еңбекшiлерiнiң жерлерiн басып алу кеңiнен жүргiзiлдi. Қазақ шаруаларын
тонауды патша ҿкіметi "қоныстанушы", "жер қоры" деп аталатын желеумен
icкe асырды. Бұл қорды жасау үшiн жергiлiктi халықтың жайлы қоныстарын
тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбыруы
бұрынғыдан да артты. Tүркicтан генерал -губернаторының толық емес дерегi
бойынша XX ғасырдың басына дейiн бiр ғaнa Жетiсу облысына 16 мың
отбасы келiп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мыңға жеткен.
Мұндай жағдай Қазақстанның басқа ҿлкелерiнде де байқалды. Қазақстанның
Ресейге түгелдей
басыбайлы болып қосылуы, ҿндiрiстiк кҽсiпорындардың
дамуы, сауда жүйесiнiң кеңеюi, қалалардың қалыптасуына барынша
ықпалын тигiздi.
Бiрiншi орыс революциясы кезiнде патша лық тҽртiпке қарсы күреске
ұлттық
аймақтардың
езiлген
халықтары
да
кҿтерiлдi.
Қазақстан
еңбекшiлерiнiң
1905-1907
жылдардағы
ереуiлдерi
орыс
халқының
тҿңкерiстiк күpeciмен тығыз байланысты едi.
Қазақстан қалаларында ҿткен жұмысшылар мен қызметкерлердiң
жиналыстарында Петербургтегi қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда
атқылауына наразылық бiлдiрдi. Ереуiл кезiнде қаза тапқандардың
отбасыларына кҿмек үшiн қаржы жиналды. Ҿлкеде жұмысшылардың
ереуiлдерi мен стачкалары, ҽcipece, темiржол
қатынасы орындарында
неғұрлым кең қанат жайды. Революция жылдарында ҿлкенiң тeмip жол
тораптарында поездардың жүрiсi талай рет тоқтатылды, темiржолшылар ҿз
epкімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгiздi. 1905 жылы ақпанда Перовск,
Tүpкістан, Шалқар темiржолшылары ҿздерiнiң экономикалық жағдайларын
жақсарту талабын қойған ереуiл жасады. Павлодар мен Перовскiде қала
еңбекшiлерi, Петропавлда тeмip жол депосының жұмысшылары ереуiл
ұйымдастырды. Ал 1905 ж. қазан -желтоқсан
айларындағы революцияның
ҿрлеген кезеңiнде пайда болған Перовскiнiң, П етропавлдың, Оралдың жҽне
басқа станциялардың темiржолдық комитеттерi ҿлкедегi жұмысшылар
депутаттары кеңестерiмен бiрдей ic жүзiнде жаңа революциялық ҿкіметінің
бастамасы едi. 1904 жылы пайда болған Сiбiр социал -демократиялық одағы,
оның
Омбы,
Орынбор,
Саратов
комитеттерi
Қазақстан
жерiнде
революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен ҽскер
құрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып,
патша
ҿкіметi мен оның жергiлiктi органдарына қарсы күреске шақырған қағаздар
таратты.
1905 жылы Қазан а йында ғы Бүкi лресейлi к ере уi лдi ң ҽcepiмен
Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда, т. б.
жерлерде демонстрациялар мен бой кҿрсетулер "Патша самодержавиясы
жойылсын", "Бостандық жасасын" деген ұрандармен ҿттi. Сол жылғы
қарашада Мҽскеу мен Петроградта кҿтерiлген
байланыс қызметкерлерiнiң
талабын қолдап, Семей, Верный, Пiшпек, т. б. қалаларының почта -телеграф
қызметкерлерi ереуiл жасады. Алайда, революциялық күрестің барысында
Қазақстан еңбекшiлерi үстем феодал -байлар тобының халық қамын мүлде
ойламайтынына, ал патша ҿкiмeтінің езiлген бұқараға ешқандай жеңiлдiктер
жасамайтынына кҿзiн жеткiздi.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша ҿкіметіне орыс
жұмысшыларымен жҽне қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы
шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшiн, тeңдік, бостандық пен
тҽуелсiздiк үшiн күpecтi. 1905 жылы жазда Семей, Торғай жҽне Орал
облыстарында жер үшiн толқулар болды. Баянауыл жҽне
Кереку уездерiнiң
шаруалары ipi феодал Шормановтардың жерiн тҽркiлеудi жҽне оны жерi
жоқтарға бҿлiп берудi талап еттi. Мұндай бой кҿтерулер Алтай округiнде,
Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария
облысының - Шымкент, Ҽулиеата, Жетiсудың - Жаркент уездерiнде кең ҿpic
алды. Патша ҽкiмшiлiгi бұл аудандарға ҽске ри отрядтар жiберiп басты.
Желтоқсан қарулы кҿтерiлiстiң ҽcepiмен 1905 жылы 11
желтоқсанда Успен
руднигiнде жұмысшылардың ipi ереуiлi болды.
Ереуiл барысында орыс
жұмыскерi П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ҽ. Байшағыров басқарған
"Орыс-қырғыз одағы" құрылды.
Экспедицияның міндеті: қазақтың жерін «нормалап», оның мал
жайылымын, қыстау – жайлауын, егіндік – шабындығын кҿбірек анықтап,
«артық жер» деген желеумен кҿбірек жер кесу еді. Бірақ, Щербина
экспедициясы ҿкіметтің қоныстандыру саясатын қолпаштаудың орнына,
қарсы шыққандай сыңай танытады.
Зерттеу жұмыстарының кенеттен жабылуының бас ты себебі де осында
болатын. Міне, осыдан кейін келесі экспедицияны жабдықтайды.
Патша
ҿкіметінің қойған талабын жүзеге асыруға тырысып баққан статист В.
Кузнецов болды. Экспедиция 1907 -1909 жж. аралығында жұмыс істеді.
1910 -1911 жылдардағы жа ңа эконо мика л ық ҿрле уге байла ныс ты
Қазақстанда ереуiлдiк қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылдың мамыр
айында Перовск жҽне Tүркicтан станциялары темiржол шеберханаларының
жұмысшылары,
"Атбасар
мыс
рудалары"
акционерлiк
қоғамы
рудниктерiндегi кеншiлер ереуiлге шықты. Бұл ереуiлдерге жалақыларын
кҿбейтуді талап еткен 300 -дей адам қатысты.
1912 жылы Ресейдiң жұмысшы қозғалысында жаңа тҿңкерiстiк ҿрлеу
басталды. Cҽyip, мамыр айларында Лена ҿзенi бойындағы алтын ҿндіру
ҿндірісіндегi жұмыскерлердi aтуға байланысты елде болған саяси толқулар
бүкiл ҿлкеге жайылды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту
зауытында басталған ереуiл 1913 жылдың маусым айына дейiн созылды.
1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезiнiң Шоқпаркҿл кҿмip кендерiнде болған
жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бiрiншi
жартысында Ембi мұнайшы
ларының ереуiлдерiмен ұласты. Жаңа революциялық ҿрлеу дҽуiрiнде
Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың
айыптарды кҿбейтуден бас тартуына қол жеткiздi. Ҿлке жұмысшыларының
ереуiлдерi патша ҿкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт -
азаттық қозғалысының дамуына ықпал еттi.
Достарыңызбен бөлісу: