Дәріс 8. КӨП ЭЛЕКТРОНДЫ АТОМДАР Паули принципі. Электрондық қабаттар мен қабықтардың толтырылуы Паули принципі: кез келген кванттық күйде бір электрон ғана бола алады. Басқаша айтқанда, атомда (және кез келген кванттық жүйеде) барлық төрт кванттық сандары мәндерінің жиыны бірдей болатын тек бір электрон бола алады. Берілген n мәніне l, mi, ms кванттық сандары бойынша бір-бірінен өзгеше болатын 2n2 күй сәйкес келеді. Атомның n кванттық сан мәндері бірдей электрондарының жиыны электрондық қабат құрайды. n мәніне сәйкес қабаттар былай белгіленеді:
n
1
2
3
4
5
6
қабат
K
L
M
N
O
P
Қабаттар l кванттық саны бойынша қабықтарға бөлінеді. Қабықтағы әр түрлі күйлер me және msкванттық сан мәндері бойынша өзгеше болады. Қабықтағы күйлердің саны 2(2l+1)-ге тең. Қабықтар былай белгіленеді:
1s; 2s, 2p; 3s,3p,3d,…,
мұндағы 1, 2,... сандары n кванттық сан мәндері, яғни қабықтың тиісті қабатқа (K, L,..) жататындығын көрсетеді.
Атомдағы электрондардың мүмкін болатын күйлері және олардың қабаттар мен қабықтар бойынша үлестірілуі 1-кестедекөрсетілген, мұнда және белгілеулер орнын көрнекілік үшін ↓ және ↑ белгілері алынған. K, L, M,... қабаттарында мүмкін болатын күйлер саны тиісінше, 2, 8, 18,...-ге тең, яғни 2n2-болатындығы көрінеді.