Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланыстырады. Олар берілген негізгі анықтамалардан туындайды: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу жəне төлем балансы.
Макроэкономиканың зерттеу пəні– негізгі макроэкономикалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макроэкономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн басқа да мəселелер бар.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері жəне қоғамның байлығы. Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруа шылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады: