ТОРША СҮЙЕК ( ) бас сүйегінің ең тереңінде орналасқан. Мұрын қуысы және көз шарасықабырғаларының құрылысына қатынасады. Сүйек жарты табақшалардан құралған. Одан төмен қарай перпендикуляр табақша шығады. Одан мұрын қуысының аралығы пайда болады. Осы перпендикуляр табақшаның айналасында торша лабиринттер бар. Олар ауа шұңқыршаларынан тұрады. Лабиринттің ішкі мұрын қуысына қараған бетінде екі сүйек салбырап тұрады. Бұл жоғарғы және ортадағы кеңсірік.