дәріс. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы – сағ



бет3/11
Дата16.02.2022
өлшемі58,68 Kb.
#25609
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2-бет

  • Жылдың аяғына қарай республикадағы 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Металл өңдейтін 6 зауыт іске осылды.Тамақ, жеңіл және қолөнер кәсіпорындары қалпына келтіріліп жатты. Губерния ортылықтарының бәрінде диірмендер, былғары, тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ- киім, ер-тұрман шығаратын шеберханалардың жұмысы қайта басталды. Жергілікті өкімет органдары темір жол транспортын қалпына келтіруге көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына қарай негізгі магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, байланыс желілері қалпына келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман республика өнеркәсібінде 162 кәсіпорын жұмыс істеді. Қазақстанды қалпына келтіру дәуірінің басында 1500-ге тарта ұсақ мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындары болса, бұлардан тек қана ондаған зауыт-фабрика, кеніш, шахта, мұнай кәсіпшілігі, көмір-кен орындары ғана жұмыс істеді.
  • 1920 жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бірлесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс істеді. Бірақ бұлардың бәрі әлсіз болып, оларда құрал-сайман, күш-көлік, тұқымдық астық, айналым қаржы жетіспеді. 1919 жылы сәуірде уездік және губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің жанынан мәдени-ағарту ұйымдары құрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, сауатсыздықты жою мектептері жұмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, үгіт қызыл керуендерін, ал темір жол бойында - үгіт вагондарын ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.
  • 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет