Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Процессордың регистрлік құрылымы



бет28/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Процессордың регистрлік құрылымы
Әрбір процессорда негізгі және аралық регистрлер жиыны болады. Негізгі регистрлерге адрестік регистрлер А, скалярлық регистрлер S және векторлық регистрлер V жатады. Жады және негізгі регистрлер арасындағы аралық сақтаушы рөлін атқаратын аралық В және Т регистрлері, сәйкесінше А және S регистрлері үшін де қарастырылған. Барлық негізгі регистрлер жадымен және функционалдық құрылғылармен байланысқан, ал А және S регистрлері сәйкес аралық регистрлермен қосымша байланыс түзейді. Аралық регистрлер тек жадымен және негізгі регистрлермен байланысқан, олардың функционалдық құрылғылармен тікелей байланысы жоқ. Айта кету керек, бұл компьютерде дәстүрлі кэш-жады да қарастырылмаған.
Компьютер құрылымында 8 адрестік регистрлер, негізінен А жиынында және 64 регистр аралық В жиынында қарастырылған. Адрестік регистрлер адрестерді, ығысулар шамасын көрсету, цикл итерациялар санын және т.б. есептеуге және сақтауға арналған. Осы топтағы барлық регистрлерде 32 разрядтан бар.
Функционалдық құрылғылар
Cray C90 компьютерінің барлық функционалды құрылғылары конвейерлік болып табылады. Олардағы баспалдақ саны әртүрлі, бірақ әрбір құрылғының әрбір баспалдағы әрқашанда бір тактіде қосылады. Бұл дегеніміз, дербес жағдайда, толық жүктелу кезінде барлық құрылғылар әрбір тактіде нәтиже бере алады дегенді білдіреді. Сонымен қатар, барлық функционалды құрылғылар тәуелсіз және бір мезгілде бір-бірімен жұмыс істей алады.
Cray C90 компьютерінің функционалды құрылғылары төрт топқа бөлінеді: адрестік, скалярлық, векторлық және нақты сандармен операциялар орындауға арналған функционалды құрылғылар.
Адрестік екі функционалдық құрылғы 32-разрядты бүтін сандарды қосуға, азайтуға және көбейтуге арналған. Процессордағы скалярлық құрылғылар саны әрдайым төртеу. Олар бүтін санды қосу/азайту, логикалық разрядтық операциялар, ығысу операциясын орындау және сөздегі бірінші бірге дейінгі нөлдер санын табу үшін пайдаланылады. Скалярлық құрылғылар 64-разрядты деректермен операциялар орындайды және де олар тек қана скалярлық командаларды орындауға арналған.
Компьютердің конфигурациясына байланысты векторлық құрылғылар саны бестен жетіге дейін өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет