Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Селжүктік Рум сұлтандығы қай жылы құрылды ? 
2. Түрік-асмандарының Балкан түбегін жаулап алуы қалай іске асты ? 
3. Түріктердің Византияны жаулап алуы. 


Ұсынылатын əдебиет: 
1. Миллер А.Ф. Краткая история Турции. М., 2000. 
23-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖƏНЕ МОНҒОЛ 
ЖАУЛАП АЛУШЫЛЫҚТАРЫ. 
ХІІ ғасырда монғол мемлекетінің негізі қаланып, жаулап алушылықтарын бастады. 
Монғолдар Солтүстік Қытайды, Кореяны жаулап алды. 
Меркіт, тайшыжұрт, Шыңғыс хан, арат, нөкер, ноян 
Сұрақтары: 
1. Монғол мемлекетінің құрылуы. ХІІІ ғ. монғол мемлекетінің мемлекеттік құрылысы. 
2. Монғолдардың Солтүстік Қытайды, Кореяны жаулап алуы. 
3. Монғолдар билігі кезіндегі Қытайдағы, Кореядағы феодалдық жер иелену. 
4. Монғол жаулап алушылығына қарсы күрес.
Монғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені мен Ертіс өзендері 
аралығында оналасты. Монғол халқының негізін кереит, меркіт, найман, тайшыжұрт, татар 
тайпалық одақтары құрады. Солтүстігіндегі монғолдар тоғайларда, ал оңтүстігіндегілер 
ашық далада тұрды. Əлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан солтүстіктегі монғолдар 
оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып қойған еді. Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал 
бағумен айналыса бастады. Мал басының көбеюі оларды тоғайдан шығуға мəжбүр етті. Əр 
рудың өзіне тиісті жайлаулары жəне қыстаулары болды. Монғолдар негізінен мал етімен, 
сүтімен қоректенді. Қолөнер нашар дамыды. Киіз басты, жүннен жіп иірді. Темірден 
жасалған заттарды Қытайдан алып отырды. Монғолиядағы сауда Орта Азиядан, Шығыс 
Түркістаннан шыққан мұсылман көпестерінің қолында болды. ХІІІ ғасырға дейін 
монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол тайпаларының ішіндегі ең мəдениеттісі 
наймандар ұйғыр жазуын қолданды. ХІІІ ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі 
шамандық дінді ұстанды. Басты құдай «көк тəңірі» деп танылды. Кереит тайпасының ірі 
ақсүйектері хІ ғасырдың басында несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. 
Наймандар арасында буддизм мен христиандық тарады. Бұл діндер ұйғырлар арқылы 
тараған еді.
ХІІ ғасырдың аяғына қарай монғол қоғамының таптық сипаты айқын көріне бастады. 
Əрбір рудың өзінің батыр, мерген атанған басшылары шығып, олар нояндар деп атала 
бастады. Рудың меншігіндегі жерлер біртіндеп осы нояндардың қолына өтті. Жердің иесі 
ретінде нояндар бақташы араттарды өзіне бағыныштылықта ұстады. Жер үшін араттар салық 
төледі. Монғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты «нөкерлік» деген 
өмірге келді. ХІІ ғ. елдің қоғамдық өмірінде зор рөл атқарды. Нөкерлер жер, шаруалар алды. 
Бұл үлестер европалық бенефицидің баламасы болды. Монғолша бұл үлес «хуби» деп 
аталды. Қарапайым халық «харачу» деп аталды. Нөкер ноянға адалдығы жөнінде ант-су ішіп, 
ауызша уəде беретін. 
Əскерді де əр атаның тұқымдары жасақтайтын. Əр атаның өз таңбасы болды. Соғыс 
кезінде əр атаның жауынгерлері жауға қарсы өз сардарларының басшылығымен топ-топ 
болып шабатын. Əр ата – бір ауыл болатын. Монғолиядан тыс жерлерге жорықтар жасай 
бастады. Əрине, олар алдымен Қытайға жорық жасады. Бірақ ең басты мəселе – бүкіл 
Монғолияға билік орнату болды. Тайчжуиттер мен татарлар, керейлер мен наймандар, 
татарлар мен меркіттер арасындағы қақтығыстардың мақсаты – Монғолияны бір рудың қол 
астына біріктіру болды. Əсіресе ХІІ ғасырдың екінші жартысында талас-тартыс шиеленісіп 
кетті. Өндіргіш күштердің онан əрі дамып жетілуі қорғауды қажет етті, яғни бір орталыққа 
бағынған тəртіп орнатып, ол тəртіптің қатаң сақталуын бақылайтын мемлекетке мұқтаж 
болды. Мұндай мемлекеттің құрылуы Есугей батырдың баласы Темучиннің қызметімен 
байланысты болды. 1164 жылы Есугей батыр өлді. Оның жұбайы Оэлун бес баламен (4 ұл, 1 
қыз) жесір қалды. Баласының үлкені Темучин тоғыз жаста болатын. Темучиннің аты ХІІ 
ғасырдың 90-жылдары шыға бастады. Ол əкесінің досы, кереиттер əміршісі Ван-Ханның 
көмегімен өзінің жауларын бағындыра бастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет