Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет24/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Бақылау сұрақтары:

  1. Кез-келген ЭЕМ-да есептеу нәтижесіне қол жеткізу үшін қолданылатын стандартты схема.

  2. Параллель компьютерлерде кезкелген есепті шешу процесіне қатысты этаптар.

  3. Ішкі циклдарды векторлау.

  4. Жекелеген фрагменттерін параллельдеу.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


16-Дәріс
Тақырыбы: Р. Хокни классификациясы.
Жоспар:

  1. Р. Хокни классификациясы.

  2. Р. Хокни классификациясының негізгі идеясы



Р. Хокни классификациясы. Жоғарыда айтылғандай, MIMD класы өте кең және ол архитектуралардың көптеген әртүрлі типтерін өзіне біріктіреді. Хокни осы Флин жүйелеуі бойынша MIMD класына кіретін компьютерлерді одан ары терең бөлшектеп жүйелеу үшін өз тәсілін құрастырды. Осы класс ішінде архитектураны жүйелеу нәтижесінде ол төмендегі 23-ші суретте келтірілген иерархиялық құрылымды алды.

23 сурет. MIMD класына Р. Хокнидың қосымша классификациясы
Р. Хокни классификациясының негізгі идеясы келесідей. Командалардың көптеген ағыны екі тәсілмен өңделуі мүмкін: жеке ағын үшін уақытты бөлу режимінде жұмыс істейтін бір конвейерлік құрылғымен, болмаса әрбір ағын өзінің жеке құрылғысымен өңделеді. Бірінші мүмкіндік MIMD компьютерлерде пайдаланылады, оларды Хокни конвейерлік деп атайды. Бұларға, мысалы Denelcor HEP процессорлық модульдері немесе Tera MTA типті компьютерлерді жатқызуға болады.
Екінші мүмкіндікті пайдаланатын архитектуралар, өз кезегінде, тағы екі класқа бөлінеді. Бірінші класына айырып/қосқыш көмегімен іске асатын, әрбір процессор арасында тікелей байланыс орнатылуы мүмкін MIMD компьютерлері кіреді. Екінші класына, әрбір процессор желідегі жақын көршілерімен ғана тікелей байланыс орнатуы мүмкін, ал қашықтағы процессорлар арасындағы байланыс арнайы маршруттық жүйе арқылы іске асатын MIMD компьютерлері кіреді.
Айырып/қосқышы бар MIMD машиналарының ішінен Хокни барлық жады процессорларға бөлініп берілген (локалды жады сияқты) машиналарды (мысалы PASM, PRINGLE, SMP торабынсыз IBM SP2) бөліп қарастырады. Бұл жағдайда процессорлар арасындағы қатынас компьютердің айтарлықтай бөлігін құрайтын күрделі айырып/қосқыш көмегімен іске асырылады. Мұндай машиналар таратылған жадылы MIMD машиналары деп аталады. Егер жады, барлық процессорға айырып/қосқыш арқылы қол жетімді болатын бөлінетін ресурс болса, онда MIMD машиналары ортақ жадылы есептеу жүйелеріне жатқызылады (BBN Butterfly, Cray C90).
Айырып/қосқыш типіне сәйкес классификацияны одан ары жүргізуге болады: қарапайым айырып/қосқыш, көпкаскадты айырып/қосқыш, ортақ шина және т.б. Қазіргі заманғы көптеген есептеу жүйелерінде ортақ бөлінетін жадымен қатар таратылған локальды жадылар да қарастырылған. Мұндай жүйелерді автор гибридті айырып/қосқышымен MIMD машиналары деп бөледі.
Желілік құрылымды MIMD машиналарын қарастырғанда, олардың барлығы таратылған жадылы деп есептеледі, ал классификация одан ары желі топологиясына сәйкес жүргізіледі: жұлдыз тәрізді желі (ICAP), түрлі өлшемдегі регулярлық торлар (Intel Paragon, Cray T3D), гиперкубтар (Ncube, Intel iPSC), ағаштар, пирамидалар, кластерлер (Cm*, CEDAR) секілді иерархиялық құрылымды желілер және де өз конфигурацияларын өзгертетін желілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет