Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет10/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Шаруашылығы:
Қимақтар кҿшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Жылқы 
мен қой ҿсіруге баса назар аударылды. Олардың мыңдаған үйір-үйір жылқылары мен 
қора-қора қойлары Ертіс ҿзенінің арғы-бергі жағалауларында қаптап жайылып жүрген. 
Ибн Ҽл-Факих қимақтардың денелері ірі, қүйрықты қойларды ҿсіретіндігін хабарлайды. 


И. Маркворт қимақтардың қысқы жайылымы Орал мен Желі ҿзенінің бойы десе, ал жазда 
Ертіс бойын жағалай жайылатындығын жазған. 
Ҽл-Жакуптың жазуына қарағанда, қимақтар егін шаруашылығының ішінде ҽсіресе 
тары ҿсіруге үлкен кҿңіл болген. Сондықтан да олардан осы күнге дейін тары, тарышы 
деген үғымдар сақталған. Жалпы, қазақтарда Қазан тҿңкерісіне дейін тары ҿсіру кҽсібі 
басым болған. Қимақтар тасбұршақ, ақ, қара түсті жүзімдер жҽне күріш ҿсірген. Бидай 
(бұғдай, арпа), егін (экин) сияқты сҿздер қимақтардан бері белгілі. 
Мәдениеті:
Жазба деректер қимақтардың тұрақты мекендері мен қалалары туралы 
кҿптеген хабар береді. Мҽселен: Мехак Ибн Ҽл-Хусайн мен Ҽл-Марвази қимақтардың 
жеркепелерде тұратындығын жазса, ал атақты Ҽл-Идриси қимақтардың Қарантия, 
Дамури, Сараус, Банджар, Дахлан сияқты т.б. 30-дан астам қалаларының болғандығын, 
олардың ішінде 12 қаланы, хақанның астанасы мен Ертістің орта ағысына 
орналасқандығын хабарлайды. Қимақ қалаларының басым кҿпшілігі ҿзен-кҿлдердің 
жағасына, сауда жолының бойына, қазба байлығы мол жерлерге салынған. Бұл кезде сауда 
тек айырбас түрінде ғана болып қоймай, қолданыста ақша да болған. Ҽл-Идриси 
деректеріне қарағанда
,
Гаган қаласында жібектен киім тігетін шеберхана болған. Қалалар 
ағаш шеберлерінің, темір ұсталарының, зергерліктің орталығы болған. М. Қашғаридің 
жазуына қарағанда, қимақтар темір қорытатын жерді "Тамурлук" деп атаған. 
Қалалар қағанның саяси-ҽкімшілік орталығы болған. Қалаларда қағанның 
намангерлері, ҽскер басшылары, салық жинаушылары тұрған. Қалалардың құрылыс 
жүйелері бекініспен салынған. 
Қимақтар пұтқа табынған, сонымен бірге, ата-бабаның ҽруағына сиынып, оларды 
қастерлеген. Сондай-ақ, олар кҿкке, тҽңірге, күнге, отқа табынған. Бұлардың айғағы, 
обалардың жанынан кездесіп жүрген тас келіншектер мен адам бейнесіндегі тас 
мүсіндерден байқауға болады. 
Қорытындылай келгенде, қимақтардың діни наным-сенімдерінің кҿптеген кҽделері 
қазақ халқының ҿмірінде толығымен сақталған. 
Жазба деректерге қарағанда, ХI ғасырдың бірінші жартысынан бастап Орталық 
Азиядан батысқа қарай кейбір тайпалардың жылжи бастауы байқалады. Ал тайпалардың 
жылжуына басты себеп Х ғасырдың басында Шығыста, Қытайдың Солтүстігінде Кидан 
(Лео) немесе Қарақытай мемлекетінің пайда болуы. Олар ҿздерінің шекарасын батысқа 
қарай ұлғайта бастайды. Тайпалардың қоныс аударуы түралы орта ғасырлық араб-парсы, 
орыс, армян, венгер, сирия, византия деректерінің барлығында дерлік хабар бар. 
Солардың ішінде Ҽл-Марвизидің жазғаны біраз тиянақты жҽне кҿніл бҿлерліктей. Ол 
―Қытай жерінен ауып келген түркі тілдес тайпалардың ішінде бір топ Кундер бар, олар 
христиан нанымындағы адамдар. Ҿздерінің жайылымды жерлерінің тарлығынан ауып 
келген‖,-дейді.
Беруни жылжыған шығыс түрік тайпаларына қайлар, құндар, қырғыздар, қалмақтар, 
тоғыз-оғыздар, түркімендер, фарабтар жҽне хазарларды кіргізген.
Ҽл-Идриси қайлардың қимақтармен іргелес тұрғандығын жҽне тҽуелді болғандығын 
жазған. Қимақтар ҽлсірей бастаған кезде батысқа қарай бағыт алған. Ҿздерімен бірге 
жылжымай, Орталық Ертістегі кҿршілес қимақ тайпаларының бір бҿлігі қыпшақтарды да 
ала кеткен. 
Қыпшақтар Сырдарияның орталық жҽне тҿменгі ағысында Арал жағалауына 
орналасып, ондағы оғыздарды ығыстырған. Сҿйтіп, ХI ғасырдың алғашқы кезінен 
қыпшақтардың саяси беделі ҿсіп, қимақтар оларға тҽуелді бола бастаған. 
Алғашында Қыпшақ мемлекеті қимақ жерлерін ғана қамтыған болса, ХI ғасырдың 
соңында оның құрамына орыс жерлерінің оңтүстік далалы аудандарыда (Дон ҿзеніне 
дейін) кірген. Орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болған.


Қыпшақ сҿзі тұралы алғашқы мҽліметтер б.з.б. III-П ғасырларда Қытай жазба 
деректерінде кездеседі. Қыпшақтар Қазақстан аумағында алғашқы пайда болған кезі VII 
ғасыр. VII ғасырда Алтай жеріндегі теле тайпаларының батысқа (Қазақстанға) 
жылжығандығын, олардың ішінде "хэ-си-сик" (қыпшақ) тайпаларының болғандығын 
Қытай тюркологы Цянь Чжунь Мянь жазған. 
Х ғасырдан бастап шығысы Селенгі ҿзенінен, батысы Карпат тауына дейінгі 
аралықта ҿмір сүрген қьшшақ тайпалары ҽр түрлі аталып жүрді. Мұсылман авторлары 
оларды қыпшақтар деп, олар мекен еткен аймақты ―Дешті Қыпшақ‖ (Қыпшақ даласы)
деп атаған. Ал Батыс Европа деректерінде командар, орыс жылнамаларында 
половцылар деп аталған. Қыпшақ деген атау пайда болғанға дейін, олар ҽртүрлі 
деректерде книга, сары, хардиш, палоч, плавцы, куны т. б. деп те аталған. 
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық қүрамына
қимақтар, байандулар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары кірген. Ҽбу-л-Ғазиз Ыстыкҿл 
мен Талас жағалауына қоныстаған қаңлыларды да кіргізеді. 
Қыпшақ мемлекетінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасына кҿтерілген кезі -XI 
ғасыр. Бұл кезде олар Орта Азия елдерімен, Русьпен, Каба бойындағы булғарлармен,
Кавказ халықтарымен т.б. мемлекеттермен саяси жене экономикалық байланыстар 
жасап отырған. Қыпшақтардың саяси беделінің тез ҿрлеуіне Сырдария жҽне Арал 
бойында оғыз қағандарын талқандап, ол жерлерге ие болып алғаны үлкен ҽсер етті.
Сонымен қатар олар Оңтүстік орыс далаларын, Кавказ, Қырым жерлеріне иелік етіп, 
территориясын Донға дейін ұлғайтты.
Шаруашылығы: Қыпшақтардың шаруашылығында басты орын-мал осіру болды.
Ибн Баттутаның жазуына қарағанда, ―қыпшақтардың жер жағдайының малға қолайлы 
жҽне олардың жеріндегі мал жейтін шҿптің жұғымдылығының соншалықты пайдалы 
екендігін айта келіп, олар сондықтан да малдарына арпа сияқты жем бермейді, малдың 
кҿптігін айтып, мұндай жер ешбір елде жоқ шығар‖,- деп таңданады. Барлық жерде бірдей 
болмаса да, қыпшақтар ірі қара да ҿсірген. Оны Ибн Баттутаның ―қыпшақтар арбалардың 
ауыр, жеңілдігіне қарай ҿгіз бен түйе де жегеді‖,- деген хабары аңғартады. 
Қыпшақтардың ҿмірінде аса маңызды орын алған жылқы болды. Ол жазба 
деректерде хабарланса, археологиялық зерттеулерде де қымбат бағалы заттар бірге 
қойылған обалардан міндетті түрде тамаша жасалған ат - ҽбзелдер, аты бірге қойылған 
зираттар кездеседі. Қыпшақ жылқылары тҿзімділігі, жүріскерлігі, жорғалығының 
арқасында халықаралық сауда қатынасында ерекше бағаланған. 
Мал шаруашылығын айтқанда, қыпшақтардың қалай болса солай, ретсіз кҿшіп 
жүрмей, ҿздерінің жаз жайлау, қыс қыстауларына, ертеден қалыптасқан тұрақты ҿз 
жерлерінде кҿшіп жүргендерін ескерген жҿн. Деректер осы күнге дейін кейбір 
тарихшыларымыздың Қазақстанда мал ҿсірумен айналысқан тайпаларды ―олар қысы-
жазы тынымсыз қалай болса солай, шҿбі шүйгін, суы мол жер іздеп кҿшіп жерді‖-деген 
пікірлерінің дүрыс еместігін кҿрсетеді.
Қыпшақтарда үй-жай арба үстіне тігілетін жҽңе тез арада қүрастырылатын киіз үйлер
болған, қыстауларда жеркепелерде тұрған. ХII ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қыпшақтардың кейбір бҿліктері Сығанақ, Сауран, Жент, Құмкент сияқты қалаларда жҽне 
олардың аумағына, Сырдарияның бойында отырақшылана бастайды. Малсыз кедейлер 
егіншілікпен айналыса бастаған. Ҽсіресе, тарыны кҿп ҿсірген. Қыпшақтарда үй кҽсібі, 
қолҿнер жақсы дамыған. Малдан алынған заттардан қажетті бүйымдарды ҿздері жасаған. 
Қыпшақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары болған, зергерлік ҿнері де жақсы дамыған. 
* * * 
Х ғасырдың орта кезінде Жетісу территориясында жҽне Шығыс Түркістанның бір 
бҿлігінде феодалдық құрылымы біршама дамыған, ҿзінен бұрынғы мемлекеттік 


құрылымдардың кҿптеген ҽлеуметтік институттарын қабылдаған Қарахандықтар 
мемлекеті пайда болды.
Орталығы—алғашқыда Баласағұн қаласында болған.
Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезінің саяси тарихында 
қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мҽселен, Қарахан мемлекетінің негізін 
қалаушы – Сатұқ Бограхан (915-955) Қарлұқ қағаны Білге Қазар ханның немересі. 942 
жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, ҿзін жоғарғы қаған деп жариялады. Қарахан 
мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталады. Қарахан сҿзі Х ғасырдың аяғынан бастап, 
қарахандықтардың Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен мұсылман деректерінде 
пайда бола бастайды. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау Х-ХI ғасырларда тарихшылардың 
зерттеулерінде шартты түрде қабылданған. 
Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы шігіл(чигил), жағма(яғма), қарлұқ, оғыз, 
қаңлы сияқты т.б. түрік тілес тайпалардан тұрған. Шігіл жҽне жағма тайпалары негізгі 
роль атқарған. 
Жоғарғы ҿкімет билігі қағанның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. 
Үстем тап ҿкілдеріне тегіндер, ілек хандар, бектер, нҽменгерлер, нҿкерлер жатқан. Билік 
үлестігі жерлер арқылы жүрген. Үлестік жерлер ірі жҽне кіші болып бҿлінген. 
Ортағасырлық деректердегі ―мүлік ҽл-хақан‖, ―ҽл-и-афрасиаб‖, ―тамғалы‖, ―алып-таңға‖ 
атақтарына ие болғандар да мемлекеттік басқаруға қатысқан. Қағанның сарай маңындағы 
қызметкерлерінен құраған тұрақты ұйымы – талүқшылар болды. Кеңесші, кҿмекші 
уҽзірлері де болған. 
Қарахан мемлекетіндегі уҽзірлер қарлұқ қағанының ―кол еркіндеріне‖ ұқсас болған. 
М. Қашғаридың жазуына қарағанда, ―кол еркінің‖ мҽні кол-косір, шар-теңіз ақыл ой 
дегенді білдірген. Шындығында, қазақша уҽзір сҿзі—ақыл ойдың кені. 
Қағанның мемлекеттік саяси ҽкімшілік іс жүргізетін орны Орда деп аталған. Онда 
сарай қызметкерлері тұрған. Қағандар мемлекетке салық жиналатын жерлерді оздерінің 
туыстарына жҽне жақын адамдарына тартуға, сыйға берген. Мүндай тартулар парсы 
тілінде ―иқта‖, ал иеленушілер ―иқтадар‖ деп аталынса, арабша иеленушілер ―мүқта‖ деп 
те аталған. Иқтасы бар мүқта оны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жҽйт иқта 
мүқтаға заңды түрде берілмеген. Ал, берудің бірнеше жолы болған. Ол мүқтаның 
қоғамдағы орнына байланысты:
-егер мүқта қаған ҽулетінен болса, ірі жер үлестері берілген;
-бектерге орташа үлестік жерлер берілген; 
-кіші үлестік жерлер тҽуелді қызметкерлерге берілген. 
Қарахандардағы жер иеленудің жҽне бір түрі --ҽскери үлестік жерлер. Ол ҽскери 
қызмет үшін берілген. 
Сатұқ Боғрахан ҿлгеннен соң (955) билік оның баласы Мұсаға кҿшті, ол 960 жылы 
қағандықтың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Сойтіп, Қазақстандағы патриархал-
феодал мемлекеттердің ішіндегі мұсылман дінін ресми түрде алғаш қабылдаған Қарахан 
мемлекеті ( 960 ж.) болды. Сондықтан да Ислам дінінің ҿкілдеріне де вақфтық жерлер 
бҿлініп отырған. Ескеретін бір нҽрсе, бұл жерлерден салық алынбаған. Мұса билік 
құрған кезде мемлекет астанасы Қашқар қаласында болған.
Х ғасырдың 70-80 жылдарында Қарахандықтар мемлекеті Шығыс Түркістаннің 
барлық аймақтарын бағындырған еді. 990 жылы Саманилердің ҽлсіреуін пайдаланған 
Хасан(Харүн) Богра-хан Испиджабты басып алды. Екі жыл ҿткен соң Қарахандар 
Саманилердің астанасы Бұхараны алды. Алайда кҿп кешікпей Хасан Боғра-хан Бұхараны, 
сондай-ақ ҿзі алған Самарқандты тастап Жетісуға кетуге мҽжбүр болған.
Мауараннахрға жасалған сҽтсіз жорық Қарахандардың басқыншылдық желікпесін 
баса қоймады. 996 жылы Ҽли Арсланның баласы Насыр (Насыр ибн Ҽли) Саманилерге 


жаңа жорық жасады. 999 жылы Насыр ибн Ҽли Мауараннахрға бет алды. 1005 жылы 
Мауараннахр Қарахандар қолына түпкілікті кҿшті.
Сҿйтіп, ХI ғасырдың басында Жетісу, Шығыс Түркістан жҽне Мауараннахрды 
біріктірген ірі ҽскери феодалдық мемлекет қалыптасты. Бірақ бұл мемлекет ХI ғасырдың
30 жылдарында екі дербес мемлекетке: Шығыс Қарахан жҽне Батыс Қарахан 
мемлекеттеріне бҿлініп кетті. Шығыс Қарахан мемлекетінің астанасы Қашқар қаласында , 
ал Батыс Қараханның астанасы Бұхара қаласында болған. Қарахандар тұсында 
Қазақстанның оңтүстік-шығыс жҽне оңтүстік аудандары халқының негізгі кҽсібі 
экстенсивті кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі мал шаруашылығы болды. Жайылым 
жерлерге мұқтаж болған мал ҿсірұшілер тым шалғай жерлерге кҿшіп-қонып жүруге 
мҽжбүр болған. Ибн ал-Асир былай деп атап кҿрсетті: ―Жетісу түріктерінің кейбір 
топтары жаз Бұлғар(Волгада) ҿлкесін жайлап, қысты Баласағұн ҿлкесін қыстайды‖.
Мал шаруашылығында жылқы ҿсіру жетекші орын алды. Олар отар-отар қой ұстады, 
сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара мал ҿсірді. Сиыр малы негізінен жартылай отырықшы 
жҽне отырықшы мал ҿсірушілерде болды.
Аң аулау жартылай отырықшы жҽне жартылай кҿшпелі халық топтары үшін тіршілік 
ету кҿздерінің бірі болды. Құлан, киік, бұғы, архар мен қабан, қасқыр,түлкі, аю ауланды. 
Халықтың жоқ-жітік кедей топтарының шаруашылық тұрмысында, ҽсіресе Іле, Шу, Талас 
ҿңірлерінде, Сырдарияның орта бойында балық аулау айтарлықтай роль атқарды. 
ХI-ХII ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға кҿшіп, қала 
мҽдениетімен араласа бастады. Отырықшыланғандардың кҿпшілігі қала халқын 
толықтырды. 
Осы кезде Испиджаб пен Баласағұн аралығындағы ҿңірлерде, Махмуд Қашғаридың 
хабарлағанындай, ҽдетте қалаларда тұратын соғдылықтардың түріктену процесі күрт 
күшейді.
Отырықшылық дамыған аудандарда мардымсыз болса да, шаруалардың ҿз жерлері 
болған. Ал кҿшпелі аудандарда жерді қауым болып пайдаланған. Жері жоқ шаруаларды 
қанаудың түрі оларға үлестік жер беру, араб-парсы дерек-терінде үлескерлер (шаруалар)
―мұзарлар‖ немесе ―барзигар‖ деп аталған. Олар мемлекеттік немесе мүрагерлік жер 
иелерінен кейде вақфтық жерлерді үлеске алып, ҿңдеп, түскен ҿнімнің кҿбін жер иелеріне 
тҿлеп отырған. Қанаудың екінші түрі – коммендация. Оның мҽні үсақ жер иелері немесе 
орта шаруалардың отбасының азын- аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің талан- 
таражына түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғауына 
(патронатына) берілуі. Ол үшін ҿздерінің ―қорғаушыларына‖ тиісті алым-салық тҿлеген. 
Дҽл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болған.
Ҿндіргіш күштердің ҿсуіне, ҿндірістік тҽсілдердің дамуына байланысты 
коммендациялық қанау тұрі де ҿзгеріп отырған. Коммендацияны қабылдағандардың 
феодалға бағыну дҽрежесі кҿбіне олардың мүліктік жағдайына байланысты болды: 
-қайсы біреулері тек салық жарнасымен шектелді; 
-екінші біреулері жауынгерлер беріп тұрды; 
-үшіншілері феодалдың шаруасын қарады;
Кҿшпелі мал шаруашылығы аудандарына қарағанда егіншілік аудан-дарында 
феодалдық жер иелену неғұрлым дамыды да, олардағы егіншілікпен айналысатын 
халықтың тҽуелділік дҽрежесі күштірек болды.
Жоғарыда кҿрсетілген ҽлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің ҿзінен бұрынғы 
феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы екендігін корсетеді. Олай болса бұл кез (Х-
ХII ғғ.) Қазақстанның Оңтүстік жҽне Оңтүстік Шығыс аудандарында феодалдық 
қатынастардың қалыптасып болғандығына толық дҽлел. 
* * * 


Наймандар мен керейлер қазақ халқының құрамына ҿз аттарымен енген кҿрнекті 
тайпалар. VIII ғасырдың орта кезінде Ертістің жоғарғы ағысымен Орхон ҿзенінің 
аралығында Түркі тілдес сегіз-оғыз тайпалары ҿмір сүрген. Қидан жылнамасында 
бұларды жауынгер кҿшпелі тайпалар деп кҿрсетеді. Х ғасырдан бастап, сегіз-оғыздар 
Қидан мемлекетінің қол астына бағынған кезден бастап, олар ―найман‖ деген атпен 
белгілі болды. Найман сҿзі қидандардың сегіз тайпа деген сҿзінен қалыптасқан деген 
болжам бар. 
Наймандар бұйрық жҽне беткін деген үлкен 2 тайпадан құралған. Олар монгол 
тайпалары тарих сахнасына кҿтерілгенше, Орталық Азияда үстем болып түрған.
ХI ғасырдың екінші жартысындағы жаһанкездер жазбаларына қарағанда, беткін 
наймандар Алтай жерінде қаңлылармен кҿршілес тұрған, олармен туыстас болған . Ал 
Рашид-ад-дин олардаң Үлкен Алтайда, Емелде, Киелі Таласта, Кҿк Ертісте найман 
қаңлылармен қатар мекендегенін айтады. Наймандар Алтай жеріне ҿздерінен бұрын келіп 
мекендеген керей, меркіт тайпаларымен бірігеді. 
Алайда, бұл жерлерге Шыңғыс ханның қолы жететіндігін сезген найман ханы 
Күшлік 1206 жылы Жетісуға қарай жылжиды. Ал, бұл кезде Оңтүстік-шығыс 
Қазақстандағы қарақытайлардың саяси үстемдігі нашарлай бастаған кез еді. Қарлұқ жҽне 
қаңлы тайпалары ҿздерінің тҽуелсіздігін алу жолында қарақытайларға қарсы күрес 
жүргізіп жатқан. Қарақытай ханы Жетісу жерінде ҿз күшімен үстемдігін орната 
алмайтындығын сезіп, Күшлік ханнан кҿмек сұраған еді. Ол ҿзінің жауабында, Емел, 
Қойлық, Бесбалық қалаларына тарай қонған ҿз тайпаларынан күш жинап, кҿмек 
беретіндігін хабарлайды. 
Күшлік хан Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайын бірден түсініп, алғаш оған 
кҿмек беруге келіскенімен, келешекте ҿз үстемдігін орнатуды есінен шығарған жоқ. Ол 
тез арада күш жинай бастады. 
Қарақытайлықтар 1210 жылы Тараз түбінде Хорезмшахтан жеңіліске ұшыраса, 
одан соң Баласағұнда мүлдем сҽтсіздікке ұшырайды. Ҿзінің орта-лығы болған бұл қала 
тұрғындары Қарақытай билеушісін қалаға кіргізбеуге тырысқан. 
Күшлік хан Қарақытай ханының бұл сҽтсіздіктерін пайдаланып қалуға ҽрекет 
жасайды. 1211 жылы Қарақытай билеушісі Ү. Гурхан аңда жүрген жерінде түтқындалған. 
Оны биліктен бас тартқызады. Сҿйтіп, Күшлік хан Жетісудағы билікті ҿз қолына алады. 
Кҿп кешіктірмей Күшлік Оңтүстік Қазақстанда да билік жүргізген. Алайда, Күшлік хан 
христиан дінінің нестарион бағытында болғандықтан мұсылман дініндегі қалаларға қарсы 
ҽрекеттер жасай бастайды. Оның ҽрекеті іске аспайды. 1218 жылы шығыстан монғолдар 
басып кіреді. Олар бірден найман тайпаларын талқандап Күшлік ханды Бадақшамда қолға 
түсіріп, жазалады. 
Наймандар мен керейлердің қоғамдық құрылыстары ерте феодалдық қатынастардан 
тұрған. Тайпалық бірлестіктер ұлыстық басқарудан тұрды. Ұлыстардың ҿздеріне тҽн бір 
қасиеті, олардың құрамы тек қандас тайпалардан ғана құралмай, басқа да ру—тайпалар 
кірді. Ҽрбір ұлыс белгілі бір территорияны иеленген. Діни-наным сенім бойынша ―хан‖ 
кҿктен жаралған болып есептелген. Ұлысты билеушілердің меншігінде белгілі жайлауы, 
қыстаулары болған. Ҽрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша ҽскери жүйемен сарбаздар 
жасағын құрған. 
Ұлыстарды басқару, салық жинауды ―шерби‖ атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы 
іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мҿрі 
басылып бекітілген. 
Наймандар мен керейлер христиан дінінің нестарион бағытын ұстаған.
Найман, керей тайпаларының шаруашылықтары түркі тілдес тайпалармен бірдей, 
ұқсас болған. Ол негізінен кҿшпелі мал шаруашылығы. Жазба деректерге қарағанда, 
кҿшіп-қонудың 2 түрі болған. Оның бірі—тайпалық ірі-ірі кҿшу, ал екіншісі кіші-кіші 


рулық кҿшу болған тҽрізді. Бұлай кҿшіп-қонудың басты себебі—шамасы бұл кездегі 
жаугершіліктен сақтану болған сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет