Дәріс материалдары


– дәріс. Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ұйқас түрлері, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері



бет2/11
Дата07.10.2022
өлшемі113,62 Kb.
#41800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4 – дәріс. Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ұйқас түрлері, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл - көркем сөз дамуының объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен олардың барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі - силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі - аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап етуі мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан. т-н дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай, Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала түсуі басым.
Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психология күй қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатыны жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну, өлең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда «поэтикалық паспорты» жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің құралына айналдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет