Дәріс Мәдениет морфологиясы



бет10/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Иконалық белгі дегенде "икона" сөзінің этимологиялық мәніне негіздеп айтып отырмыз. Грек тіліндегі "еісоn" қазақшаға "кескін", "сурет" деп аударылады. Демек, иконалық белгі дегеніміз белгі-кескін, белгі-бейне. Бұл белгілер табиғи белгілерден өзінің жасандылығымен, артефактылығымен ерекшеленеді. Оны қазақ тіліндегі таңба деген ұғыммен алмастырсақ та болғандай. Мысалы, жақында мектеп барын білдіретін арнайы таңба жол үстіне салынады, көпшілік орындарында дәретхана, эскалатор-баспалдақты танытатын таңбалар қойылады. Әлгі кескін-бейнелерге қарап адамдар ненің қайда екенін ажырата алады. Кезінде қазақтар табын-табын сиырлар, үйір-үйір жылқылар, отар-отар қойларын өзгелердікінен ажырату үшін таңба салатын болған. Мысалы, қазақтар малына өз руының не атасының белгісі болып есептелетін рәміздік бейнені таңбалап салған. "Тайға таңба басқандай" деген тұрақты сөз тіркесі де соны аңғартады.
Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғымдар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін сияқты болып көрінеді. Дегенмен, олардың аражігін ашып алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы таңба ұғымының мағынасынан әлдеқайда кең әрі дерексіздеу, абстрактілі. Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелерімен қабылдаған шындық әлемінің нысанын адам өз санасында белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі сөз арқылы көз алдында ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.
Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу үшін қажет әрекет нәтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба әлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып беру қызметін атқаратын құрылым және сонысымен де ол абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен салыстырғанда "жерге жақынырақ" тұрған сияқты. Осы орайда малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына әкелуі мүмкін екендігін бірнешеме әліпбилер түпнегізінде жатқан белгілерді салыстыру арқылы дәйектеген ғылыми еңбектер барлығын да айта кеткіміз келеді. Таңба интернационалдық термин "штамп" дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын ала кескіндеп алып, соны әлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне басып отыру – таңбалау қызметі. Осы орайда, тіл болмысты таңбалайтын белгі деген ойтұжырым орынды болмақ. Расында, тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің таңбаларын жасап алып, оны сөйлеу барысында, мәтін жасау барысында қайта-қайта таңбалап тұрған іспетті. Сөз ету дегеніміз таңбалау, есім беру дегеніміз – таңбалау, атау қою дегеніміз – таңбалау.
Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай аламыз. Мысалы, мектептегі қоңырау үні, зілзала кезіндегі дабыл соғу, шіркеу звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан шақыру, жедел жәрдем мәшинесінің үстіндегі қызыл айшық крест және т.т. Конвенционалды белгілерді өз алдына тағы да сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады. Сигнал, немесе ишаралар әрбір мәдениетке сай қалыптасады. Оларды адам бала шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. Мысалы, біздер үшін бас шайқау ишарасы – әлденемен немесе әлдебіреумен келіспеу дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал индекстер – ақпаратты сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда арнайы пайдаланылатын белгілер. Әдетте, атауынан-ақ, біз пошта индексін еске түсіреміз, карталардағы, схемалардағы, графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз.

Дәріс №3 Мәдениет семиотикасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет