2. Ҧлы даланың ҧлы есімдері Кҿпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны
белгілі. Кҿптеген халықтар ҿз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін
мақтан тұтады.
Мысалы, ҿткен дҽуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир,
Гете, Пушкин жҽне Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «ҿз
мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады ҽрі сол елдердің
халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала Ҽл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Ҽз-Тҽуке мен Абылай, Кенесары
мен Абай жҽне басқа да кҿптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге ҽкелді.
Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің
құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын
«Ҧлы даланың ҧлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.
Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі ҽдебиеттегі,
музыка мен театр саласындағы жҽне бейнелеу ҿнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар жҽне ел
билеген тұлғалар
бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.
Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар ҿнерінің креативті
ҽлеуетін де пайдаланудың мҽні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен
бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жҿн.
Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып,
«Ҧлы Дала тҧлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру жҽне
жандандыру қажет.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын
халықаралық кҿпбейінді ұжым құруға болады. Нҽтижесінде, біздің қаһармандарымыздың
ҿмірі мен қызметі жҿнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін
болады.