Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет5/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Бақылау сұрақтары:

  1. Параллель виртуалды машиналар.

  2. Виртуалды машиналар не үшін қажет?

  3. Пайдаланушыларға (және/немесе есептеу жүйелерінің администраторларына) берілетін басымдылықтар.

  4. Виртуалды машина жүйесі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


3-Дәріс
Тақырыбы: Виртуалды машиналардың түрлері.
Жоспар:

  1. Виртуалды машиналар жүйесі.

  2. Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен виртуалды машиналар.

Виртуалды машиналар жүйесі әр түрлі платформалар базасында және әр түрлі технологиялар көмегімен жасалуы мүмкін. Виртуалдандыруды пайдаланатын схема аппараттық платформаға және хосттық ОЖ мен қолдау көрсетілетін қонақтық ОЖ-лердің «қарым-қатынастарының» ерекшеліктеріне де байланысты болады. Кейбір архитектуралар виртуалдандыру мүмкіндігін аппараттық деңгейде қамтамасыз етеді, басқалары қосымша бағдарламалық көмектерді қолдануды қажет етеді.


Қазіргі кезде виртуалдандырудың үш схемасы кеңінен таралған:
 қонақтың ОЖ АРІ эмуляциялау;
 қонақтық ОЖ толық эмуляциялау;
 қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау.
Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен виртуалды машиналар
Көбінесе қосымшалар оқшауланған адрестік кеңістікте жұмыс істейді және қондырғымен операциялық жүйе ұсынған АРІ (Apрlication Programming Interfase – қолданбалы бағдарламалау интерфейсі) интерфейсінің көмегімен қарым-қатынас жасайды. Егер, екі операциялық жүйе өздерінің АРІ интерфейстерімен сәйкес (совместимы) болса (мысалы Windows МЕ және Windows ХР), онда олардың біріне арналып жасалған қосымша екіншісінде де жұмыс істей алады. Ал егер екі операциялық жүйенің АРІ интерфейстері сәйкес болмаса (мысалы Windows 2000 және Linux), онда қонақтық ОЖ АРІ-не бағытталған қосымшалар қатынасын ұстап алуды (перехват) және оның әрекетін хосттық ОЖ құралдарымен имитация жасауды қамтамасыз ету керек. Бұндай кезде бір операциялық жүйені орнатып қойып бір мезгілде оның өзінің қосымшаларымен де және басқа операциялық жүйенің қосымшаларымен де жұмыс жүргізуге болады.
Тек АРІ - дің шақырулары ғана эмуляцияланып, қосымшаның тұтас коды эмуляциясыз орындалатын болғандықтан, виртуалдандырудың бұндай схемасы виртуалды машиналардың өнімділігінің шамалы ғана кемуіне алып келеді. Алайда, көптеген қосымшалар құжатталмаған АРІ функцияларын пайдаланатын болғандықтан, немесе АРІ–ді айналып өтіп тікелей операциялық жүйенің қызметіне жүгінетіндіктен, ең жақсы деген АРІ эмуляторының өзінде сәйкестік мәселелері туындайды, соның салдарынан мүмкін болған барлық қосымшалардың 70 % - ға жуығын ғана іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, өте тез дамып келе жатқан операциялық жүйелердің (мысалы, Windows сияқты) АРІ эмуляциясының жұмысын тұрақты қолдап тұру оңай емес, сондықтан да АРІ эмуляторының көпшілігі операциялық жүйенің қандай да бір нақты нұсқасының эмуляторы болып қалуда. Мысалы, Windows NТ/ 2000 ОЖ осы күнге дейін І.х. нұсқасының OS/2 қосымшасына арналған эмулятор орнатылған. Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен ВМ–ның ең басты кемшілігі – оның нақты бір операциялық жүйеге бағытталғандығы.
Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған өнімдер мысалдары:

  • ашық кодты Wine жобасы (Wine Is Not an Emulator, «Wine» - эмулятор емес), ол Linux және Unix операциялық жүйелері басқаруымен Dos-, Win16- және Win32 қосымшаларын жүктеуге мүмкіндік береді;

  • Linux операциялық жүйесі басқаруымен Windows операциялық жүйесін қосуға мүмкіндік беретін Netraverse компаниясының Win4Lin өнімі;

  • Linux операциялық жүйе басқаруында Dоs–қосымшаларды іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты DOSEMU жобасы;

  • бір компьютерде Linux операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасын іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты User Mode Linux (UML) жобасы. (қазіргі кезде Linux 2.6 ядросына ендірілген);

  • бір компьютерде Linux операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасын іске қосуға мүмкіндік беретін ресейлік SWsoft компаниясы құрастырып шығарған Virtuozzo технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет