мен Қазақстандағы ауылшаруашылық ҿндiрiсi арасындағы қатынас к үшейдi.
Сауда жҽне ҿсiмқорлық капиталы Ресейдiң орталық губерниялары мен
Қазақстан арасындағы ғана емес, coнымен бiрге ҿлкенiң ҿз iшiнде де тауар
айналысының ҿcyiн шапшаңдатты. Ҿлкеде үстем болған натуралды
шаруашылық бiртiндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша
ҿкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай кҿптеген
салықтардың салынуы, олардың ҿнiмдерiнiң бiр бҿлiгiн рыноктар арқылы
саудаға салуға мҽжбүр еттi. Мал мен астық барған сайын тayapғa айнал ды.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шарушылықтың
кҿлемi қысқарды, ҿлке ҿнеркҽсiп тауарларын ҿткiзу рыногы жҽне бағалы
ауыл шаруашылығы шикiзатының қайнар кҿзi ретiнде капиталистiк Ресейге
барынша тҽуелдi болып шықты.
7 0-80 жылдарда Ресейде фаб рика лық тоқыма ҿндiрiсiнiң шапшаң
ҿcyiмeн байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата кҿп келетiн
болды. Фабрикаларда ҿндiрiлген арзан мaқтa -мата бiрқатар шығыс елдерiнiң
майдагерлiк бұйымдарын шапшаң ығыстырды. Сонымен бiрге күнделiктi
тұрмыста қолданылатын бұйымдар /самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен,
ошақ, балта, пышақ т.с.с./ кҿтерiңкi бағамен сатылды. Қазақстан бұл
тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында ҿндiрiлетiн шикiзат
бердi. XIX ғасырдың екiншi жартысында Ресейге мал шаруашылығы
ҿнiмдерiн жеткiзу шапшаң ҿсті. Кҿптеген мал мен шикiзат Семейдiң,
Петропавлдың, Оралдың, Орынбордың қасапханаларында былғары, тоң май,
тepi илеу, сабын қайнату зауыттарында ҿңделiп, қырғa тон, аяқкиiм ретiнде
қайтып оралып отырды.
Қазақстанда капиталистiк түрдегi сауда -саттықтың күшеюi жергiлiктi
сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен ҽcepiн тигiздi. Осы кезде,
Қазақстанда 20-дан астам қалалар мен 400 казак -орыс поселкелері пайда
болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен ҿc yi Ресейдегi
капиталистiк қатынастардың дамуымен тығыз байланысты едi. Қалаларда
ҽскери адамдар, құрметтi азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары
тұрды. Қала халқының кҿпшiлiгi кедейленген шаруалар мен майда
кҽсiпорындардың жұмысшылары болатын.
Достарыңызбен бөлісу: