Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


 Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы кҥрес



Pdf көрінісі
бет75/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

3. Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы кҥрес. 
«Экстремизм» (extremus) - латын тілінен енген термин, сҿздік мҽні «соңғы, шеткі» деген 
мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша - бұл шектен шыққан 
кҿзқараспен жҽне іс-ҽрекетімен ерекшеленетін күрделі ҽлеуметтік феномен. Сонымен 
қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа 
шығаратын саяси қызмет түрі.
Діни экстремизм ұғымы - шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі 
қолданыстағы ұлттық заңнамалардың жҽне халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс 
шектен шығу дегенді білдіреді. Арнайы сҿздік бойынша «діни экстремизм – басқа 
діндерді ұстанушы адамдарға тҿзімсіздік танытып, соған сҽйкес қоғамға қарсы, кҿбінесе 
құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану ҽрекеттеріне шақыру». 
Діни экстремизм ұғымына Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 2 ақпанында 
қабылданған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңында мынадай сипат берген:
Экстремизм - жеке жҽне (немесе) заңды тұлғаның, жеке жҽне (немесе) заңды 
тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тҽртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың 
атынан iс-ҽрекеттер ұйымдастыруы жҽне (немесе) жасауы; 
жеке жҽне (немесе) заңды тұлғаның, жеке жҽне (немесе) заңды тұлғалар 
бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: 
дiни ҿшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе 
зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ 
азаматтардың қауiпсiздiгiне, ҿмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары 
мен бостандықтарына қатер тҿндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни 
экстремизмдi) кҿздейтiн iс-ҽрекет ұйымдастыруы жҽне (немесе) жасауы 


Жалпы экстремизм деген терминге қазіргі ҽлем ғалымдары мен сарапшылары түрлі 
мағыналар берген. Бірақ, ортақ бір шешімге келмеген. Бір анығы ол қоғамға, мемлекетке 
жҽне жалпы ҽлемге қауіп тҿндіретін құбылыс. Ал, соның ішіндегі діни экстремизм 
дегеніміз – дҽстүрлі дінді бұрмалап, жат «идеяны» белсенді насихаттау, зайырлы жүйеге 
қарсы ҽрекет ету. 
Экстремизмнің негізгі белгілері:
1) Мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни, бұл дегеніңіз елдегі 
азаматтардың саяси жҽне азаматтық құқықтарын кемсіту;
2) Елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны 
зорлық-зомбылық күшімен жоюға жҽне билікті заңсыз басып алуға ашық түрде 
насихаттайды;
3) Заңсыз қарулы жасақтар құрады;
4) Елде ҽлеуметтік, нҽсілдік, ұлттық, тіл жҽне діни алауыздықты қоздырады, 
сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;
5) Елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін 
орнатуға тырысады.
Діни экстремизмнің шығуының басты үш негізі бар. Біріншісі, діни сауатсыздық. 
Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты кҿрінісі болып табылады. 
Екіншісі, діни сауатсыздықтың кесірінен теріс пиғылды ағымдардың ҿкілдерінің сҿзіне 
еріп, надандықтан шыққан соқыр сенім – бұл қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыс. Ал, 
үшіншісі ҽлеуметтік мҽселелер. Айналысатын ісі жоқ, жұмыссыз жастардың болашаққа 
сенімсіз жағдайын пайдаланып экстремистік идеологияны саналарына сіңіреді.
Қазіргі таңда ҽлемдегі ең ҿзекті мҽселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі 
екендігі кҿпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, 
моралдық шығындар ҽкеліп, үрей тудыруда. Ҽсілі, терроризм қаупі XX ғасырдың 60-
жылдарынан бастап күшейе түсті. Ҽлемнің кҿптеген аймақтарында экстремистік топтар 
мен ұйымдар қанқұйлы терактілер жасау арқылы ҿз мақсаттарына қол жеткізгісі келді. 
Бүгінгі күні жаһанда 500-дей экстремистік ұйымдардың бар екені белгілі болып 
отыр.Соңғы жылдары біздің елімізде дін атын жамылған содырлық ҽрекеттер орын ала 
бастады. Республиканың батыс жҽне оңтүстік аймақтарында орын алған лаңкестік 
оқиғалардың мемлекет қауіпсіздігіне тҿнген қатер екендігі айтпаса да түсінікті. Мемлекет 
діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ең алдымен оның құқықтық негіздерін 
жетілдіруі қажет. Осы тұрғыда тҿмендегі мҽселелер ҿз шешімін табуы тиіс деп білеміз: 
Біріншіден, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралу жолдарына бҿгет қоюды 
құқықтық тұрғыда нығайту қажет. Ол үшін діни экстремистік ақпарат тарататын ғаламтор 
сайттары мен ҽлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттап, ҽдебиеттердің 
таратылмауының ұтымды жолын қарастыру керек. Осы себептен, күмҽнді діни 
ақпараттардың таралуының алдын алу үшін сараптама жүргізу уақытын мейлінше 
қысқарту қажет. 
Екіншіден, республикадағы соңғы тіркелген лаңкестік оқиғалардың орын алуының 
себептеріне үңілгенде терактіні ұйымдастырушы содырлардың діни ақпаратты бейресми 
орындардан алып, теріс діни түсініктермен қаруланғандығы мҽлім болды. Олай болса, 
лаңкестіктің алдын алу үшін экстремизмге шақыратын теріс діни уағыз-насихаттардың 
жолын кесу қажет. Мысалы, ислами діни уағыз-насихат мешіт мінберінде айтылып, басқа 
атаулы діни іс-шаралар (мҽуліт, ораза, құрбан айт, жаназа жҽне т.б. діни рҽсімдер) 
барысындағы уағыз-насихаттарарнайы рұқсаты бар имамдар тарапынан айтылғаны абзал. 
Үшіншіден, 
алғашқы 
дін 
еркіндігін 
жариялаған 
тоқсаныншы 
жылдары 
қазақстандықтардың шетелде діни білім алуына жол берілді. Алайда,шетелде діни білім 
алған базбір азаматтар елге оралған соң қазақтың дҽстүрлі діни танымына қайшы 


ұстанымдарды насихаттап, халықтың рухани тұтастығына жарықшақ түсіре бастады. 
Ҽсіресе, шетелдерде діни білім алуды қадағалауды күшейткен жҿн. 
Бүгінгі таңда, мемлекеттік құзырлы орындар діни білім алуға болатын шетелдік оқу 
орындарының тізімін бекітті. Шетелде ислами білімді Мысыр Араб Республикасындағы 
ҽл-Азһар университетінде, Түркия Республикасындағы Мармара, Анкара, Кайсери, Кония, 
Бурса университеттері мен Хасеки институтында, Ҿзбекстан Республикасындағы Ислам 
университеті, Татарстан Республикасындағы Ислам инситутында алуға болады. Ҽйтсе де, 
кейбір азаматтардың шетелге туристік мақсатта сапарға шығып, рұқсат етілмеген діни оқу 
орындарда білім алғаны белгілі болып отыр. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын 
алу үшін шетелде діни білім алу мҽселесін қадағалауды ҽлі де күшейте түсу керек. 
Қазақстанда қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге 
қарсы күрес кешенді түрде қолға алынуы тиіс. Ҽлбетте, оның діни, ҽлеуметтік, 
психологиялық, экономикалық аспектілерімен қатар құқықтық негіздемесін жетілдіру 
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабына айналып отыр. 
Әдебиеттер
 
1.Абдрахманов С. Тҽуелсіздік шежіресі.-Астана,»Елорда»,2001. 
2. Қазақстан Республикасының 10 жылдық шежіресі.// Бас редактор Ҽ.Нысанбаев// -
Алматы, «Қазақ энциклопедиясы»,2001. 
3. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. –Астана,2000. 
4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасы тарихы. –Алматы,2002. 
5. Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. –Алматы,2002. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет