Дәріс жоспары: 1 Есептеу кезінде қабылданатын негізгі рұқсаттамалар



Дата13.12.2022
өлшемі298,68 Kb.
#57078

Дәріс №2

Тақырыбы: Қысқа тұйықталу тогын есептеудің жалпы нұсқауы
ЭЭЖ кафедрасының аға оқытушысы:
Кубегенов Мадияр Ералиевич
Электрондық адрес: m.kubegenov@aues.kz
Дәріс жоспары:
2.1 Есептеу кезінде қабылданатын негізгі рұқсаттамалар
2.2 Алмастыру сұлбасын құрастыру және оның параметрлерін есептеу
2.3 Салыстырмалы бірліктер жүйесі

Қысқа тұйықталу тогын есептеудің жалпы нұсқауы

 Дәріс мазмұны: қысқа тұйықталу токтарын есептеу кезіндегі рұқсаттамалар, алмастыру сұлбасын құру және оның параметрлерін есептеу. Салыстырмалы бірліктер жүйесі.

Дәрістің мақсаты: электрлік жүйелердің негізгі элементтерінің алмастыру сұлбаларымен және олардың параметрлерімен танысу. Салыстырмалы бірліктер жүйесін оқып үйрену.

2.1 Есептеу кезінде қабылданатын негізгі рұқсаттамалар

 Күрделі электрлік жүйеде барлық әсер ететін факторларды ескере отырып, өтпелі процессті есептеу өте қиын және көп еңбекті қажет етеді. Оны жеңілдету үшін бірқатар рұқсаттамалар берілуі қажет. Бірақ, бір есеп үшін қолданылған рұқсаттамалар екінші есепке жарамсыз болуы мүмкін. Сондықтан практикалық есептердің көпшілігінде пайдаланылатын рұқсаттамалар төменде көрсетілген:

1) Үш фазалы жүйенің симметриясының сақталуы (ол тек қана ақау болған жерде ғана сақталмайды).

2) Трансформатор мен автотрансформатордың магниттелу токтары ескерілмейді.

3) Магниттік жүйенің қанықпауы (яғни барлық сұлбалардың элементерінің сипаттамасы түзу сызықты болады).

4) Активті кедергілерді ескермеу ( 1000 В дейінгі желілердегі қысқа тұйықталу токтарын есептеулерден және уақыт тұрақтыларын бағамдаудан басқа жағдайлар үшін ).

5) Желілердің сыйымдылық өткізгіштіктерін ескермеу (бір фазалық жерге тұйықталу есебінен басқа жағдайлар үшін).

6) Тұрақты кедергілердің жүктемесін есепке алу.

7) Синхронды машиналардың айналу жылдамдығы тұрақты (өтпелі процессінің бастапқы сатысы үшін t - 0,1....0,2 с).

8) Есептеу сұлбасының ЭҚК-нің векторларының фаза бойынша ығысуын ескермеу.


Өтпелі процесті есептеуде, есептеу техникасын қолданып, кейбір рұқсаттамалардан бас тартуға және сол арқылы есептеудің дәлдігін жоғарылатуға болады. Нәтижесінде өтпелі процессті сипаттайтын құбылыстар толығырақ қамтылады.
2.2 Алмастыру сұлбасын құрастыру және оның параметрлерін есептеу
Электрлік жүйенің өтпелі режімін есептеу алдында принципиялдық сұлба негізінде бір тізбекті есептік сұлба құрылады. Бұл сұлбада аппатық токтардың және оларың құрамдас бөліктері өтуі мүмкін элементтер ғана көрсетіледі.
Есептік сұлбада трансформаторлардың магниттік байланыстары бір эквиваленттік электрлік байланысты тізбекпен көрсетіледі. Күрделі электрлік жүйенің алмастыру сұлбасы жеке элементтердің алмастыру сұлбаларын жалғау арқылы құрастырылады. Және ондағы элементтер есептік сұлбадағыдай жалғанған.
Алмастыру сұлбасы құрылғаннан кейін оның параметрлері аталымдық және салыстырмалы бірліктермен есептеледі, содан кейін алынған мәндер кернеудің негізгі сатысына келтіріледі.
2.3 Салыстырмалы бірліктер жүйесі
Қысқа тұйықталу токтарын есептеуде абсолюттік (аталымдық) және салыстырмалы бірліктер қоданылады.
Салыстырмалы бірліктерді қолданып есептеу кезінде барлық шамалар негізгі немесе базистік мәндермен салыстырылады. Мәндердің салыстырмалы бірліктер арқылы көрсетілуі, есептеу нәтижесіне сұлбаның қандай бөлігі немесе қай элементі әсер ететінін бағалауға ыңғайлы.
Генераторлар мен трансформаторлардың параметрлері белгілі болса, салыстырмалы бірліктер әдісімен генераторлардың шықпаларындағы ҚТ тогын немесе трансформаторлардан кейінгі максималды мүмкін болатын ҚТ тогын оңай анықтауға болады.
Салыстырмалы бірліктер әдісімен есептеуде, алдымен базистік шамалар мен шарттар таңдалады: 
қуат , кернеу , ток , немесе - кедергі.
Негізінде 2 шама беріледі – ол базистік қуат және базистік кернеу, ал екеуі- ток пен кедергі- қуат теңдеуінен және Ом за ңынан алынады.
Әдетте базистік кернеу ретінде номиналды кернеу Uном немесе трансформацияның бір сатысының орташа есептік керне уі Uср қабылданады.
Есептеу нәтижесінде алынған салыстырмалы мәндердің реті ыңғайлы болуы үшін базистік қуаттың мәні таңдап алынады.
Көп жағдайда базистік қуатты 100МВА немесе 1000МВА – тең деп алады, ал кей кезде қандай да бір элементтің номиналды қуатына тоқталады, егер де ол сұлбада бірнеше рет қайталанса.
Салыстырмалы бірліктер шамасы келесідей анықталады:
(2.1)
(2.2)
, 2.3)
, (2.4)
. (2.5)
Мұнда, индекс* (жұлдызша) салыстыралы шаманы көрсетеді, индекс <<б>>-базистік шартқа келтірілгенін көрсетеді.
Базистік кедергі Zб немесе Хб , ереже ретінде 2.4, 2.5 формуларына еңгізілмейді, кернеу және ток немесе қуат арқылы есептелінеді:
, (2.6)
. (2.7)
Салыстырмалы базистік кедергі, осы кедергінің бойымен базистік ток өткен кезде, тізбекке берілген базистік кернеудің қандай бөлігі кедергіге түсетінін көрсетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет