Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі



бет6/14
Дата25.11.2023
өлшемі2,35 Mb.
#126858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дәріс-кешені (1)

ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.

  1. Есту диапазонының динамикасы және жиілігі

  2. Естуге бейімделу

  3. Есту сезімталдығы. Дискомфорт

  4. Есту төзімділігі. Кеңістіктік есту

7.1 Есту диапазонының динамикасы және жиілігі Организмнің есту функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құблыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің тербелмелі қозғалыстары болып табылады.Бұл тербелістер толқын түрінде ауда, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауаның периодты тербелістерін қабылдап, олрады механиакалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды. Қабылдаудың субьективті түрі есту түйсігі. Дыбыс жиілігі (тональдыгы). Адамның құлағы тербеліс жиілігі 1 6 мен 20.000 Гц арасындағы дыбыстарды қабылдайды. Жас ұлғайғанда қабылданатын дыбыстың жоғарғы шегі біртіндеп төмендейді. Көп жануарларда мұндай шек адамдағыдан гөрі әлдеқайда биік болады. Мәселен, адам құлағы естімейтін (ультра) дыбыстарға итте шартты рефлекстер жасалады. Екі дыбыстың тербеліс жиіліктеріндегі айыруға болатын ең аз айырмашылық айыру табалдырығы деп аталады. Төменгі және орташа жиіліктегі дыбыстар үшін мұндай табалдырық адамда 1-2 Гц-тей. Әрине, есту кабілеті ерекше жоғары адамдар да бар.


7.2 .Естуге бейімделу Егер бір дыбыс құлаққа ұзақ әсер етсе (10 сек-тан бірнеше мин-қа дейін), есту сезгіштігі біртіндеп төмендей береді. Осы құбылыс адаптация деп аталады. Адаптация дәрежесі дыбыстың күшіне және жиілігіне байланысты болады. Адаптация
кезінде есту табалдырығы жоғарылайды. Бірақ, әдетте, дыбыс әсері тоқтаған соң аз уакытта-ақ (200-230 мс ішінде) табалдырық өз қалпына келеді. Табалдырықтан жоғары дыбыстар шамадан артық ұзақ уақыт бойы және қайталап әсер ете берсе, есту анализаторында шаршау туғызады. Бұл жағдайда төмендеген дыбыс сезгіштік баяу қалпына келеді. Мәселен, шуылы көп цехтарда жұмыс істейтіндерде, алғашқыда есту жүйесінің шаршауы байқалады, ал кейін корти органындағы түкті клеткалардағы өзгерістерде байланысты сараң есту пайда болады.
7.3.Есту сезімталдығы Егер адам әсер еткен дыбстың минимальды күшінің жартысын қабылдаса, бұл оның абсолютті есту сезгіштігіне керсеткіш бола алады. Есту табалдырығы дыбыс жиілігіне байланысты көп өзгереді. Еңжоғарғы сезгішіік І000 мен 4000 Гц. жиілік арасында байқалады. Бұлардың шеңберінде 1-102 Вт/ м2 /1- ІО9 эрг/с.см2-дей ғана энергиясы бар болымсыз дыбыстар қабылданады. 1000 Гц-тен төмен және 4000 Гц-тен жоғары дыбыстарға сезгіштік күрт төмендейді. Мәселен 20 және 20000 Гц-те дыбыстың табалдырық энергиясы 1-10 Вт/м2 (1эрг/с. см2) шамасындай болуы тиіс. Дискомфорт Егер адам көп шулы жерлерде жүргенде әр түрлі жаман сезімдерде болады. Мысалға: дискотекалық кештердегі әр түрлі музыкалық шулар, адамдар арасындағы көп шудың болуы, завод фабрикадағы шулар адам құлағын әлсіретеді.Осы құблыс кезінде адам дискомфортқа ұшырайды.
7.4 .Есту төзімділігі Мұның бірлігі бел (Б) деп аталады. Бел -әсер етуші дыбыс шамасының (1) оның табалдырық шамасына (Іо) қатынасының ондық логарифмі. Әдетте, өмірде дыбыс қаттылығының бірлігі етіп децибелды (дБ) яғни, 0,1 белды қолданады.
Дыбыс күші өскенде қаттылықтың артуы оньщ жиілігіне байланысты әр түрлі болады. Естілетін дыбыстың орташа диапазонында (1000 Гц) адам оның шамасының небәрі 0,59 дБ-ге (5,9- 102 Б) өзгергенін, ал оның екі шетінде (жоғарғы жөне төменгі шектерінде) қаттылықты ажырату табалдырығы дифференциялық табалдырық 3 дБ (0,3 Б)-ге дейін жетеді. Қатгылықтың құлақты ауыртатын максимальді денгейі ол есту табалдырығынан 130-140 дБ-ге артқанда байқалады.
7.Кеңістіктік есту. Адам мен жануарлардың дыбыс көзінің кеңістіктегі орнын (локализациясын) анықтай алу кабілеті кеңістіктік есту деп аталады. Кеңістіктегі есту бағдарлауы екі жолмен жүреді. Бірінші жағдайда дыбыс шығаратын объектінің, тұрған орны анықталады, (алғашқы локализация), ал екіншісінде - әр түрлі объектілерден (мысалы, адамнан, жануардан) шағылысқан дыбыс толқындары қабылданады (дыбысты соңғы локализациялау немесе эхолокация). Эхолокация көмегімен біраз жануарлар (дельфиндер, жарқанаттар), көзі көрмейтін кісілер, сондай-ақ қараңғы жағдайға тап болған қалыпты көретін адамдар кеңістікте бағдарлау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет