Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

- Не үшін?
-деген сүраққа жауап іздеу қажет.
Жетісуға жылжу – бұл ҽдеттегі ауа кҿшу болған жоқ, онда феодал шонжарлар ғана 
емес, сонымен бірге мың-мыңдаған қарапайым малшылар да кҿшті. Мұның ҿзі 
еңбекшілердің кҿбейе берген салықтар мен міндеткерліктерге, феодалдық тартыстар мен 
соғыстардың шексіз ауыртпалығына деген қарсылығы еді. Мұнда жылжыған қазақтарды 
тоқтатуға Моғолстан ҽміршісінің шын мҽнінде нақты күші жоқ еді. Қазақ хандары Есен 
Бұға мен оның інісі Жүніс арасындағы күресті ҿз мақсаттарына пайдалана білді. 
Моғолстан ханы Есен Бұға ҿз кезегінде ҿзінің қарсылас інісі Жүністі қолдап отырған 
Ҽбілқайыр хан мен Темір ҽулетіне қарсы күресінде Моғолстанның батыс шекараларының 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, қазақ билеушілері мен одаққа ынталана енді. 
Осындай жағдайда XV ғасырдың 60-шы жылдарының екінші жартысында Шу мен 
Талас ҿзендерінің аңғарында Қазақ хандығының пайда болуы заңды құбылыс еді. 
Мұхаммед Хайдар Дулати хандықтың құрылуын хижраның 870 жылына (1465/1466 
жылдар) жатқызады. Бұл мерзімнің шындыққа сҽйкес келетіні айқын, ҿйткені 
Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай қазақ хандары билігінің нығаюына жҽне дербес 
саяси бірлестіктің құрылуына кҿмектесті. Ҽбілқайыр ханның Қазақ хандығының 
құрылуына, Жҽнібек пен Керейдің билігінің нығаюына бҿгет жасауға ұмтылуынан ештеңе 
шыққан жоқ. 1468 жылы қыста Ҽбілқайырдың Жетісуға жасаған жорығы оның ҿліміне 
байланысты үзілді. 
Жҽнібек пен Керейге тҽуелді тайпалардың саны Қазақстанның қырдағы 
аудандарынан кҿшпелілердің келіп қосылуы есебінен де, сондай-ақ олардың қол астына 
Жетісу рулары мен тайпаларының бір бҿлегінің кҿшуі есебінен де кҿбейе түсті. Мұхаммед 
Хайдар былай деп жазады: «Ҽбілқайыр хан ҿлгеннен кейін қырда бірден-ақ ҿзара 
тартыстар қаулады жҽне оның қол астындағылардың дені Керей хан мен Жҽнібек ханға 
кҿшіп кетті, сҿйтіп олардың маңына жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті», 
осының нҽтижесінде қазақ хандары «едҽуір күшейді». 
* * * 
Қазақ халқының этногенезі ежелгі замандар тұңғиығынан басталады. Ол негізінен 
Қазақстанның ұланғайыр территориясын ежелден мекендеген автохтонды тайпалар мен 
тайпа бірлестіктерінен құралған. Қазақ халқының қалыптасуы ежелгі жҽне ерте орта 
ғасырлардағы 
ірі 
этникалық-саяси 
оқиғалармен, 
шаруашылық 
формалардың 
эволюциясымен жҽне қоғамдық қатынастардағы прогресті ілгерілеулермен байланысты. 


Халық нақтылы ҽлеуметтік-экономикалық ортада құралады жҽне дамиды, сондықтан 
да ол этникалық-ҽлеуметтік қауымдастық болып табылады жҽне қоғамдық құрылысқа тҽн 
болады. Халық ұғымына енген ру – қан туыстығы, тайпа – бірнеше рудың шаруашылық 
бірлестігі, ұлт - ҽлеуметтік-саяси бірлік саналады. 
Қазақстан территориясындағы жҽне бүкіл Орталық Азиядағы этногенетикалық 
процестердің түп тамыры қола дҽуірінен басталады. Антропологиялық ескерткіштер 
кҿрсетіп отырғанындай, қазақ даласын мекендеген қола дҽуір тайпалары ҿздерінің 
нҽсілдік типі жҿнінен европеидтық түрдің ҿкілдері болған. Ежелгі темір дҽуірінде 
Қазақстан территориясын сақ тайпалары мекендеген. Антропологиялық материал олардың 
бет-пішінінде айқын кҿзге түсетін европалық белгілері болғанын дҽлелдейді. 
Қаңлылар мен усундер де негізінен европеоид болған, дегенмен олардың бет-
пішінінде монғолоидтық элементтер біршама күшейген, сірҽ мұның ҿзі ғұндардың 
шапқыншылығына байланысты болса керек. 
Түріктердің б. з. I мың жылдығының орта шеніндегі жаппай ирфильтрациясы 
Қазақстан территориясындағы этногенетикалық процестердегі жаңа маңызды кезеңнің
басталуы болды. Ерте ортағасырлық Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы 
этногенетикалық процестерде қарлұқ конфедерациясы да маңызды роль атқарды. 
Орталық жҽне Шығыс Қазақстан аудандарында қимақ конфедерациясы ҿмір сүрді.
Кейіннен қыпшақтар конфедерацияны ҿздеріне бағындырды, «қыпшақ» этнонимі басқа 
кҿптеген шағын рулар мен тайпалардың аттарын қамтитын этноним болды. 
Қимақтар мен қыпшақтар оғыздармен, қарлұқтармен, түргештермен жҽне басқа 
тайпалармен, тайпалық бірлестіктермен шаруашылық-саяси жҽне мҽдени байланыстар 
жасап тұрды. Шаруашылық тіршілік пен тілдің ортақтығы ежелгі феодалдық 
қатынастардың қалыптасуымен қатар тайпалық ерекшеліктерді біртіндеп жоя берді. 
Феодалдық құрылыстың нығаюы, зор ықпалға ие болған Қарахандар мемлекетінің 
құрылуы Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жҽне Орта Азиядағы екі ҿзен 
бойындағы ҿңірдің арасындағы шаруашылық жҽне мҽдени ҿзара ықпалды жеделдетті, 
ҿлкенің солтүстігі мен шығысын мекендеген тайпалармен байланыстарды сақтап, нығайта 
түсті. Қидандардың (Қарақытайлар) басып кіруі қалыптасқан этникалық жағдайға елеулі 
ҿзгеріс енгізген жоқ. Ҿздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен 
керейіттердің бір бҿлегінің Алтай ауданынан келуі осы этникалық жағдайға елеулі ықпал 
жасады. 
Қазақ халқының құрылуына қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі бұдан да елеулі 
ықпал жасады. Қыпшақ конфедерациясы XI-XII ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі 
территорияны алып жатты, ол региондағы ҿзінен бұрынғы этникалық-саяси 
бірлестіктердің бҽрінің табиғи сабақтасы болды жҽне ҿздерін енді қыпшақ деп атаған 
кҿптеген тайпалар мен руларды қамтыды. 
Сонымен, XI-XII ғасырларда Қазақстан территориясында шаруашылық-мҽдени 
типтің ортақтығы, тілі мен тұрмысының жақындығы, кҿшпелі жҽне жартылый кҿшпелі 
мал шаруашылығы мен отырықшы егіншіліктің ҿзара ықпалы, феодалдық қатынастардың 
дамуы жағдайында тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің этникалық интеграция
процесі жүріп жатты, этногенездің негізгі түйіндері белгіленді, халықтың құрылуының 
тарихи алғы шарттары қалыптасты. 
Монғол басқыншылығы түрік халқының құрамы мен антропологиялық типіне белгілі 
ықпал жасап, мұнда монғолоидтық белгілерді күшейте түсті. Алайда ҿздері құрған 
ұлыстардағы тұрғындардың жалпы санының шағын үлесін ғана құрайтын монғолдардың 
ҿздері жергілікті түрік тілді халық ішіне сҿзсіз сіңісіп, оның тілі мен ҽдет-ғұрпын 
қабылдады. 
Деректемелердің мағлұматтарына қарағанда, Алтын Орда хандығы «қыпшақ 
патшалары» деп аталған. Қыпшақтар XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарын 


біріктірген Ақ Орда халқының, ал кейіннен Ҽбілқайыр хандығы халқының да едҽуір 
бҿлігін құрады. Этногенездің қорытындылаушы кезеңінде қыпшақтардың қазақ халқының 
құрылуында ерекше маңызды роль атқарғаны табиғи нҽрсе. 
Қазақ халқының құрамына енген елеулі этникалық топтардың бірі қоңыраттар 
болды. Зерттеушілердің болжамы бойынша, олар ҽуелде монғол тілінде сҿйлеген, бірақ 
кейін тек ҿз атын ғана сақтап түрік тілді халықпен араласып, олармен сіңісіп кеткен. 
Қоңыраттар XIV-XV ғасырларда Түркістан мен Қаратау аймақтарында қоныстанды. 
Қазақ халқын құруға қатысқан ірі этникалық компонент XIV-XV ғасырларда 
Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны жҽне Батыс Жетісуды 
мекендеген арғындар болды. Қазақ халқының құрамына керейіттер де енді, осының 
ҿзінде олардың басқа тайпалық бірлестіктермен жақындасу процесі олардың орналасу 
сипатына қарай ҿзіндік ерекшелікпен ҿтті: керейіттер XIV-XV ғасырларда Жетісуда жҽне 
Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында Зайсан кҿлінен Ом жҽне Тобыл ҿзендеріне дейінгі 
ҿңірде ҿмір сүрді. 
Қазақтар этногенезі түйіндерінің бірі Қазақстанның оңтүстік-шығысы болды. Мұнда 
ең ірі тайпалардың қатарында орта ғасырлық деректерде дулат,қаңлы, керейіт, аргинут, 
қарлұқ, барлас, бұлғашы жҽне басқа тайпалар аталған. XIVXV ғасырларда дулаттар Шу, 
Іле, Талас ҿзендерінің аңғарларында, Ыстықкҿлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ Оңтүстік 
Қазақстанда мекендеді. Батыс Жетісуда, Орталық жҽне Оңтүстік Қазақстандағыдай 
қаңлылардың едҽуір тобы ҿмір сүрді. Рашид ад-диннің мҽліметі бойынша, Қаратау мен 
Орта Сырдария бойындағы секілді Жетісуда жалайырлар да ҿмір сүрген. 
Сҿйтіп, монғол басқыншылығына дейін жҽне одан кейін Қазақстанда шапқыншылық 
зардаптарына, ұлыстардың құрылуына, феодалдық тартыстарға байланысты халықтың 
барлық кҿшіп-қонуларына қарамастан, этникалық процестердегі ҿскелең, интеграциялану 
бағыты біртіндеп басым бола түсті де, қазақ халқы негізінен кҿпшілігі автохтонды болған 
осы территорияның тұрғындарынан құралды.
Қазақ халқының құрылу процесі этникалық территорияның қалыптасуы- мен қатар 
жүрді. Кҿшпелі тұрмыс жағдайында экстенсивті мал шаруашылы ғы басым болған кезде 
ру-тайпалар топтарының мекендеу шекаралары тиянақты болмағаны түсінікті, дегенмен 
этникалық интеграцияның барысында олар бірден-бірге айқын, біршама тұрақты бола 
бастады. Кҿптеген этникалық-саяси жҽне шаруашылық факторлардың ҽрекеті
нҽтижесінде Қазақстан территориясында негізгі үш этникалық-территория лық 
бірлестіктер Ұлы жүз, Орта жүз жҽне Кіші жүз пайда болды. 
Ұлы жүз негізінен Сырдарияның жоғарғы ағысынан Жетісуды қоса алғанға дейінгі 
территорияны, Орта жүз негізінен Сырдарияның орта ағысынан бастап Орталық 
Қазақстан жҽне Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бҿлегін, Кіші жүз Сырдарияның 
тҿменгі ҿңірін, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бҿлегін 
мекендеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет