Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы



бет43/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

Өндіріс - өмірге қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатында адамдардың табиғатты түрлендіруін сипаттайтын адам мен табиғат арасындаға зат алмасуын бейнелейтін ұғым. Қажетін тек табиғи өнімдер арқылы қанағаттандыратын жауарлардың адамдардың артықшылықғы өмірге қажет нәрселердің бәрін-тамақ, киім, тұрғын үй және тағы басқаларды өздері өндіреді. Осылай өндіріс адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларына ортақ адамзаттың өмір сүруінің табиғи, қажетті шарты болып табылады.

Кез келген затты өндіруге үш нәрсе қажет, оны жасауға жұмсалатын формаға келтіру үшін қолданылатын еңбек құралдары, адамның мақсатты қызметі, оның еңбегі. Материалдық игіліктерді өндіру кезінде адамдар үнемі бірлесіп қызмет істейді және олар бір-бірімен өзара байланыста, қоғамдық қатынаста болады, сондықтан материалдық игіліктер өндіру әрқашан қоғамдық өндіріс блып табылады. Материалдық игіліктер өндірісіне екі түрлі қатынастар тән: өндіргіш күштер – адамның табиғатқа үстемдік ету дәрежесін бейнелейді (бұл өндіріс процесінің мазмұнын көрсетеді); өндірістік қатынастар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды бейнелейді (материалдық өндіріс процесінің қоғамдық сипатын көрсетеді). Өндіріс белгілі бір тарихи өндіріс тәсілі ретінде өмір сүреді. Өндіргіш күштер - тарихи процестің негізгі және анықтаушы дерегін білдіретін тарихтағы материалистік ұғынудың басты категорияларының бірі. Қоғамның дамуының қозғаушы күштері – қоғамның өмір сүруі мен әрекет етуін қамтамасыз ететін мәнді, қажетті, ұзақ ықпал ететін себептері. Қоғам дамуының қозғаушы күштері қатарына қоғамдық қайшылықтар, оны шешуге бағытталған әлеуметтік субьектілердің прогрессивті қызметі, ондай қызметтің (мұқтаждық, мүдде) түрткі болған күштері жатады. Қоғамның даму процесі, оның жоғары қарай ілгері бсуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама-қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқынды секірістері арқылы жүзеге асырылады.

Халық бұқарасы - әлеуметтік күштердің нақтылы-тарихи жиынтығы. Рухани мүдделер – қоғамның эстетикалық, адамгершілік, діни мүдделері – оның білімге, мәдениетке, оқуға ұмтылуы. Материалдық және рухани мүдделер бір-бірімен тығыз байланысты болып, олар бір-біріне ықпал етеді.

Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүделеррі арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта-ықыласы, көзқарастары жүзеге асырылады. Қоғамдағы қалыптасқан немесе етек алған қайшылықтар қалай шешілуі керек, ол үшін қандай әдіс-айла қолдану керек, бұлардың бәрі қоғамдық ынта-ықыласта бейнеленеді. Мүдделер мен ынта-ықылас, көзқарас арасында тығыз байланыс бар. Қоғам неғұрлым жоғры дамыған сайын ондағы сан салалы прогресті күрделендіру арқылы ауқымды ілгерілеу бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субьективті факторларға тікелей байланысты екенін байқаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет