2. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін Қызметтердің негізгі бағыты адамның жеке білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, бағдарлама бойынша оқыту болған кезде.
1. Мүмкіндігі шектеулі адаммен қарым-қатынас кезінде ыңғайсыз жағдай: адам оның артында немесе жағында тұрады, осылайша отыруға мүмкіндік бермейді
2. Түсініспеушілік
3. Мүмкіндігі шектеулі адамның белгілі бір жағдайда қозғалу кезіндегі қиындықтарын алдын-ала болжау үшін қоршаған ортаны сапалы бақылау
4. Мүгедекке көмек көрсетпеу: кейде сіз тар есікке кіре берісте балдақпен немесе арбамен адамды алға созып, есікті ұстап немесе қозғалысқа кедергі келтіретін заттарды жолдан алып тастауыңыз керек
5. Есіңізде болсын, әдетте, қозғалуда қиындықтары бар адамдарда көру, есту және түсіну проблемалары жоқ
Инклюзивті оқу орындары бар білім беру мекемесі келесі міндеттерді шешеді:
1.Әр түрлі бастапқы мүмкіндіктері бар адамдар үшін бірыңғай психологиялық жайлы білім беру ортасын құру.
2.Дамуында ерекшеліктері бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың өзгеруі.
3.Диагностикалық-консультациялық,түзету-дамытушылық,емдеу профилактикалық, әлеуметтік-еңбек қызметі бағыттарының өзара іс-қимылы арқылы инклюзивті білім беру процесін тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыру.
4.Оқу орны және үй тәрбиесіндегі кемшіліктерді өтеу.
5.Адамдарды сәтті іс-әрекетке қосу арқылы эмоционалды және жеке саланың жағымсыз ерекшеліктерін жеңу.
6.Адамның жеке қызығушылығы негізінде және жағымды әрекетке саналы көзқарас арқылы адамның мотивациясын біртіндеп арттыру.
7.Адамдардың физикалық және жүйке-психикалық денсаулығын сақтау және нығайту.
8.Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың әлеуметтік-еңбектік бейімделуі. [3]
Неғұрлым ерте түзету ықпалының маңыздылығы адамның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ерте балалық кезде мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың, жасөспірімдердің, ақыр аяғында ересектердің денсаулық дәрежесі қалыптасады. Бұл жаста ағзаның барлық қызметтері қалыптасады, ең алғашқы әлеуметтік байланыстар жүреді.
Л.С.Выготскийдің идеяларына сәйкес, дамуында ауытқушылығы бар адамдардың қабілеттерін бағалаған кезде ең алдымен назарды оның сақтау қызметтеріне аудару керек, оларды белгілі бір өтемақы және әлеуметтік бейімделу жағдайына жету үшін пайдалануға болады.
Дені сау адамда толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы адамдар да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар ерте түзете оқыту өте маңызды. Адамның дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады.
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар Н.В.Борисова, С.А.Прушинский, М.Перфильеваның редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашады.
«Инклюзив» сөзі француз тілінен аударғанда (inclusif -өзімді қосқанда) ал, латын тілінен аударғанда (includo-қосамын ) деген мағынаны білдіреді. Ал, инклюзивті білім берудің негіздерін зерттеуші Қазақстандық ғалымдар А.Т.Искакова, З.А. Мовкебаева, Г.Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтурсыновалардың еңбектерінде, алдымен ізгіліктілік-философиялық сипатына, құқықтық- нормативтік негізіне, көппәнділік жүйесіне сай жайлы орта құруға, білім беру процесіне бейімдеу мен өзгерістер енгізуге, отбасымен жұмыс істеуге, білім нәтежесін бағалауға мән береді.
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процесінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқада ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Кең мағынада инклюзивті білім беру- кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі. Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. [4]