дәріс. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы – сағ



бет2/11
Дата16.02.2022
өлшемі58,68 Kb.
#25609
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар ұйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азат етілген территорияларда халық шаруашылығын қалпына келтіру, экономиканы көтеру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстарын жүргізді. Өлкенің соғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. Қиыншылықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан еңбекшілері күйзелушілікке қарсы күресті. Басты шарттардың бірі - отын өндіруді арттыру және кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру болды. Өнеркәсіпке отын беру үшін Орал-Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріліп, Ембі-Атырау мұнай құбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920 жылғы наурыз- маусым айларында Ембі мұнай кәсіпшіліктерінен көліктің барлық мүмкіндіктерімен және су жолы арқылы 17452 пұт мұнай тасылды. Қарағанды мен Екібастұздың шахталары қалпына келтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастұздың шахтерлары 3 млн. пұттан астам көмір өндірді. Екібастұз зауытында, Риддер кенішінде қорғасын концентраттарының қорынан қорғасын қорыту жұмысы жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн. пұт тұз өндірілді. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жұмыс істей бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет