Дәріс жоспары



бет2/7
Дата22.02.2022
өлшемі142,2 Kb.
#26120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Протолиттік тепе-теңдік. Гомогенді жүйедегі тепе-теңдіктер массалар әрекеттесу заңындағы тепе-теңдіктің константаларымен сипатталады. Химиялық реакцияның түріне байланысты тепе-теңдік константасы әртүрлі аталады. Мысалы, судың диссоциациясын сипаттайтын константа - судың иондық көбейтіндісі, әлсіз қышқылдар мен негіздердің тепе-теңдік константалары - диссоциациялану немесе иондану константалары болып табылады. Комплекстүзу реакциясы үшін қолданылатын тепе-теңдік константалары – тұрақтылық және тұрақсыздық константалары деп аталады. Аналитикалық химияда қышқылдық пен негіздік заттардың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. С. Аррениус ұсынған электролиттік диссоциация теориясы (1887ж.) бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану кезінде сутек ионын (Н+) бөліп шығаратын заттар, ал негіздер дегеніміз диссоциациялану кезінде гидроксид ионын (ОН-) бөліп шығаратын заттар. Бұл ұғымға сәйкес келетін қышқылдар – НCl, HNO3, H2SO4, H3PO4 т.б. минералды қышқылдар және бір негізді RCOOH органикалық қышқылдар, бұл қышқылдар ионданғанда сутек ионын бөліп шығарады, HCl ⇆ H+ + Cl-. Негіздерге КОН, Са(ОН)2 т.б. жатқызды, NaOH ⇆Na++OH-. Бұл теорияның кемшілігі, аминдер, амидтер, пиридин т.б. органикалық қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін түсіндіре алмады. Мысалы, пиридин құрамында гидроксил тобы жоқ, бірақ сумен әрекеттескенде гидроксил ионын ОН- бөліп шығарады: С5Н5N + H2O ↔ С5Н5NH+ + OH-. Бұл теория органикалық қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін түсіндіре алмайды. 1923 жылы Й.Н.Бренстед пен Т.М.Лоури қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша қышқыл - протон доноры, ал негіз - протон акцепторы. Яғни, қышқылдарға иондану кезінде протонды бөліп шығаратын, ал негізге протонды қосып алатын қосылыстарды жатқызды. Бұл теория бойынша катиондарда, аниондарда және бейтарап молекулаларда қышқылдар мен негіздер болуы мүмкін. Мысалы, HCN ⇆ H+ + CN-

қышқыл негіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет