№4 сабақ ТАҚЫРЫБЫ: Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы туралы түсінік. Судағы протолиттік тепе-теңдік. Әлсіз қышқылдар мен негіздер күшінің сипаттамасы. Қышқылдық және негіздік тұрақтылары және олардың көрсеткіштері. Буферлік жүйелер (ертінділер). Буферлік ертінділердің рН есептеу, талдау әдісінде буферлік жүйелерді қолдану.
МАҚСАТЫ: Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясының негізгі түсініктерімен танысу, алған білімдерін практикалық талдауда және теориялық есептерді шығарғанда қолдануға үйрену. Буферлік жүйелердің рН мәндерін есептеу жолымен, негізгі түсініктерімен, сондай-ақ медицинада, химияда қолданылуымен танысу.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Протолиттік тепе-теңдік.