Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет25/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Бақылау сұрақтары:

  1. Арнайы маршруттық жүйе.

  2. Таратылған жадылы MIMD машиналары.

  3. Р. Хокни классификациясының негізгі идеясы.

  4. Айырып/қосқыш типіне сәйкес классификациясы.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


17-Дәріс
Тақырыбы: Векторлы-конвейерлік компьютерлер.
Жоспар:

  1. Жедел жады құрылымы.

  2. Енгізу/шығару секциясы.

Алғашқы Cray-1 компьютері 1976 жылы құрастырылып пайдалануға берілгеннен кейін векторлы-конвейерлік компьютерлердің тарихы басталды десе болады. Бұл суперкомпьютердің архитектурасы өте сәтті шыққандықтан, артынша, бірнеше өте ұқсас суперкомпьютерлер жасалынып, оның атауы өте қуатты есептеу техникаларының белгісі ретінде қабылданды.


Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап, векторлық компьютерлер өз орындарын таратылған жадылы массивті-параллель компьютерлерге бере бастады.
Алайда, 2002 жылы NEC корпорациясы негізін векторлық процессорлар құрайтын «the Earth Simulator» параллель есептеу жүйесін құрудың негізгі жұмыстары аяқталды деп хабарлады. Бұл жүйе 640 есептеу торабынан тұрды, әр торапқа 8 векторлық процессордан жинақталып, жүйе барлығы 5120 процессорды қамтыды.
Сонымен, Cray C90 – өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында өмірге келген векторлы-конвейерлік компьютер. Компьютердің максималды конфигурациясына, ортақ жадымен жұмыс істейтін, бірдей 16 процессор енгізілген. Компьютердің такті уақыты 4,1 нс, ол шамамен 250 МГц тактілік жиілігіне сәйкес келеді. 24-ші суретте Cray C90 компьютерінің жалпы сүлбесі және ондағы бір процессордың құрылымы толық келтірілген.
Cray C90 компьютеріндегі процессорлар бірдей және олар ондағы барлық бөлінетін ресурстарға қатысты тең құқылы: жады, енгізу/шығару секциясы және процессор аралық өзара қатынас секциясы. Олардың ерекшеліктерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет