ДƏРІС МАЗМҰНЫ
1-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: БАТЫС ЕУРОПАДА ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.
Дəріс барысында б.з. түйісінде Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың
дағдарысын,
империядағы
құлиеленушілік
қатынастардың
ыдырауын
жəне
германдықтардағы рулық қатынастардың дағдарысының синтезі барысында жаңа феодалдық
қатынастардың негізі қаланғанын көрсету.
Империя, феодализм, генезис, варварлық мемлекеттер, эмфитевсис, доминант.
Сұрақтары:
1. Б.з. ІІІ-ІҮ ғғ. Рим империясындағы дағдарыс.
2. Герман тайпаларының этногенезі жəне қоныстану территориясы.
3. Шаруашылық өмірі жəне аграрлық құрылымы.
4. Əлеуметтік-саяси жағдайы.
5. Батыс Рим империясының құлауы жəне варварлық патшалықтардың пайда болуы.
Еуропадағы феодализм генезисі.
Б.з. түйісінде Рим империясы құлиеленушілік құрылыстың
дағдарысын басынан
өткерді. Дағдарыс империя территориясына герман тайпаларының шапқыншылығы мен
варварлық патшалықтардың құрылуымен қатар жүрді.
Империядағы құлиеленушілік
қатынастардың ыдырауы жəне германдықтардағы рулық қатынастардың дағдарысының
синтезі барысында жаңа феодалдық қатынастардың негізі қаланды. Б.з. II ғ.
аяғына қарай
Рим қоғамында дағдарыс басталды. Рим қоғамының барлық салаларын қамтыған құл
иеленушiлiк
қатынастардың
дағдарысқа
ұшырауы
әсiресе,
империяның
батыс
провинцияларында ерекше байқалды. Варварлардың шапқыншылығынан
Рим мемлекетi
жоғарғы Германияның құнарлы далалары және Дакия сияқты бай провинцияларын бiржола
жоғалтты. Доминант немесе Кейiнгi Рим империясы пайда болып (284-476) өмiр с‰рдi. III ғ.
аяғында тереңдеген дағдарысты болдырмау ‰шiн уақытша нәтижесiн берген реформаторлық
қайта құру шаралары қолға алынды. Арендаға жер берудiң жаңа т‰рлерi пайда болды.
Эмфитевис – аз ғана төлемге жалға беру және өз ‰лесiндегi жерлерде кең құқықтар берiлдi.
Келесi ұсақ жалға беру –прекарий, яғни, ұзақ мерзiмдiк немесе өмiрлiк аренда ж‰йесi
енгiзiлдi
Галлияның батысында Рейннiң арғы бетiнде бiздiң дәуiрiмiзден бiрнеше ғасыр бұрын
солт‰стiктен келген саны көп герман тайпалары орналасқан.
Бiздiң дәуiрiмiздiң басында
германдар Рейн, Одер, Дунай өзендерiнiң аралығындағы кеңiстiктi жайлап ‰лгерген.
Олардың iшiнде ең алысқа кеткен гот тайпасы болды. Тациттiң дәлелдеуiне қарағанда
германдықтар өте көп халық болған. Жекеленген герман
тайпаларының саны туралы
деректердi Цезарьдан да алуға болады. Маркоман соғысынан кейiн (166-180жж.) Рим батыс
және оңт‰стiк шекарасындағы осы iрi тайпа одақтарының қатерiнен сақтанып отырды. III
ғасырдың басында олардың арасынан алеман атымен iрi тайпа тобы бөлiнiп шықты. III ғ.
ортасында римдiктер алемандардан қорғану ‰шiн «десятиналық далаларды» бекiттi. I‡ ғ.
ортасында шекарадағы Рейнге шабуыл жасады. Германдықтардың қоныстануы бiржола
орнығу сипатында болды. Рим иелiгiндегi өңiрлерге германдықтардың
шапқыншылығы
бұрынғыдан жиi әрi шешушi болды. Германдар барлық пұтқа табынушылар сияқты құдайлар
көп дегенге сендi, бiрақ шiркеулер салған жоқ.
I‡-‡II ғғ. аралығын «Халықтардың Ұлы қоныс аудару» уақыты деп атайды. Осы
уақыт аралығында герман тайпалары ж‰здеген жылдар бойы жайлаған өлкелерiн тастап,
жаңа жерлер жаулап алуға аттанды. Европаның картасы танымастай өзгердi.
Шапқыншылықтың толқыны Батыс Рим империясын жойып жiберiп, орнына германдардың
корольдiктерi пайда болды.
«Феодализм» терминi тарих ғылымында Х‡III ғасырдан
бастап кеңiнен қолданыла
бастады. Термин орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерiндегi шартты жер иелiктерi
атауларын бiлдiретiн латынның «feodum»- феодализм сөзiнен шыққан. Феодализмнiң пайда
болуын тарихнамада әрт‰рлi т‰сiндiредi.