Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырыпқа қатысты сұрақтар



бет42/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Қоғам өзіндік даму жүйесі ретінде.

2.Қоғам ұғымы және функциясы. Қоғамның түрлері және олардың қызметтері

3. Табиғат қоғам дамуының және өмірдің табиғи негізі ретінде.



Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және жеке (индивидуалданған) адам болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің бүкіл кешененіне қатынасы бар екені де белгілі. «Әлеуметтік және индивидуалды болмысқа» тарих та, мәдениетте, жеке адам болмысы да кіреді. Тарихтың, мәдениеттің, экономиканың және «жеке философиялары» бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтауға қиынға түседі. Қазіргі кезде «әлеуметтік философия» деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп шығады.

Ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның саяси-құқықтық ұйымдасуы жөнінде ілімдердің зор ықпалы философияда пәндік тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағы бөлініп шығуына алып келді. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысынң логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп аталды.

Әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары (Н.А. Бердяев, И.А. Ильин, П.А. Флоренский, С.Н. Булгаков), С.Л. Франктың (1877-1905) әлеуметтік философияға қатысты пайымдауларын, 1929 жылы ол өзінің шығармаларының бірі – «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол мынандай анықтама береді: «... әлеуметтік философия мәселесі - бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді». Оның пікірінше, әлеуметтік философия – «қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным. «Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады». Әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық «әлемдерінің» - тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық білім саласы. С.Л. Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық, феодалдық қоғам, капиталистік, француз қоғамы, демократиялық қоғам. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты қоғам деп атаймыз. Бірінші, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.

Қазіргі қоғамда меншіктің өзара тең, сан алуан түрлері пайда болды. Жаңа таптар мен топтар, жіктер қалыптаса бастады. Сөйтіп оның әлеуметтік құрылымы елеулі өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жаңа түсінік қалыптасуда. Әлеуметтік құрылым (лат. – құрылым) өзара байланысты, бір-біріне әсер етуші әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың және олардың өзара қатынасының жиынтығы. Адамдар өмір сүру үшін белгілі бір қоғамдық қатынасқа енеді. Бірінші кезекте, өндрістік топтарға бірігіп қызмет атқарады, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, моральдық, құқықтық қатынаста болады. Әлеуметтік құрылым біздің өмір шындығымызды түсіндірудің негізі болып есептеледі. Әрбір адамның өз мәртебесіяғни әлеуметтік орны бар дедік. Олар белгілі бір топтарға, таптарға, жіктерге жатады. Әлеуметтік-демографиялық құрылымға басқа да көрсеткіштер жатады. Қоғамның демографиялық мөлшері бір қоғамның екінші бір қоғамнан айырмашылықтарын да сипаттайды.

Қоғамның әлеуметтік құрылымдары өзара байланысты, екіншіден бұл құрылымдар бүкіл қоғамды сипаттайды.

Қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтерінің құрылымын, оның мәнінің негізін, сапалық өзгешелігін сипаттау үшін, негізгі, шешуші қатынастарды негізгі емес, туынды қатынастардан айыру қажет. Қоғамдық-экономикалық формация – қоғамның тарихи типі, ол белгілі бір өндіріс әдісіне негізделеді және адамзаттың дүниежүзі тарихының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, құл иеленушілік құрылыс, феодализм және капитализм құрылыс ормациясына қарай дамуының сатысы болып табылады. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол ұғымды дүниеге әкелген Маркс емес. Құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капитализм, тіпті социализм ұғымдары Маркске дейін болған. Маркс олардың олардың тек ғылыми даму заңдылығын көрсетті, сырын ашты. Бір формация екінші формациямен қалай алмасып отырғанын көрсетті. Оның негізі өндіріс тәсіліне жатыр. Олай болса, олардың өзгеріп, дамуының обьективті заңдылықтары бар деді. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Бірақ Маркс баласы даму тарихын оған дейінгі белгілі бес формациямен ғана шектеді. Жаңа пікір қоспады. Мұнысы өмірге де, диалектикаға да қайшы еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет