Мұрын қуысы П. Демид Мұрын қуысы (cavitas nasi)



Дата18.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#124360
Байланысты:
Мұрын қуысы-1

Мұрын қуысы

П.Демид

Мұрын қуысы (cavitas nasi)

Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады, иіс сезу мүшесі орналасқан. Мұрынның сыртқы пішіні: түбі, қыры, ұшы және желбезегі болады. Мұрын қуысы сыртқы ортамен танау арқылы, хоаналар арқылы көмекеймен байланысады. Мұрын қуысы жоғарысында бас сүйегінің алдығы шұңқырымен, төменінде ауыз қуысымен, екі бүйірінде көз шарасымен шектеседі.

Мұрын куысы

Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады.

Мұрын қуысының қанмен қамтамасыз етілуі

Мұрын қуысының ең үлкен артерия - сына тәрізді- таңдайлық (a.sphenopalatina), ол сыртқы ұйқы артериясының жоғарғы жақ тармағы болып табылады.


Одан мұрын қуысына мыналар барады:
- артқы мұрындық латералды артериялар (а. Nasalis posterior laterlis)
- мұрын орталығы артериялары (a. nasalis septi)

мұрын қуысы қызметі

  • Мұрын қуысы (1).тыныс алу және (2).иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады.

1
2

Мұрын бітелуі (Ринит)

Ринит, мұрын бітелу – мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар менвирустар тудыра ды. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды.


Емі: аурудың бастапқы кезінде денені жылы ұстап, бал немесе таңқурай қосылған шай ішу, мұрын ішіндегі қан тамырларын тарылтатын ерітінділер (санорин, галозалин, т.б.) қолдану.

гаймор қуысының қабынуы (гайморит)

Гаймориттің негізгі қоздырғыштары- инфекциялар мен бактериялар. Індет мұрын қуысы және қан арқыла гаймор қуысына түсіп, оны зақымдайды. Гайморит кезінде адам қатты әлсіреп, иммундық жүйесі төмендейді. Егер бұл ауруды дер кезінде емдетпесе мұрындағы ірің миға өтіп, менингит ауруын туғызуы мүмкін.


Ауру себептері
Гайморит негізінде тұмау. скарлатина, қызылша және тағы басқа инфекция аурулардың асқынуынан туындайды. Кей жағдайда тіс тамырларының қабынуы да гайморитке әкеп соғады.Бактериялар мен басқа да инфекциялар гаймориттің дамуына жол ашады.Нәтижесіде адам ағзасы әлсіреп, аурулармаен күресе алмағандықтан, басқа да ауру түрлері пайда болады. Сәл еңкейген кездегі шыдатпас ауру да гаймориттің белгісі.

Гаймориттің белгілері


Жедел гайморит кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап кетеді. Бастапқыда ауру мұрынның бітеліп, демалудың қиындап, тамақтың ауруымен шектеледі. Одан соң мұрын қуысына түссіз, жасыл немесе сары сұйықтық аға бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезідеді. Сонымен қатар, гайморит кезінде қызу көтеріліп, адам тез шаршайды, тамаққа тәбеті болмай ұйықтау режимі бұзылады. Ал, гаймориттің созылмалы түрінде қызу онша көтерілмейді. Науқастың иіс сезу қабілеті төмендеп
Ауру белгілері

Назарынызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет