«Бекітемін» Директордың тәжірибе ісі
жөніндегі орынбасары ____ Утегенова А С
Келісілді
тәжірибе өту
мемлекеттік мекемесі
жетекшісі
_____________
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік практиканың типтік бағдарламасы Курс: 3
Мамандық: «Емдеу ісі»
Өтетін уақыты:
4 апта, 24 күн, 144 сағат
«Емдеу ісі» бөлімі 4 апта, 24 күн, 144 сағат
Мамандығы: 09120100 «Емдеу ісі»
Курс: 3
Топ:
Практика атауы : «Хирургия, ішкі аурулар пропедевтикасы,жұқпалы аурулар»
Жұмыс жоспары
Ө/П
Орындалатын жұмыстар, өндірістік практиканың бағдарламасымен сәйкес
Күнделіктің жауапкершілікпен қарайтын бөлімдері «Оқушының жүмыс күнделігі» оның қүрамына кіретіндер;
Мекемеден не бөлінген бөлімнен қысқаша мінездеме.
Емдік мекемесін не жұмыс орнын сипаттап көрсету.
Тәжірибе өткізілетінорындағы орта медициналық жұмысшыларға. міндеттерімен санитарлық бөлімдерді сипаттау.
Жұмыста тәртіпті сақтау.
Жұмыс нәтижесі.
Оқушының жасаған жұмыс нәтижелеріне ескерту жасау.
Күнделіктегі ұсынылған материалдың көлемі өз қолымен толтырылған болуы тиіс Тәжірибеде жасалған жұмыстың көшірмесін емдік мекемесіндегі тәжірибе жетекшісінің рұқсатымен ғана алуға болады .
Күнделіктегі сипатталған материалдармен орындалған жұмысты бөлек параққа жазып алуға болады (есепке қажет болған жағдайда).
Оқушылардың тәжірибе өткізу барысында жасалған жұмыс нәтижелері мен ескертулері емдік мекемде жұмыс жасау үшін бағытталуы қажет.
Оқушының әр түрлі медициналық манипуляция мен технологияны толтыру барысында күнделікті қалай толтырғандылығы көрініуі керек.
Оқушы тәжірибені аяқтағаннан кейін мінездеме алу үшін емдік мекемедегі тәжірибе жетекшесіне өзінің күнделігі мен есебін өткізуі керек.
Түсінік хат ПРАКТИКА : «Хирургия, ішкі аурулар пропедевтикасы,жұқпалы аурулар»
Осы бөлім бойынша практиканы өткізу кезінде оқушылар әртүрлі жұмыс түрлері бойынша бөлінеді: терапевтикалық бөлімде, инфекциялық бөлімде
Хирургиядағы өндірістік оқыту Жедел хирургиялық қабылдау бөлімінде .Студенттер жедел хирургиялық бөлімінің жумысымен, науқастарды әр түрлі операцияға дайындаудағы ерекшеліктерімен танысады. Науқастарды операцияға дайындауғажәне операциядан кейінгі науқастарды күтудегі мейірбике процесстерінің ұйымдастыруына қатысуы керек. Операциялық бөлімнің аппараттарды дайындау жұмысына қатысады.
Травмотология бөлімінде жұмыс. Тәжірбие травмотология бөлімінде өтеді; студенттер бөлемшілердің ерекшілігімен танысады. Ауыр жарақаты бар науқастарды емдеу, күту ұйымдастырулына қатысады. гипс, жара таңу, егу кабинетінде жұмыс істейді.
Хирургиялық инфекция бөліміндегі жұмыс Студенттер күн режимімен, хирургиялық инфекция бөлімінің құрылысымен, жұмысының ерекшеліктерімен танысады. Хирургиялық инфекциялы науқастың жағдайына баға беру.
Реанимация бөліміндегі жұмыс Студенттер реанимация – анестезиология бөлімінің жұмыстарының ерекшеліктерімен танысуды. ЖӨР, кардиомонотор, ес–түссіз жағдайдағы, операциядан кейінгі кезеңдегі емнің, күтудің ерекшіліктері.
Студенттер дәрігермен бірге науқастарды қабылдауда жұмыс істейді, науқастарды тексеруде, таңуда, амбулаторлық операцияға қатысады. қажетті құжаттарды толтырумен танысу, диспансерлік науқастардың тобымен танысу. Диспансерлік науқастарды күтуге (мүгедек) қатысу. Науқастың жағдайына баға беру, науқас және туыстарына науқастың жаңа жағдайға бейімделугіне дағдыландырын, денсаулықты қайта қалпына келтіруге күш салуға көмектесу.
Ішкі аурулар пропедевтикасы .Науқасты тексерудің жалпы жоспары. Стационарлық науқастың картасының негізгі бөлімдері (ауру тарихы). Науқасты зерттеу әдістері. Сұрақ субъективті зерттеу әдісі ретінде.Ауру тарихының схемасы. Медициналық тарихтың ғылыми-медициналық және заңды құжат ретіндегі маңызы.Сұрақ қою. Науқасқа жеке көзқарастың ерекшеліктері. Сұрау салу схемасы: паспорттық мәліметтер, науқастың шағымдары (негізгі және қосымша), осы аурудың тарихы, науқастың өмір тарихы туралы үйренеді.
Жұқпалы аурулар бөлімі-курация кезінде студенттер Курация кезінде студенттер науқастың шағымдарын, анамнезін жинайды, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация, аурулардың диагностикасын жүргізеді, әртүрлі аурулары бар науқастарды тексеру әдістерімен (рентгеноскопия, өкпе рентгенографиясы, томография, флюорография, ФКГ, ЭКГ, жүрек эхографиясы), емдеу әдістерімен танысады,.