1.ЭНДОМОРФТАР– дене бітімі дөңгелек, орташа толықтықтағы адамдар, мұндай адамдарға ашықтық, адамдармен тіл табыса білу тән,
2.МЕЗОМОРФТАР – денелері тік, күшті келеді, мұндай адамдар көбіне мазасыздыққа бейім, белсенді, бірақ ауруды көп сезіне бермейді.
3.ЭКТОМОРФТАР– дене құрылымының нәзіктігімен және әлжуаздығымен ерекшеленеді, өз-өзіне есеп беруге бейім, сезімталдығы жоғары және ашушаң.
Девиантты мінез-құлықты талдаудың биологиялықтан басқа да тәсілдері бар. Девиацияны психологиялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан өткен дәуір ойшылдары «ақыл-ой» ақаулары, «азғындық», «ақылдың кемдігі», «есалаңдық» сияқты жалпы жай-күйлерді талдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Психоаналитиктер девиантты мінез-құлық пен көптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды.

Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде, немесе мүлдем болмаған кезде туындайды.
Девиацияны түсіндірудің мәдениеттанулық теориясының (Селлин, Миллер, Сутерленд, Клауорд) негізгі идеясы бойынша субмәдениет пен үстемдік етіп тұрған мәдениеттің нормаларының арасындағы шиеленіс девианттық мінез-құлықты туындатады.