Ежелгі гректердің айтуынша, ғылымды дамыту дегеніміз – жаңа білім өндірудің әдістерін, тәсілдерін үйрену.
Ойлау процесіне көңіл аударды. Тек фактіге негізделген білімді ғана жинамай, бір пікірден логикалық жолмен жаңа пікір, қорытынды шығарді. Ғылыми пікірлерді жүйелеп, тәртіпке келтірді.
Ғылыми білімнің негізгі белгілерін анықтап берді:
Ғылыми білімді басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады.
Ғылыми таным аса маңызды белгісі – таным әдістеріне қатал талап қойылуы, жаңа білім алуды қадағалау.
Ғылым қайталанып тұратын құбылыстарды зерттейді, олардың бәріне тән заңдылықтарды ашады.
Ғылыми білімнің мазмұны – субъектіге тәуелсіз объективті ақиқат болуы керек.
Грецияда жасалынған логикалық талдау объектісі заттар мен құбылыстардың өзі емес, олардың ойдағы бейнесі болды.
Антика заманында ғылыми теориялық білімнің үлгісін Евклид геометриясы жасап берді. Белгілі ақиқат білімнен көптеген геометриялық білімдерді логикалық жолмен шығару.
Пифагор
Пифагор – пифагорлық одақтың негізін қалаушы. Ол Самос аралында туған. Фалестің ақыл-кеңесімен Египетке барған ол 22 жыл бойы египеттік балгерлерден дәріс алды. Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді: “сан мен өлшем жоқ жерде хаос үстемдік етеді”, демек, барлық тірліктің негізі сан дейді. “Әлемде сұлулықтан басқа ештеңе жоқ, ал, сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан саннан бөтен түк таппайсың” дейді.
(б.д.д. 576-496 жж.)
Эфестік Гераклит
Эфестік Гераклит – диалектиканың негізін қалаушылардың бірі. Гераклит Эфес қаласында туылған. Гераклит идеяларының мазмұндалуы қиындығымен ерекшеленді, сол үшін оны көзі тірісінде “қараңғы” деп атады. Ол материалды. Гераклит дүниенің үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатындығын және қозғалыстың көзі қайшылықта екендігін айтқан алғашқы ойшылдардың бірі.