлшенген ұнтақпен қайта толтырылады. Сөйтіп, тексеру улы химикаттың нақты жұмсалу шамасы белгіленген нормаға келгенше қайталана береді.
Улы химикаттың белгіленген нормасы өңделетін учаскеде де тексеріледі. Бункерге улы химикаттың өлшенген мөлшері салынып, трактордың жұмыс берілісі іске қосылады да, ол учаскемен әрліберлі жүреді. Бункер босаған бойда сол улы химикатпен өңделген алаң өлшенеді. (нтақ массасын алаңға бөліп, улы химикаттың нақты жұмсалу шамасы шығарылады. Егер улы химикаттың жұмсалу шамасы белгіленген нормадан ауытқыса, мөлшерлеуіш қалқасының басқару рычагы қажетті бағытқа жылжытылып, тексеру тағы да қайталанады. Улы химикаттың нақты жұмсалу шамасын белгіленген нормаға сай тексеру қайталана береді.
Дәрілеуіштер. Жұмысқа дайындау кезінде машинаның құрастырылатын бөлшектері, жұмыс органдарының, шлангалардың қалпы мен бекітілуі, шынжырлы және ременьді берілістердің керілуі тексеріледі.
ЦС дәрілеуішіне заводтың нұсқау таблицасы пайдаланыла отырып өнімділігі мен суспензияның жұмсалу мөлшері реттеледі. Тұқым дәрілеу өнімділігі, көрсетілген таблица бойынша, мөлшерлеуіш рычагы шкаланың тиісті бөлігіне қондырылады, сұйық мөлшерлеуіш рычагы шкаланың нөлдік бөлігіне, жұмыс режимін ауыстырып қосқыш “Р” қалпыа қойылады. Дән түсіру буын қабының астына жәшік қойылып, дәрілеуіші  минут іске қосылады. "лгі жәшікке түскен дән өлшеніп, дәрілеуіштің  минуттағы өнімділігі есептелінеді. Тексеру үш рет қайталанады. Оның өнімділігі шкала белгіленген өнімділікке тең келуге тиіс. )ажет кезде дән мөлшерлеуіш рычагы керек тұсқа қарай жылжытылады.
Тұқым дәрілеуге белгіленген өнімділікке және заводтың нұсқау таблицасы бойынша таңдап алынған  тонна дәнге жұмсалатын суспензия нормасына сай сұйық мөлшерлеуіш реттеуіші шкаланың тиісті бөлігіне қондырылады, дән мөлшерлеуіш рычагы нөлдік бөлікке қойылып, сынама алу шүмегі оңға қарай жылжытылады. “№ске қосу” түймесін басып, мөлшерлеуіш қозғалысқа келтіріледі де, өлшеуіш цилиндргет  секунд ішінде түскен суспензияның жұмсалу шамасы анықталады.  минуттағы жұмсалу шамасы шығарылады. Осындай үш рет қайталанып, орташа арифметикалық мөлшер анықталады да тиісті жұмсалу шамасымен салыстырылады. Ол тиісті шамадан ауытқыса, сұйық мөлшерлеуіш реттеуішін қажет жаққа қарай бұрып, қайтадан тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет