Желілік навигация Желілік навигация компьютерлік гиперортада өзіндік қозғалыс процесі болып табылады. Сызықты емес іздеуді және мәліметтерді талап ету құрамындағы әдісті клиентке еркін түрде береді.
Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы Интернет комплексті сервис болғандықтан, оның жеке сипаттамаларын таңдап және қолдану кезінде көрсету керек. Кестеде коммуникация түріндегі Internet коммуникациялық сервис анализінің нәтижесі, коммуникация моделінің құрамында жатқан, көрсетілген мәліметтер түріне ,симметриялық кері байланыс және интерактивті қарым-қатынасы көрсетілген.
Кесте 2.1 - Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы
Көрсетілген мәліметтер Интернет ортасының қолдану әдістерінің коммуникациялық кең диапазонды түрлері көрсетілген. Нақты есептерді шығару кезінде әрбір Интернет сервисінің жеке анализдері қажет.
Cookies қалай жұмыс істейді.
Cookies – кішкене мәтіндік жазбалар, олар пайдаланушының компьютерінде сервердің сұранысы бойынша браузермен сақталынады. Бұл мәтіндік ақпарат пайдаланушы компьютерінде жойылғанша сақталынады. Пайдаланушының Web-серверге қатынасу тарихы сақталған cookies–ті көптеген серверлер жібереді. Бұл жағдай сайттарға қатынасушыларды нақты бақылай отырып, сайттарды пайдаланушыларға және олардың иелеріне қосымша сервистер ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы: сайт иелері өздерінің сайтын неше адам қарағанын, сайтқа бірінші кім кіргенін, кім қайталап кіргенін білу өте маңызды. Бұл мәселе cookies технологиясының көмегімен оңай шешіледі. Web-сайттың программалық жасауы әрбір келушінің ерекше ID нөмірін ажыратып, пайдаланушыға жібере алады және ол пайдалану компьютерінде сақталынады. Қайталап келу кезінде бұл мәліметтер оқылып, Web-сайт өзінің келушісін таниды. Ары қарай берілген бетке келу барысында сіздің cookies-дегі ақпараттар өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар сервер әртүрлі cookies-терді Web-сайттың әртүрлі бөліктерімен ассоциациялауы мүмкін екенін атап өткен жөн. Cookies серверлерге келесіде келу кезінде пайдаланушыға жеке қызмет көрсете алатындай түрде түйін жұмысын келтіреді. Мысалы: оған бір жарнаманы қайталап көрсетпеуге, беттерді оның алдындағы келтірулерді ескеру арқылы қарауға мүмкіндік беру. Сервер пайдаланушының оған дейінгі қатысуларын және ол енгізген келтірулерді есте сақтамайды. Cookies технологиясын пайдалану пайдаланушыны есте сақтауға мүмкіндік береді, cookies файлдарынан оның атын, дербес келтірулерін және т.б. оқу арқылы Cookies-тің уақыттық және тұрақты файлдарын ажыратады. Cookies уақыттық файлдары пайдаланушы компьютерінде тек ағымдағы браузер сеансы барысында сақталып тұрады, ал тұрақтылары пайдаланушы компьютерде сақталынады және қайталап келу барысында Web–түйінмен оқылады. Cookies технологиясының көмегімен сайт иесі пайдаланушының сайт ішіндегі орын ауыстыруларын бақылап, оның қалауы туралы мәліметтер алуға және оны жарнамалық мақсаттарға қолдана алады. Cookies пайдаланушы жайында түйінге келу кезінде таңдаған анықталған жеке келтірулерді және пайдаланушы өзі сәйкес тіркеу нысандарына енгізген жеке идентификациялық мәліметтері секілді мәліметтер сақталады. Серверден алынған cookies–терде тек қана пайдаланушы өзі серверге жіберген дербес мәліметтері ғана сақталынады. Cookies-ті сақтау браузер пайдаланушы компьютердегі анықталған мәліметтер базасына енгізуі тиіс. Егер сіз Miсrosoft Internet Explorer–ді пайдалансаңыз, онда сіздің компьютерде бұл мәліметтер базасы аттары пайдаланушы және сервер аттарынан тұратын папка немесе файл түрінде берілген. Мысалы: sanat@spylog[2].txt.
Мысалы:sanat@spylog[2].txt файлы келесі түрге ие:
VISIDSVWDOBAOFOTIYBYDIPspylog.com/1024136250380829567102216316196829530892*
Бұл мәтіндік жолда келуші кірген сайт аты spylog.com және қызметтік ақпарат бар. Әдетте браузерде cookies-тің максималды мөлшеріне (4 Кбайттан көп емес), cookies-тің жалпы санына (500 артық емес) және бір сервер үшін сақталған cookies-тердің максималды санына (20-ға жуық) шектеулер бар.
Cookies-тердің шамасы аз және мәліметтердің үлкен көлемін сыйғыза алмайды. Әдетте осы немесе басқа келуші кірген сайттар, оған көрсетілген жарнамалар, ол тапсырыс берген тауарлар тізімі және т.б. туралы ақпараттар Web-серверде сақталынады, ал cookies осы ақпараттарды іздеу үшін пайдаланылады. Cookies технологиясы жекелеген дербес беттерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: егер сіз өз cookies-ті қандай да ауа-райын көрсететін сайтқа тіркелу кезінде берсеңіз, онда ол арнайы сіздің аймағыңыз үшін ауа-райын хабарлап тұрады. Электронды коммерция сайттары cookies-ті сатып алушылар кәрзеңкесін жасау үшін қолданылады. Сіздің кәрзеңкеңізге қосып жатқан барлық өнімдер туралы ақпараттар Web-сервердің мәліметтер базасында сіздің ID–іңізбен бірге сақталады. Егер сіз шотыңызды алғыңыз келсе, серверге сіз тапсырыс берген барлық тауарлар мәлім, сондықтан оған мәліметтер базасынан олардың құны туралы мәліметтер алу және сізге шотты беру қиын емес. Басқа компьютерден Web-сайттарға кіру барысында олар компьютерге қажет емес cookies-терді енгізуі мүмкін (компьютер иесінің емес, яғни қонақтың келтірулерімен ассоциацияланады).
Осындай жағдайда cookies-ті орналастыруға тыйым салып немесе жұмыстың аяқталуымен оны жоюға болады.
Cookies-ті жою сіздің компьютеріңіздің жұмыс қабілеттілігі жағынан тиімді, бірақ есте сақтаған жөн, егер сіз жиі кіретін сайтқа тиісті cookies-ті жойсаңыз, онда бұл cookies-термен бірге сіздің келтірулеріңіз жойылуы мүмкін.
Cookies-те қандай проблемалар пайда болады? Егер қандай да бір сайтқа бір ДК-ді пайдалана отырып бірнеше адам қатысса, онда келуші Web-сервер әртүрлі келушілерді бір адам ретінде қабылдайды және олардың дербес келтірулерін шатастырады.
Егер сіз интернетке кіру үшін әртүрлі компьютерді пайдалансаңыз (біреуі үйде, екіншісі офисте) онда әрбір жағдайда барлық 3 компьютерде әртүрлі cookies-файлдар болады. Сонымен қатар cookies-тер өшіріледі (мысалы:жүйені қайта орнату барысында). Сол себептен егер сіз cookies-ті жойсаңыз және алдында кірген сайтыңызға қатыссаңыз, ол сізді жаңа пайдаланушы ретінде қабылдайды.
Бұл қиыншылықтардың барлығын сайтта тіркелу арқылы айналып өтуге болады. Бұл жағдайда сервер сіздің қай компьютерден кіріп отырғаныңызға тәуелсіз сіздің логиніңізбен, парольмен бірге cookies сақталады және сізге дұрыс ақпарат ұсынылады. Cookies мәтіндік түрде сақталғандықтан, пайдаланушы оны жоя алады немесе өзгерістер енгізе алады, Web-қолданбаны құрастырушылар әдетте cookies-те тек маңызды мәліметтерді сақтамайды және Web-сервердің жұмысын ол пайдаланушы дискіне орналастыруға тыйым салған жағдайда да жұмыс жасайтындай етіп ұйымдастырады. Дискіде cookies-тің болуы пайдаланушы қандай сайттарға кіргенін талдауға, кейбір жағдайда пайдаланушы нақты сайтқа хабарлаған мәліметтерді де талдауға мүмкіндік береді.